Ата кәсіп – аңшылық

Қаңтар айының сенбісінде Иірдің ойындағы Айрақты тауының етегінде «Отпан» МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Ата кәсіп – аңшылық" атты құсбелік пен саятшылыққа арналған этнотанымдық шара өтті. Бұл шара 2013 жылдан бері оқушыларға арналып, танымдық этношара есебінде өткізіліп келген еді. Яғни бүркітті үй қоянына, ителгі мен қаршығаны кептерге түсіріп, шырға тартып дегендей. Биылғы шараның ерекшелігі – жалпы саятқұмар көпшілікке арналып, табиғат аясында шынайы жағдайда өткізілгендігі. Облыстың әр тарабынан жинаған саятқұмарлар Қаратау бауырындағы кішкентай ғана ауыл Тұщыбекте (енді аңшылар ауылы, бүркітшілер ауылы десе де болар) тоқайласты. Сол ауылдағы бүркітшілермен кеңесе келіп, Иірдің ойына, Айрақты тауына қарай бағыт алды. Заманында бұл өнерді кәсіп қылып қақпан құрған, ит жүгіртіп, құс салған аталарымыз Бәубек Айназар Тасқынбайұлы, Бабық Нұр Оңдағанұлы, Төлеп Жұмай Айтөлесұлы, Медет Нұрғали Көбегенұлы, Құдайберген Сәтиман Тінейұлы, Тастемір Сұлтангелді Жайлыұлы, Қыдырша Сүйін Мырзаұлы, Кедей Мұқан Тастықараұлы, Шоңай Алдаберген Ақшабаев, Құнанорыс Іздібай, Тоқсанбай секілді аңшылар осы саятшылық өнердің бізге дейін жетуіне зор еңбектері сіңген.

Кешегі кеңес заманында қағажу көріп, жойылып кетуге айналған киелі өнерді міне енді қазіргі жас ұрпақ қолға алып, дамытуда. Солардың бір шоғыры осы Тұщыбек ауылында тұрады. Шараны жүргізуші саятқұмарларды солармен таныстырып өтті. Олар: өлкемізге ғана емес республикамыздың көптеген жерінде қолтаңбасы қалған белгілі тамшы шебер, шеберлігімен қатар құсбегілік өнерді бала жасынан армандап өскен, енді сол арманын жүзеге асырып, саятшылық, құсбегілікті насихаттап, шәкірт ертіп, осы өнердің дамуына атсалысып келе жатқан азамат Мереке Өтеғалиев. Және сол Мерекенің соңына еріп, құс баулып, республикалық жарыстарға қатысып, кейбірі жүлделі орын алып та үлгерген Советов Өтежан, Есжанов Ертіс, Тайманов Айшуақ атты азаматтар.

Күні бойы көліктен түспейтін жастар мен күнұзын кеңседе компьютердің алдынан алыстамайтын ағайындар табиғат аясында тыныстап, бой жазып, сергіп қайтты. Дархан дала мен қыстың қатал табиғатын тамашалап, оған қоса ата-бабаларының киелі кәсібі, өрелі өнері құсбегілік пен саятшылықты көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей естен кетпес әсер алып қайтты. Яғни, саяхаттан қирап емес, қанаттанып, ширап қайтты. Аңшылар да олжалы оралды. Алпыс екі айлалы түлкі бикеш айласын асырып, уысқа түспегенмен саятшылардың қанжығалары қанданып, бірнеше «қалқанқұлақты» байлап қайтты. «Болашақта осы дәстүрді жалғастырса, балаларымызды үйірмеге бергендей үнемі қатыстырар едік» деп ризалықпен тілек білдіреді шараға атсалысқан ақтаулық блогер Берік Дауенов.

Шараны өткізудегі мақсат – жұртшылыққа ата кәсіп әрі бекзат өнер саятшылықты насихаттау, сонымен қатар қазіргі қазақтар заманауи түрлі қарулармен жабдықтанып, аңды қырып салмай, ата-бабамыздың салтымен кәсіп пен өнерді ұштастырып, Мәтжан би айтпақшы «көңіл қарын мен көже қарынның» қамын астастырып, бүгінді ғана емес ертеңді де ойлап әрекет жасаса деген ниет те бар. Шараға құмартып, аудандардан азаматтардың хабарласып жатқанына, тіпті «Лада» газеті мен сайтынан хабарландыруды оқып (көмегі үшін «Лада» газетіне, қызметкері Садырова Гүлмираға ерекше алғыс айтамыз) облыс орталығынан басқа ұлт өкілдерінің де келуіне қарағанда бағыт дұрыс сияқты.

Шараға тазылары мен төбетін ертіп, өз көліктерімен, отбасыларымен келген азаматтарға: Ерлан, Нұрлан және Ерсұлтан есімді ұлдарын ертіп келген қарақиялық Жарылғасов Ықылас, 2015-2016 жылдардағы батыс аймақтық жеңімпазы Сұңқар атты маңғыстаулық төбеттің иесі, ит сайысы бойынша халықаралық дәрежедегі төреші Байжанақов Әбунасыр сияқты этношараға келіп, белсене қатысқан ұлт өнеріне жанкүйер, саятқұмар  азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мұндай жанашыр азаматтар барда ұлт өнері ешқашан өшпейді!

Жомарт Айдарбек, «Отпан» МКҚК

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 09:37  Оқылған саны: 18552




16 маусым 2023

«Биіктік» шарасына 3 ауылдың тұрғындары мен әкімдері қатысты.
icon

15 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде облысымызда гитара аспабында ән айтып, өнер көрсетіп, көпшілікке танымал болып жүрген өнерпаздардың ауыл жастарына, ауыл тұрғындарына арналған «Биіктік» (қазақтың бард-әншісі, марқұм Табылды

Жәрияланған уақыты: 16:56  

12 маусым 2023

«Отпан» МКҚК Шайыр ауылы балаларына мереке жасады.
icon

6 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірге Шайыр ауылының балабақша тәрбиеленушілері мен ауыл бүлдіршіндеріне, мектеп жанынан ашылған лагерь оқушыларына мереке

Жәрияланған уақыты: 17:47  

29 мамыр 2023

Айылыңды тартайын, ел намысын артайын
icon

26 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері Тұщыбек негізгі орта мектебі оқушыларына "Айылыңды тартайын, ел намысын артайын" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты – адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан, жылқы

Жәрияланған уақыты: 17:06  

24 мамыр 2023

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде облыстың мәдениет пен өнер қызметкерлері тимбилдинг өткізді.
icon

21 мамыр Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыс мәдениет саласының қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті. Демалыс шараға облыстық мәдениет,

Жәрияланған уақыты: 17:53  

17 мамыр 2023

Отпан тауда музей мамандарының сайысы өтті.
icon

16 мамыр күні Халықаралық музей күні қарсаңында «Адай ата – Отпан тау» кешенінде «Есте жоқ ескі замандарда...» музей мамандары арасындағы облыстық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты облыстағы музейлердің жас мамандарының білімін ширатып, шеберлігін шыңдау

Жәрияланған уақыты: 17:45  

5 мамыр 2023

Ерлерді сағынғанда
icon

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушыларына Маңғыстаудың баһадұр батырлары Шабай Қонысұлына 255 жыл, Балуанияз Мүсірепұлына 205 жылдығына және жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлына ерлік

Жәрияланған уақыты: 17:21  

5 мамыр 2023

ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
icon

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы

Жәрияланған уақыты: 17:15  

14 наурыз 2023

Амал-2023
icon

Құрметті өлке тұрғындары! Қадірлі ата-аналар! Халықаралық деңгейде тойланғалы отырған "Амал-2023" мерекесі аясында 14 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Тұсауыңды кесейін - күрмеуіңді шешейін" атты этнографиялық шара өтеді. Шара

Жәрияланған уақыты: 11:58  

26 ақпан 2023

25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау"
icon

25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде, биылғы Амал мерекесін ұйымдастырушы Тобыш ата ұрпақтары сенбілік өткізді. Шараға 250-дей адам қатынасып, шарбақтар мен газ трубаларын сырлау және ғимараттардың іші-сыртын әрлеу

Жәрияланған уақыты: 12:00  

20 ақпан 2023

Мифологияға саяхат
icon

Бүгін Маңғыстау аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейде "Мифологияға саяхат" атты облыстық экскурсоводтар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: жас мамандарды патриоттық бағытта тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiруге, қазақтың салт-дәстүрiн танып бiлуге және

Жәрияланған уақыты: 11:55  

31 қаңтар 2023

Отпан тауда «Салбурын-2023» шарасы өтті.
icon

Үстіміздегі жылдың 28 қаңтары күні «Отпан» МКҚК мен облыстық құсбегілер федерациясы бірігіп «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.

Жәрияланған уақыты: 17:16  

23 желтоқсан 2022

Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері
icon

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де Жалау Мыңбаевтың 130 жылдығына арналған "Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. 

Жәрияланған уақыты: 17:11  

19 желтоқсан 2022

Тәуелсіздік - тұғырым
icon

Тәуелсіздік күні қарсаңында кешенде "Тәуелсіздік - тұғырым" атты тақырыптық экскурсия өткізіліп, оған Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқушыларға тәуелсіздіктің қазаққа қалай келгені, ол үшін әрісі Қазақ хандығының

Жәрияланған уақыты: 16:50  

14 желтоқсан 2022

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Алаш арыстары» көрмесі ашылды
icon

Желтоқсан айының 13 жұлдызы күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Алаш қозғалысының 105 жылдығы және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш арыстары» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.

Шараға ҚР мәдениет

Жәрияланған уақыты: 16:39  

10 қараша 2022

Данияр Аралбаевтың шығармашылық концерті
icon

Сәрсенбінің сәтінде Ұштаған ауылында осы ауылдың тумасы, "ҚР Мәдениет саласының үздігі", Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, сазгер және "Отпан" кәсіпорнының ардагері Данияр Аралбаевтың Ұштаған

Жәрияланған уақыты: 16:23  

22 қазан 2022

Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі
icon

"Адай ата- Отпан тау" кешенінде Республика күніне және кешеннің 15 жылдығына арналған "Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі" атты көпшілік шара өтті. Шараға кешен құрылысын салуға, насихаттауға атсалысқан азаматтар мен Есір Айшуақұлы атындағы және

Жәрияланған уақыты: 16:09  

1 қазан 2022

Оқушыларына арналған туристік саяхат
icon

Отпан таудағы Адай ата тарихи-мәдени кешенінде алуан түрлі іс-шаралар, кештер, кездесулер, экскурсиялар, лекциялар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жастарға, оқушыларға арналған арнайы шараларымызда жетерлік. Облыстың түкпір-түкпірінен кешенді көру

Жәрияланған уақыты: 16:04  

30 қыркүйек 2022

ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН

Қыркүйектің 29 жұлдызы күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде "Отпан" МКҚК және Шайыр селолық мәдениет үйі бірлескен "Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен" атты этнографиялық сазды шара өтті. Шарада екі жақтың өнерпаздары

Жәрияланған уақыты: 15:56  

28 тамыз 2022

Берекелі дастархан

Өткен аптаның сенбісі күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде "Берекелі дастархан" атты қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауға арналған шеберлік сабақ-шара болып өтті. Шараға өлкемізде туристік сапарда дем алып жүрген көрші республикалардан келген қонақтар

Жәрияланған уақыты: 15:52  

2 шілде 2022

Қазағымның үнісің сен, домбыра
icon

Ұлттық домбыра күні қарсаңында "Отпан"МКҚК "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлері Тұщыбек ауылында

Жәрияланған уақыты: 15:38  

16 маусым 2022

Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына іс-сапар
icon

Маңғыстау облысындағы «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешені «Отпан» МКҚК қызметкерлері "Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болып, ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени

Жәрияланған уақыты: 15:23  

3 маусым 2022

Бала шақтан-болашакка
icon

"Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірлесе отырып халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Тұщыбек ауылының балдырғандарына арнап "Бала шақтан -болашаққа" атты шара ұйымдастырды. Шара аясында

Жәрияланған уақыты: 12:39  

14 мамыр 2022

Ескі сүрлеулермен

14-15 сәуір күні кешен қызметкері Құралай Ізімбергенованың ұйымдастыруымен өткізілген "Ескі сүрлеулермен" атты туған өлкені тануға арналған танымдық шараға Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушылары қатысты. Оқушыларға өлке тарихына

Жәрияланған уақыты: 11:25  

10 мамыр 2022

Ай астында -Алтыбақан
icon

Маусым айының соңғы күні таулы аймақта орналасқан "Адай ата-Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде дәстүрлі этнографиялық "Ай астында -Алтыбақан" атты іс-шара ұйымдастырылды. Тарихтан тамыр

Жәрияланған уақыты: 12:46