Отпанда отан қорғаушыларды шығарып салды

22 қараша күні Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізіліп отырған «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде әскер қатарына аттанушы жастарды «Отан қорғау – азаматтық парызың» атты патриоттық шара болып өтті. Шараға Маңғыстау ауданының әскер қатарына шақырылған 10 жігіті, Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері, республика Қарулы  күштерінің ардагері, ауыл ақсақалдары, «Отпан» ауылдық округінің әкімі, «Отпан» МКҚК қызметкерлері қатысты.

Шара ҚР Әнұранын айтумен басталды. «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Мусаев Нұрлан, Маңғыстау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісім шарт бойынша қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы Шегебаев Нұркелді Саматұлы, «Отпан» ауылдық округінің әкімі Орынғали Күзембаев шараға қатысушыларға шараға атсалысқандары үшін рахмет айтып, Отан қорғау әрбір ер азаматтың парызы екенін айта келіп, әскер қатарына шақырылған жастарға ақ жол тіледі. Олардан кейін сөз алған ҚР Қарулы күштерінің ардагері, запастағы майор Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы қазір әскердегі көптеген проблемалар шешіліп, тәртіп бұзушылық жоққа тән екенін, сондықтан әскер қатарына уайымсыз аттануға болатынын айтып өтіп, әскери қызметтің көптеген тиімді жақтарын айта келіп, әскерге барып келген жастарды әскери қызметке шақырды.  Ал әскер қатарынан жақында оралған сарбаз Досымов Мағжан Қарулы күштер ардагерінің айтқаны рас екенін, әскерде темірдей тәртіп екенін айта келіп, өзінің де әскери қызметкер болу ойы бар екенін айтты.

Дәстүр бойынша әскер қатарына аттанып бара жатқан ұландарға «Ата жұрт аманатын» тапсыру құрметі кәсіпорын ардагері Данияр Аралбаевқа берілді.

«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» дейді халық. Тұщыбек ауылының ақсақалы, еңбек ардагері Берекет Төлепбергенов әскер қатарына аттанып бара жатқан жас ұландарға аталық ақ батасын берді.

Содан соң шараға қатысушылар «Рухани жаңғыру» аясында өткізіліп жатқан шаралардың бірі, Маңғыстауға алғаш елді бастап келген баһадұрлардың бірі, аты аңызға айналған Есенғұлұлы Есек батырға арналған Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары дайындаған «Ел қорғаған Есек мерген» атты этнографиялық  қойылымды тамашалады. Мектеп ұстазы Ерманова Фаризаның жетекшілігімен оқушылар Айдын Дінасылұлы, Мекен Қаниев, Нұран Ерасыл, Бектұрған Бекзат, Жанғали Ерасыл, Талғатов Берекет және Батырғожа Азамат өздеріне жүктелген рөлдерді шынайы орындап шығып, көрермендердің зор қошаметіне ие болды.

Жомарт Айдарбек,  «Отпан» МКҚК

 

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 15:19  Оқылған саны: 6394




30 тамыз 2024

"Биіктік" - Ақтауда!
icon

29 тамыз күні  ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтау қаласы теңіз жағасында айлы кеште "Отпан" кәсіпорнының ұйымдастыруымен кешен ардагері, ҚР мәдениет саласының үздігі, сазгер-ақын Данияр Аралбаевтың 75 жасына орай гитарада ән

Жәрияланған уақыты: 10:10  

26 маусым 2024

«Шұбат мерекесі»
icon

26 маусым күні Тұщыбек ауылында "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы, Тұщыбек туберкулезды 

Жәрияланған уақыты: 06:51  

20 маусым 2024

АЙ АСТЫНДА — АЛТЫБАҚАН.
icon

20 маусым күні өткен жылғы жасалған екі жақты меморандум негізінде кешенге тәжірибе алмасу мақсатында келген Қызылорда облыстық "Қорқыт ата" мемориалды музейі мен Шымкент қаласы "Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып" орталығы қызметкерлерінің және

Жәрияланған уақыты: 06:25  

10 маусым 2024

«КӨКМОЙНАҚ» командасына құрмет көрсетілді
icon

8 маусым күні "Адай ата- Отпан тау" кешені және "Ұлы дала жорығы" РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен облыстың жаңа әкімі Н.И.Қилыбай мен биылғы "Ұлы дала жорығы" марафонында жүлделі 2-орын алған "Көкмойнақ" командасы

Жәрияланған уақыты: 17:21  

3 маусым 2024

Таушықта "Бала шақтан — болашаққа" шарасы қызықты өтті
icon

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Адай ата- Отпан тау" кешені мен Таушық ауылы мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп Таушық ауылы балаларына арнап дәстүрлі "Бала шақтан — болашаққа" шарасын өткізді. Шара барысында түрлі

Жәрияланған уақыты: 17:07  

23 мамыр 2024

Отпан тауда ауа-райын болжаушы, есепшімен кездеу өтті
icon

22 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені Қарашаңырақ ғимаратында "Жаңа айдан - жақсылық" атты ауа-райының есепшісі, шежіре жинақтаушы, кәсіпкер Әнес Сегізбай ағамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жыңғылды ауылының Есір

Жәрияланған уақыты: 09:03  

20 мамыр 2024

Ұлт өнерiн ұлықтаған ұтады
icon

17 мамыр «Сән үлгісі – көркем мінез» деп аталатын ұлттық киім үлгілерінің шеруіне арналған шара «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, қазіргі күнде дәстүрлі шараға айналды. Биыл да сол үрдістен айнымай

Жәрияланған уақыты: 11:14  

17 мамыр 2024

«Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс музейлерінің экскурсия жүргізушілері арасында облыстық сайыс өткізілді
icon

15 мамыр күні Бейнеу кентінде Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына орай «Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс

Жәрияланған уақыты: 11:13  

6 мамыр 2024

Асыл ағаның аты аталып, ескерткіш тақта қойылды
icon

4 мамыр күні “Адай ата -Отпан тау” тарихи-мәдени кешені құрылысының бастамашы, демеушілердің бірі Қазақстанның құрметті энергетигі, “Қарашаңырақ” ғимараты құрылысының негізін салушылардың бірі, Ақтау қаласының құрметті азаматы Майлыбай

Жәрияланған уақыты: 17:48  

4 мамыр 2024

Отан үшін от кешкендер
icon

3 мамырда "Адай ата - Отпан тау" кешенінде маңғыстаулық майдангерлер Еділханұлы Бекқожаға 110 жыл, Рзаханұлы Биқасқа 100 жыл толуына орай кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отан үшін от кешкендер" атты ардагерлердің ұрпақтарымен кездесу-шара

Жәрияланған уақыты: 17:21  

20 сәуір 2024

Кешен қызметкерлері форумға қатысты
icon

18 сәуір Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Маңғыстау артефактілері тарихи деректерде" атты форум болып өтті. Форумда "Отпан" МКҚК директорының орынбасары

Жәрияланған уақыты: 19:18  

11 сәуір 2024

Кешенде мажарлық қазақ ғалымымен кездесу өтті.
icon

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы

Жәрияланған уақыты: 18:07  

11 сәуір 2024

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде мажарлық ғалыммен кездесу өтті
icon

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы Мандоки арнайы ат басын бұрып келді.

Жәрияланған уақыты: 17:17  

13 наурыз 2024

13-14 наурыз күндері "Адай ата-Отпан тау" кешенінде Амал мерекесі халықаралық деңгейде дүрілдеп өтті.
icon

Мерекеге көрші Иран, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден өкілдер келді. Жыңғылды ауылы маңындағы атшабар алаңда ошақ бәйге, аламан бәйге өткізіліп, еліміздің әр жерінен жүйріктер қатысып, бәйге тартысты өтті. Бас жүлде -

Жәрияланған уақыты: 12:33  

7 наурыз 2024

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Аналар күні аталып өтті.
icon

Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елдің қамын ойлаған – ер мінезді арулар» атты кездесу кеші өтті. Аналар күніне арналған биылғы шараның мақсаты ауылдық әкімшілікте қызмет

Жәрияланған уақыты: 12:44  

9 ақпан 2024

"Жастықты жалмаған соғыс". Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толды
icon

1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес үкіметі басшыларының шешімімен ауған жеріне кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы кіргізілді. Сол әскердің қатарында Қазақстан азаматтары да болды. Иә, ол кезде қазақ елі Кеңестік Социалистік Республикалар

Жәрияланған уақыты: 11:20  

15 қараша 2023

КИЕЛІ КЕСЕНЕЛЕР МЕН КЕШЕНДЕРГЕ САЯХАТ
icon

5 – 11 қараша күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешен директоры Ж.Кетеева, қызметкерлері Ж.Айдарбек, Р.Қаржаубаева Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен салт-дәстүр орталығына, асиетті Қазығұрт маңайында бой

Жәрияланған уақыты: 09:29  

1 қараша 2023

Отпантауда «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» дәстүрлі шарасы өтті
icon

31 қазан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Адайдың жеті қайқысы» аталып кеткен Қаржау Тұрсын Алдашұлы, Медет Жылкелді Теңізбайұлы, Жаңай Өскінбай Қалмамбетұлы, Мая Досат Бәймембетұлы, Жаманадай Тастемір Боранқұлұлы, Кенже

Жәрияланған уақыты: 17:24  

23 қазан 2023

"Тәуелсіз елдің ұланымыз"
icon

23 қазан күні кешенде Республика күніне арналған "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты патриоттық шара өтті. Шараға Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы мектептің және С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шараның

Жәрияланған уақыты: 12:03  

13 қыркүйек 2023

Заң қызметкерлері Ата заң күні кешенге арнайы келіп, экскурсия жасады.
icon

30 тамыз күні ҚР Конституциясы күніне орай Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің бір топ қызметкерлері "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне арнайы келіп, "Ақсарай" мұражайын аралап, танысты. Кешен қызметкерлері З.Еңсегенова, Д.Сырым және

Жәрияланған уақыты: 15:13  

12 шілде 2023

«Көк мойнақтың дүбірі»
icon

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде кейінгіге өнеге қылып айтуға тұрарлық жиын болды. Әуелі сөз алған ел азаматтары Көбесов Махамбет пен Қалдаманов Есенбай жақында Абай облысында болған 140 шақырымдық бәйгеде 2-орын алған Көкмойнақ тұлпардың

Жәрияланған уақыты: 09:33  

10 шілде 2023

«Отпантаудан — Ұлытауға» !
icon

10 шілде күні Бүгін "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде «Отпантаудан – Ұлытауға» атты аймақтың суретшілер экспедициясын сапарға аттандыруға орай жоспардан тыс шара болып өтті. Шараны "Отпан" МКҚК қызметкерлері, Маңғыстау

Жәрияланған уақыты: 09:49  

6 шілде 2023

«Астана қаласына — 25 жыл».
icon

6 шілде күні Астана қаласының 25 жылдығына орай Ақтау қаласында теңіз жағасындағы амфитеатр алаңында «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы — Отпан» жылжымалы көрмесі орналастырылып, кешен қызметкерлері Ж.Айдарбек пен Р.Қаржаубаева қала

Жәрияланған уақыты: 09:51  

30 маусым 2023

"БЕРЕКЕЛІ ДАСТАРХАН" шеберлік шарасы келушілердің алғысына бөленді.
icon

30 маусым күні "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Тұщыбек ауылының қолы епті келіндері Тажимуратова Амангул, Сагинова Балшырын мен кешен қызметкерлерінен құралған қолы епті, аспаздардың қатысуымен ұлтымыздың дәмді де нәрлі

Жәрияланған уақыты: 12:38