"ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН..."
Қыркүйектің 29 жұлдызы күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде "Отпан" МКҚК және Шайыр селолық мәдениет үйі бірлескен "Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен" атты этнографиялық сазды шара өтті. Шарада екі жақтың өнерпаздары Адайдың жеті қайқысының бейнелерін сомдап, әндерін орындады. Абыл ақын мен Балдай қыздың айтысы мен Қашаған ақынның Есқали сұпыға айтқан атақты сөздерінің желісі бойынша көріністер көрсетілді. Шайырлық ақындар Жаңабай Қалмағанбетов, Ерекен Қорабаев, Аманжол Серікұлы сияқты белгілі ақындар отты жырларымен Отпанды жырға орады. "Отпан" МКҚК қызметкерлері Рахмет Тұрар әуелетіп ән салса, Мұратбек Кәдірбаев Адайдың жауһар жырларынан шашу шашты. Шара соңында шараға арнайы шақырылған қонақтар мен "Жеті қайқы", "Бес жүйріктің" ұрпақтарына сөз беріліп, оларға "Отпан" МКҚК директоры Жадыра Жақсылыққызы алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыстады.
30 қыркүйек 2022
"ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН..."
28 тамыз 2022
"Берекелі дастархан"
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
Соңғы хабарлар
20 қыркүйек 2025
Отпан тауға Адайдың жеті қайқысы ұрпақтары мен туыстары келді.
11 қыркүйек 2025
Табылдының рухты жырлары Отпан тауда қалықтады
17 тамыз 2025
Теңге ауылы өнерпаздарының қатысуымен «Ай астында – алтыбақан» шарасы өтті.

__00eb2fbc886c981f750c219a6a465f6c.jpeg)







__c39f91bc39cbfadd53c136b90eb3d4cc.jpeg)
































