Салбурын
3 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.
Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты, соған қатысты өнерпаздықты халық арасында насихаттау, оған жастар мен студенттердің, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шараны жалпы жұртшылық қатысатын ұлттық мерекеге айналдыру.
Шараға Тұщыбек ауылы мен облыстың құсбегілері, құсбегілік пен саятшылыққа қызығушылар, блогерлер, журналистер, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Бектілеу Әділбек, облыстық ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы Борбасов Қайрат пен орынбасары Сарқұл Аманкелді, Түпқараған аудандық ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы Бөлтеков Әлекен, биолог, тәуелсіз эколог, «Табиғи орта» ассоциациясының өкілі Қозыбақ Әділбек және Тұщыбек ауылдарының тұрғындары қатысты.
Шара барысында шараны ұйымдастырушы Жомарт Айдарбек салбурын атауы, шараның тарихы, мақсатына тоқталып өтті. Құсбегілер Есжанов Ертіс, Тайманов Айшуақ пен шәкірттері қыран құстардың түрлері, олардың жастарына қарай атаулары, асырауы, баптауы т.б. туралы көрермендерге түсіндіре келіп, қыран құстарды (3 бүркіт, 2 ителгі, 2 қаршыға) қолға шақырып қондыру, шырғаға, аңға (қоян, кептер) түсу машықтарын көрсетіп, бабы мен шеберліктерін шараға келген әлеумет алдында паш етті. Биылғы шараға бейнеулік бүркітші Кемелханов Жаңабай бүркітімен келіп қатысты. Шараға арнайы келген өлкеміздің өрен өнерпаздары Әбубәкір Нұрниязов мен Өсиет Ақниязов көпшіліктің көңілін көтеріп, ән-жырмен шашу шашса, балалар жазушысы, сазгер, ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ерекен Қорабаев ағамыз жаз құсбегілерге аталық батасын беріп, ақ жол тіледі.
10 сәуір 2024
«Ескі сүрлеулермен» дәстүрлі шарасы өтті
5 қыркүйек 2023
Жалпықазақстандық ашық диктант
17 мамыр 2023
Отпан тауда музей мамандарының сайысы өтті.
5 мамыр 2023
Ерлерді сағынғанда
5 мамыр 2023
ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
19 желтоқсан 2022
"Тәуелсіздік - тұғырым"
10 қараша 2022
Данияр Аралбаевтың шығармашылық концерті
22 қазан 2022
"Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі"
1 қазан 2022
Оқушыларына арналған туристік саяхат
30 қыркүйек 2022
"ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН..."
28 тамыз 2022
"Берекелі дастархан"
2 шілде 2022
Қазағымның үнісің сен, домбыра
3 маусым 2022
Бала шақтан-болашакка
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
10 мамыр 2022
Ай астында -Алтыбақан
5 мамыр 2022
Ж.Қалдықараевқа 100 жыл
4 мамыр 2022
Жігіттің сұлтаны-2022
4 мамыр 2022
Сән үлгісі - көркем мінез
27 сәуір 2022
ҚЫСҚЫ ОТПАН КӨРІНІСТЕРІ.
10 сәуір 2022
Айылыңды тартайын, ел намысын артайын
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.