Шырайлы шақтың шуақты мерекесі

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Шырайлы шақтың – шуақты мерекесі" атты Маңғыстау ауданы мектептерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдерімен кездесу-шара және шеберлік сағаты болып өтті.

Шараға Маңғыстау ауданы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері: Б. Жұмалиев атындағы мектептің мұғалімі Тумышева Гүлзия, М.Атымов атындағы мектептің мұғалімі Төреева Жарас, С.Нұрниязұлы атындағы мектептің мұғалімі Ақиқатова Анар, Заузанбай Толғанай, Шайыр орта мектебінің мұғалімі Нұралиева Шынар шәкірттерімен қатысты.

Шараның мақсаты: Жастарды еңбекке қызықтыру, үйрету, дағдыландыру. Қабілетіне қарай белгілі мамандыққа икемдеу, еңбек арқылы адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Жүргізуші кешен қызметкері Маржан Нарешова шараға қатысушы мұғалімдерді кезегімен таныстырып өтіп, өздеріне сөз берді. Пән мұғалімдері өздерінің мұғалімдік өмірі жайында, осы мамандықты таңдауға қалай келгендігі туралы, көркем еңбек пәнінің қызықтары мен қиындықтары туралы және шәкірттері туралы әңгімелеп берді. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қолда бар материалдармен түрлі бұйымдар жасаудан шеберлік сабағын өткізді. Мерекеге орай ұстаздарға кәсіпорын тарапынан ескерткіш сыйлықтар ұсынылып, өнерпаздар ән-күйден тарту тартты. Шара соңы экскурсияға жалғасып, қатысушылар кешеннің көрнекті жерлерінде естелікке суретке түсумен аяқталды. 

Жәрияланған күні: 0 Оқылған саны: 57




12