ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы ҚХА төрағасының орынбасары, «Достлуг» Әзербайжан этно- мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахвердиоглы, МО «Самур» Ақтау лезгин этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Селимов Гаджимагомед Назаралиевич, МО «Белорусь этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Гусеинова Галина Александровна, МО «Русское землячество» этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Козева Ольга Анатольевна сөйлеп, шараға қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтап, әкелген ұлттық тағамдарын ұсынды. Солармен бірге «Видергебурт» неміс этно-мәдени бірлестігінің өнерпазы Сергей Линк «Мой Казахстан», Маңғыстау облысының «Уйгуры Ақтау» этно-мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Асматова Айтунам Адилжанқызы «Вападар», «Русское землячество» этномәдени бірлестігінің өнерпазы, шебер орындаушы номинациясының, "Дауыс 40+" конкурсының финалисі Погорелова Галина Николаевна «Дастархан» әндерін орындады. Қонақтарға арнап Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушылары ән мен биден өнерлерін көрсетті, оларға кәсіпорын атынан "Адай ата" кітабы сыйға тартылды. 

Жәрияланған күні: 5 мамыр 2023Оқылған саны: 81




12