Ай астында -Алтыбақан
Маусым айының соңғы күні таулы аймақта орналасқан "Адай ата-Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде дәстүрлі этнографиялық "Ай астында -Алтыбақан" атты іс-шара ұйымдастырылды. Тарихтан тамыр тартатын, ежелден қазақ жастарының негізгі ойын -сауығы болып саналатын "Алтыбақан" қазіргі таңда "Адай ата - Отпан тау тарихи - мәдени кешенінің жыл сайын өткізетін үрдісті мерекесіне айналды. Бұл шараны биыл Отпан тауда Қарақия ауданы Сенек ауылдық мәдениет үйі ұйымдастырып, көптеген көрерменнің көзайымына айналды. Іс-шара аясында мәдениет үйінің ұжымы екі көрме ұйымдастырды: өлкенің тұмса табиғатына арналған фотокөрме және Қарақия ауданы қолөнер шеберлерінің туындыларынан тұратын декоративтік көрме. Келер жылы эстафетаны Бейнеу ауданының мәдениет үйі жалғастырмақ.
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті

22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды