Данияр Аралбаевтың шығармашылық концерті
Сәрсенбінің сәтінде Ұштаған ауылында осы ауылдың тумасы, "ҚР Мәдениет саласының үздігі", Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, сазгер және "Отпан" кәсіпорнының ардагері Данияр Аралбаевтың Ұштаған ауылының 90 жылдығына арналған "Туған жерге тағзым" атты шығармашылық концерті болып өтті. Концертке өлкемізге және республикаға белгілі бір топ әншілер қатысты. Атап айтар болсақ, "Аймақтар аламаны" жобасының 2-орын иегері Асылбек Құрманов, ҚР мәдениет саласының үздігі Асқар Көшеров, ҚР мәдениет қайраткері Нұрияш Оспанова, 2009 жылы "Тамаша" ойын-сауық бағдарламасында Д.Аралбаевтың "Қаракөз" әнін алғаш орындаған Бекслан Аязбаев, "Жас қанат" жастар конкурсының лауреаты Аида Байгелова, облыстық филармонияның жас әншілері Серіжан Масжанов, Жасұлан Жанұзақов, өзендік өнерпаздар Аманқос Әбілханов пен "Керуен" тобы Данияр Аралбайұлының елге танымал әндерін орындап, жиналған көпшіліктің әдемі әнге деген құмарын бір қандырды. ҚР мәдениет қайраткері, атақты әнші Жоламан Көшкінов концертті жүргізе келіп, кеш шымылдығын Е.Хасанғалиевтің әйгілі "Атамекен" әнімен жапты. Сонымен қатар Данияр Аралбайұлын бүгінгі туған ауылының мерейтойына арнаған шығармашылық концертіне алғысын айта отырып ҚР еңбегі сіңген қайраткер, ақын Сабыр Адай, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Махмутов, "Қамысбай ата" қоғамдық қорының төрағасы Серік Баймағамбетов, Ұштаған ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Өтебаев, сыныптастары атынан Арыстанбай Рабиев пен Бибатпа Бесбаева, ауыл әкімі Махамбет Бекмурзин және "Отпан" МКҚК директоры Жадыра Кетеева шығып құттықтап, кеш иесіне арнаған сыйлықтары мен тартуларын тапсырды. "Адай ата -Отпан тау" тарихи-мәдени кешені ұжымы Данияр Аралбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Өнері өміріне өрнек болған" атты көрмені ауыл тұрғындары мен кеш қонақтарына көрмеледі.
14 наурыз 2022
Амал мерекесі атап өтілді.
3 наурыз 2022
Шырайлы шақтың шуақты мерекесі
24 ақпан 2022
Маңғыстаудың мұзбалағы
24 ақпан 2022
Облыстық экскурсоводтар конкурсы.
3 ақпан 2022
Салбурын
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті
2 маусым 2017
«Бала шақтан – болашаққа»
12 мамыр 2017
Сисем атаға саяхат
22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.