Өнер мен білімді серік еткен ұстаздар.
30 қаңтар күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи мәдени-кешенінде өлкеміздің танымал тұлғаларын насихаттауға арналған «Өлке мақтаныштары» атты тағылымды кездесу өтті.
Шара қонақтары: Математик ғалым 5-6 сыныптарға арналған «Математика» оқулығын жазған Ванов Қуантқан, балаларға арналған «Томпи» әуесқой қуыршақ театрының авторы, жетекшісі Аманжолова Бақтыгүл, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, үздік суретші, мүсінші, ұстаз Есенов Мейіржан қатысып, өзінің еңбек жолдарын, өмір баянын өнер мен ғылымға қалай қызыққандарын оқушыларға қызықты етіп әңгімелеп берді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, қонақтарға түрлі сұрақтар қойды. Сондай ақ, Бақтыгүл ұстаз дайындаған Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешені оқушыларының қатысуымен қуыршақ театры қойылым қойып, көрермендерге ерекше әсер мен қуаныш сыйлады.
Шара соңында кәсіпорын директоры Ж.Кетеева шараны ұйымдастырушылар мен қатысушы қонақтарға алғысын білдірді. Осындай тағылымды да әсерлі кездесулер өскелең ұрпаққа шығармашылық шабыт беріп, алға ұмтылдырады.
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті

22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
01 сәуір 2026
Отпан тауда Амал мерекесі дүрілдеп өтті.
10 наурыз 2026
"Өмірдің нәрі, әлемнің бәрі"
12 ақпан 2026
Отпан QUIZ ойын-шарасы ұйымдастырылды




























__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















