Отан үшін от кешкен майдангерлер.
3 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешенінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангер жерлестеріміз Шалабаев Әбдірахман және ағайынды Ізтұрған мен Байтұрған Меңдіқұловтарға арналған "Отан үшін от кешкендер" атты дәстүрлі шара болып өтті. Шараға марқұм болған майдангерлердің ұрпақтары: ұл-қыздары, немерелері мен жиендері қатысты.
Шараны кешен қызметкерлері Гүлбану Шораева мен Талант Тайман жүргізді. Кездесу-шара барысында Таушық мәдениет үйі мен кешен қызметкерлерінің сахналауымен кешен қызметкері Н.Түркпенбаеваның "Қаралы жылдар қасіреті" атты драмалық қойылымынан үзінді көрсетілді. Майдангерлердің ұрпақтары әкелері туралы естеліктерін айтса, немерелері мен жиендерінің бірі аталары шығарған өлеңдерді оқыса, бірі аталарына арнап жазған жүрекжарды шығармаларын көпшілік алдында паш етті. Енді бірі сахнада мың бұрала билесе, бірі тақпақ оқыды. Майдангерлердің ұрпақтары шараны ұйымдастырушы кешен қызметкері Маржан Нарешеваға мен кәсіпорын директоры Ж.Кетееваға ризалықтарын білдіріп сый жасаса, оларға ел үшін, жер үшін қан төккен аталарды еске алып, дәріптеуде белсенділік танытқандары үшін кәсіпорын басшылығы атынан алғыс хат табысталды.
Шара соңынан майдангерлерге арнап ұрпақтарының ұйымдастыруымен және кешен қызметкерлерінің атсалысуымен ас берілді.
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті

22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
01 сәуір 2026
Отпан тауда Амал мерекесі дүрілдеп өтті.
10 наурыз 2026
"Өмірдің нәрі, әлемнің бәрі"
12 ақпан 2026
Отпан QUIZ ойын-шарасы ұйымдастырылды


































__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















