Отпан тауда музей мамандарының сайысы өтті.
16 мамыр күні Халықаралық музей күні қарсаңында «Адай ата – Отпан тау» кешенінде «Есте жоқ ескі замандарда...» музей мамандары арасындағы облыстық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты облыстағы музейлердің жас мамандарының білімін ширатып, шеберлігін шыңдау еді.
Сайысқа облыстағы мұражайлардан 7 музей маманы қатысты.
- Түгелбай Нұрбек – Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері
- Исламғазиева Хадиша – МОТӨМ Түпқараған аудандық филиалының музей қызметкері;
- Қуандықов Әсет – МОТӨМ Жаңаөзен қалалық филиалының қызметкері
- Амантай Іңкәр – МОТӨМ Маңғыстау аудандық филиалының қызметкері
- Айтқұлова Жания – Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени қорықтың қызметкері
- Жұбаназаров Ұлықбек – С.Қоңдыбай атындағы мемориалдық музей қызметкері
- Кәдірбаев Мұратбек – «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің қызметкері.
Сайыс 6 бөлімнен тұрды: 1."Музейдегі менің ең сүйікті экспозициям"; 2.Мәдени-көпшілік, ғылыми-ағарту, ғылыми зерттеу салалары бойынша енгізген жобасын танысыру; 3. Көрме жасақтау; 4. Жәдігерге ғылыми сипатама жасау; 5. Отпан тау туралы Маңғыстау ақын-жазушылары шығармаларынан үзінді оқу; 6. Сұрақ-жауап бөлімдері.
Сайысқа облыстық мәдениет басқармасы мен өлкедегі музейлердің білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің аудандық филиалының маманы Іңкәр Амантай, 2-орынды Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы Нұрбек Түгелбай, 3-орынды С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің маманы Ұлықбек Жұбаназаров иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға кешен атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
24 маусым 2017
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті

22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды