Отпан тауда ақыл-ой сайысы өтті.
17 маусым күні “Адай ата-Отпан тау” тарихи-мәдени кешенінде “OTPAN-QUIZ” атты интелектуалды шара өтті. Шараға облыстағы мәдениет мекемелері арасынан 7 команда қатынасты. Ақыл-ой додасы 5 кезеңнен тұрды, әр кезең түрлі тақырыпта дайындалған сұрақтардан болды. Командалар арасындағы додада I орынды Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің “Жәдігер” тобы, II орынды Қ.Сыдиықұлы атындағы облыстық әмбебап кітапхананың “Сәтті сөз” тобы, III орынды С.Қондыбайұлы мемориалдық музейінің “Рух жауынгерлері” тобымен қатар келіп, ойынның шартты ережесі бойынша соңғы кезеңде ұпай санымен басым болған Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени музей-қорығы кәсіпорнының “Қарақшылар” тобы иеленді. “Рух жауынгерлері” тобымен бірге Ақтау қалалық кітапханасының “Ойбай, білдік” тобы, Маңғыстау облыстық архивінің “Prime” тобы және “Отпан” кәсіпорнының “Отпан” топтары да ойында өз белсенділіктерін көрсете білді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Ақыл-ойларыңыз шашасына шаң жұқтырмас Адай жылқысындай жүйрік, бағындырған белестеріңіз Отпан таудай биік болсын!
22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
17 маусым 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жариялау туралы
04 маусым 2026
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ – ҰЛЫҚ ТАҒАМ.
03 маусым 2026
БАЛАЛАР КҮНІ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫҚ!













__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















