"Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі"

"Адай ата- Отпан тау" кешенінде Республика күніне және кешеннің 15 жылдығына арналған "Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі" атты көпшілік шара өтті. Шараға кешен құрылысын салуға, насихаттауға атсалысқан азаматтар мен Есір Айшуақұлы атындағы және Тұщыбек негізгі орта мектептерінің оқушылары қатысты.

Шараны тарих бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Кәдірбаев жүргізді. "1990 жылдары ССРО-ның тігісі сөгіліп, күні жақындап келе жатқанын сезген 15 одақтас республикалар бірінен соң бірі тәуелсіздік жариялап жатқан кез болатын. Сол сәтті пайдаланып 1990 жылы 25 қазан күні С.Әбділдин төрағалық ететін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы декларациясын қабылдады. Сол күннен бастап 25 қазан Республика күні боп есептеледі. Және бұл күн біздің кешеннің де тұсауы кесілген күн" деп жүргізуші кешен құрылысына тікелей қатысы бар қонақтар Ж.Айдарбек пен Ш.Еңсегеновке сөз ұсынды. Шара қонақтары кешен құрылысының ұйымдастырылуы, басталуы және салыну тарихы туралы еске алып, қысқаша айтып өтті. Осындай қос мерекемен құттықтауға келген көрші мектептің оқушылары қуанышқа арнап өнерлерін шашу етіп шашты.

Шара соңында кәсіпорын директоры Ж.Кетеева бірнеше кешен қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады. 

Жәрияланған күні: 22 қазан 2022Оқылған саны: 66




12