Айылыңды тартайын, ел намысын артайын
13 сәуір. «Адай ата – Отпан тау» кешені қызметкерлері Сайын Шапағатов ауылындағы Ғ.Айдаров атындағы мектептің 7-сынып оқушыларына қазақ халқының төрт түлігінің төресі боп саналатын жылқы малы туралы «Айылыңды тартайын, ел намысын артайын» атты танымдық шара өткізді. Шара барысында кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек жылқы малының қазақ жеріндегі эволюциялық тарихы, оларды алғаш қолға үйретушілер, т.б. туралы қысқаша айта келіп, қазіргі заманғы жылқының тұқымдары, мініс аттарының түрлері туралы айтып өтті. Әсіресе, қазақ жылқысының тұқымдары, жылқының жасына, жынысына қарай атаулары, оның әбзелдері, түстері туралы айта келіп, оқушыларға сұрақ қойып жылқы туралы білігін бір тексеріп өтті. Кешен қызметкері Мұратбек Кәдірбаев пен жергілікті атбегі Хамза Бимурзаев оқушыларға атқа отыру мәдениеті, жылқы баптау машығы, жарату әдісі туралы қызықты әңгімелеп берді. Шара соңында оқушыларды Хамза атбегі баптап жүрген бәйге аттарына мінгізіп, сейілдетті.
30 қыркүйек 2022
"ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН..."
28 тамыз 2022
"Берекелі дастархан"
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды