Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына іс-сапар
Маңғыстау облысындағы «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешені «Отпан» МКҚК қызметкерлері "Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болып, ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, құжаттау жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты. Жұмыс барысында маңғыстаулық әріптестер музей-қорыққа қарасты ғылыми-зерттеу бөлімі, қор сақтау, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және есепке алу бөлімінің жұмыстарымен танысты. Ғалым-археолог Марат Тұяқбаевпен Түркістан өңіріндегі археологиялық зерттеулерге қатысты сұхбаттасып, пікір алмасты. Қожа Ахмет Ясауи, Үкәша ата, Гауһар ана кесенелеріне зиярат жасап, музей-қорыққа қарасты тарихи ескерткіштермен танысты.
30 қыркүйек 2022
"ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН..."
28 тамыз 2022
"Берекелі дастархан"
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
Соңғы хабарлар
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
06 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
03 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.