Жігіттің сұлтаны-2022

Отпанға кел көргің келсе сұлтанды...

14 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Бұзау ата ұрпақтарының демеушілігімен өнерлі де қайратты, сегіз қырлы бір сырлы жігіттер арасында "Жігіт сұлтаны-2022" атты сайыс болып өтті.

Сайысқа сегіз арыс адай ұрпақтарынан іріктелген 7 жігіт қатысты. Олар: Қосай ата ұрпағы Асылбеков Нұрбек Оралбекұлы, Құнанорыс ата ұрпағы Өтеп Нұрлан Бектұрғанұлы, Ақпан ата ұрпағы Қойшыбаев Мекке Көбейсінұлы, Жеменей ата ұрпақтары Тайманов Айшуақ Асылжан ұлы және Қошқарбай Мақсат Амалханұлы, Тобыш ата ұрпағы Жолдасбай Сұңғат Баймұратұлы, Мұңал ата ұрпағы Жәңгірхан Қаршыға Дәлубекұлы қатысты.

Сайыс 7 бөлімнен тұрады:

1.Мен Алаштың ұлымын (өзін таныстыру).

2.Құралайды көзге атқан" (Садақ ату).

3."Өнерлі өрге жүзер" (Өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсету);

4. "Білімді мыңды жығар" (сұраққа- жауап).

5. "Күш атасын танымас" (Қол күресі).

6. "Ер қанаты- ат" (уақытпен атты ерттеп, міну);

7."Қайқылардың ізімен" (маңғыстаулық ақын-сазгерлердің шығармаларын орындау).

Сайыс барысында Бас жүлде мен "Жігіт сұлтаны" атағын Тайманов Айшуақ, 1-орын мен "Талантты жігіт" атағын Жолдасбай Сұңғат, 2-орын мен "Шабандоз жігіт" атағын Өтеп Нұрлан, 3-орын мен "Шебер жігіт" атағын Жәңгірхан Қаршыға және "Мерген жігіт" атағын Қошқарбай Мақсат, ынталандыру жүлдесі мен "Парасатты жігіт" атағын Асылбеков Нұрбек, «Сұңғыла жігіт» атағын Қойшыбаев Мекке иеленді. Жүлдегерлер ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.  

Жәрияланған күні: 4 мамыр 2022Оқылған саны: 66




12