Сән үлгісі - көркем мінез
4 мамыр күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Сән үлгісі - көркем мінез" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киімдер шеруі өтті. Шараның мақсаты қазақтың түрлі стильдегі ұлттық киімдерін және көпшіліккке көрінбей жүрген жергілікті шеберлер мен олардың өнімдерін насихаттау болатын. Қонақтар мен көрермендерге республикаға, облысқа танымал сән ательелері мен жеке шеберлер туындыларының топтамасы таныстырылды. Дефилеге Маңғыстау ауданы мен Ақтау қаласынан "Ақбөбек" ательесі (жетекшісі Ақбөбек Аязханқызы), "Жібек жолы" ательесі (жетекшісі Айнұр Таңбайқызы), " Өнер" ательесі (жетекшісі Феруза Оразғұлқызы), " Сая" ательесі (жетекшісі Сая Жолдасқызы) және республикаға танымал балбармақ шебер Әуес Сағынаева қатысты. Шара барысында қатысушылар мен кешен қызметкерлерінің қатысуымен көрермендерге ән-жырдан шашу шашылды.
Ұлттық киімдерімізді дәріптеуге бар күш-жігерлері мен мүмкіндіктерін салған кешен қызметкерлерінің бұл шарасына алыс-жақыннан келген қонақтар (Астана, Қарағанды, Жамбыл, Алматы және т.б.) үлкен ықыласпен алғыс айтып, ризалық пейілдерін білдірді.
Шараға қатысқан бүкіл көрермендердің атынан ательелердің жетекшісі мен қызметкерлеріне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Көздің жауын алар ұлттық киімдеріміздің дәстүрлі қалпын сақтай отырып, заманауи түрге еніп, қай адамның да сымбаты мен ажарын аша түсері сөзсіз.
Сондықтан үнемі ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұмыта бастағандарыңызды еске түсіріп, ескіргенді жаңғыртып, өшкенді жандырып, дамытуға арналған шараларды көргіңіз, қазақ екеніңізді сезінгіңіз келсе "Адай ата - Отпан тау" кешенін назардан тыс қалдырмаңыз, АҒАЙЫН!
30 қыркүйек 2022
"ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН..."
28 тамыз 2022
"Берекелі дастархан"
14 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды