Отпан тау

Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпан тау тарихта ел бірлігінің символы болып есептеледі.

Отпан тау

Жаугершілік заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына от жағып белгі берген.

Адай ата

Адай ата кесенесі Отпан таудың ұшар басына орналасты. Оның жанында Ұран от жағылды.

Амал мерекесі

Қазақстанның батыс өңірінде әз Наурыз 14 наурызда Амал (Көрісу) мерекесімен басталады

Амал мерекесі

Қазақстанның батыс өңірінде әз Наурыз 14 наурызда Амал (Көрісу) мерекесімен басталады

Отпан музейі

Өлкенің асыл рухани мұраларын жинап, өткені мен бүгінін жалғап отырыған экспонаттар комплексі

«Отпан» тарихи-мәдени кешені сайтына қош келдіңіз!

Армысыздар, көзі қарақты көрермен мен туған тарихы толғандыратын ойлы оқырман!

Отпан тарихи мәдени кешені – қазақ ұлттық мәдениетінің негізінде жасақталған республика көлеміне танымал рухани этно-мәдени орталықтардың бірі. Кешен құрылысы «Адай ата» қайырымдылық қорының бастамасымен, халықтың қолдауымен 2005 жылы басталып, 2007 жылы қазан айында салтанатты түрде ашылды. 2009 жылдан бастап кешен Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының қарауына беріліп, «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны деп аталады.

Кешен идеясының авторы – белгілі ақын, халықаралық Махамбет сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай Шеркешбайұлы. Кешен түбі терең тарихымызды ұрпақтарымыздың зердесіне құйып, жүректеріне имандылық нұрын сеуіп, ұлы мұраттарға үндейді. Кешенде «Адай ата» кесенесі; барлық аналарымыздың құрметіне бағышталған «Ана келбеті» құлпытасы; Үш жүздің алақанына салынған қазан бейнесіндегі от жағатын орын – Ұран от тұғыры; Көк түркілерден қалған рухани қуат жігеріміз бен ұлттық болмысымыздың тамыр-тегі – «Көкбөрі» ескерткіші; қазақ ұлтын бір Атаның баласы ретінде танып, даусыз жол, ортақ ошақ, ұлттық тұтастыққа бастайтын идеологиялық құрылым – Қарашаңырақ; тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігіміздің тұғырнамасы көк Туымызға арналған құрметті орын – Тутөбе және кешендегі ақылдастар алқасының ордасы, бірнеше музей залдарынан тұратын Ақсарай орналасқан.