Археология залы
Археология залы
Сақ дәуірінде Маңғыстау жері көшпелі өркениеттің қайнар көзі болған. Каспий мен Арал теңізі аралығындағы кеңістікте «жеті жұрт келіп, жеті жұрт көшкен». Бірнеше ғасырлар бойы осы мекенде тұрмыс құрып, тіршілік жасаған халықтардың материалдық құндылықтары сақталып қалды...
YI ғасырдан бастап Шығыс Каспий жағалауында Ұлы Жібек жолының солт. тармағы өтіп, сауда керуендері Хорезм аймағынан Үстірт
Ескерткіштерді зерттеу жұмыстары
Маңғыстау археологтары ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары Түпқараған ауданының Дікілтас, Меретсай, Түбіжік жерлерінде өткізілді. Табылған құрылыс іргетастарының мұқият талдануы және алдыңғы жұмыстардың тәжірибелері арқасында ескерткіштердің бастапқы пішіні анықталды. Көптеген бейіттердің арасында жеке әйел бейнесі салынуына қарағанда ол ерте дәуірде Күн құдайына, ананы ардақтап соған табыну заманында жасалған болуы ықтимал. Әйел-құдай жер мен
Көне үйіктер
Ежелгі Маңғыстауды мекендегендердің әдет-ғұрпы мен қол өнерін, дүние танымы мен ақыл-ой парасатын меңзейтін мәдени ескерткіштердің бір түрі – көне үйіктер. Маңғыстау жерінде Тасоба, Қособа , Ақүйік, Қараүйік, Қызылүйік, Жетіүйік аталған үйік төбелер бар. Өліге ескерткіш ретінде орнатылған аумақты келеді. Олар көне заман адамдарының ата-бабаға деген құрметінің белгісі. Мұндай үйіктер үстіне кісі бойындай қада тас немесе кісінің тас мүсіні қойылады. Маңғыстаудағы қауымдық
Тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер
Ежелгі ата-бабалар өнерін әйгілейтін бір мұра – тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер. Әдемі жинақы жасалған ескерткіштердін бір түрі қойтас. Қойтас аталатын ескерткіштердің бір қатарында қабір үстіне сандықша тас қалап, бетіне көлденең тақта тас жабылған. Оның үстіне шағын пирамида іспеттес оймышты тастар қаланған. Ислам діні тарағасын қошқар, арқар мүсінін қоюға тыйым салынады. Енді оны сұлбалап қойып, келе-келе мүлде мүсінсіз қой бойындай цилиндр пішіндес тас қоюға мәжбүр
Қызылқала
Қызылқала – ежелгі сауда сарайы. Айналасы 800 метрдей төрт бұрышты. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, іші күйдірген кірпіштен қаланған. Соған қарап Қызылқала деген атау берілген. Қызылқаланың шығыс бетінен арба кіргендей, батыс бетінен атқа, түйеге мінген кісі кіргендей есіктері болған. Оңтүстік бетінде шағын төбе бар. Оның кірпіш күйдіретін пеш болғаны байқалады. Төбенің үсті ойыс, батыс жақ іргесінен от жағып оны үрлейтін көрік орнатса керек. Кірпіш өртеуге
Шерқала
Шерқала – Маңғыстау ауданында орналасқан пирамида пішінді шоқылы бөлек тұрған тау. Кезінде Бозашы түбегінен Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы осы тауда әскери қамал болған. Қамалдың ұзындығы 300 м, биіктігі 207 м. Маңғыстауда болған поляк революционері Б. Залесский: «Шерқалаға алыстан қарағанда Римнің керемет пантеондарын, ежелгі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың»,- деп жазып, Шерқаланың суретін салған. Шерқалада үй құрылысы жоқ, соған қарағанда ол қасындағы
Ноғай ордасы
Ноғай ордасы – ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың қолбасшысы Ноғай басқарған әскери тайпалар мен тікелей маңғыт тайпаларынан кұралған мемлекеттік бірлестік. Ноғайлар Еділден Ертіске дейін Каспий мен Арал теңіздерінен Тюменге дейінгі аралықты алып жатқан жерлерде көшіп жүрді. Ноғай ордасының басынан өткен қилы-қилы тарихи кезеңдер туралы «Қырымның қырық батырында» Мұрын жырау жырлап өткен болатын. Ноғай ордасының орталығы Жайық өзенінің жағасында ірге тепкен
Археология залы (Ежелгі Манғыстау тарихы залы)
Б.з.б. VII - IV ғасырларда ерте темір дәуірінде Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Үндістан, Ауғанстан жерлерін мекендеген тайпаларды ежелгі грек тарихшылары азиялык скифтер деп атаса, парсы тарихшылары сақтар деп атаған. Грек деректемелерінде сақтардын бірнеше тайпалары болған: массагет, дай, каспий, аримаспы, исседон деп аталған.
Қазақстан жеріндегі тайпалық одақтар картасы Ежелгі заман тарихшыларының деректемелерінде б.з.б. VII - IV ғасырларда сақ тайпалары өз
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.