Экспозициялық залдар
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені құрамындағы орталық нысандар Адай ата кесенесі, «Ақсарай» экспозициялық павильоны болып табылады.
«Ақсарай» экспозициялық павильонының ауданы 1 020 шаршы метр. Павильон кіре беріс кіріспе залдан, орталық дөңгелек залдан және айнала орналасқан 7 бөлмеден тұрады.
Сонымен қатар, кешеннің аумағында «Ана келбеті» стелласы, Көкбөрі ескерткіші, «Ұран оты» алаңы, Тутөбе, Қарашаңырақ және Бас қақпа орналасқан.
«Ақсарай» мен Адай ата кесенесі арасын Маңғыстаудағы 362 әулиенің құрметіне салынған 362 баспалдақ жалғастырады.
Тарихи-мәдени кешен алты экспозициялық залдардан тұрады: Кіріспе залы, «Ұлы дала данышпандары», «Маңғыстаудағы ислам діні», Этнография залы, «Нұрлы жол көшіндегі Маңғыстау» залы және Археология залы.
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.