«Ұлы Дала данышпандары» залы
Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. «Халықтардың ұлы қоныс аударуының нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке – Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Сол ежелгі дәуірлерде ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпаларды басқаратын, артында ұлы істер, даналық тағылымдар тастап кеткен данышпан басқарушылар шыққан: Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк...
Кейінгі замандарда сол Ұлы дала төрінен тарих сахнасына «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би», қазақ жұртының атын асқақтатқан Ұла даланың Үш Төбе Билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би шыққан. Данышпандар қатарынан Қазақ ұлтының классик ақын-жазушысы, ланыщпан Абайды көрсете аламыз. Сонымен қатар қазақтың атын жарты әлемге танытқан гвардия полковнигі, Ұлы Отан соғысының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлын да айтып кетеміз.
Залға кіре беріс сол жақтағы 1-витринада ежелгі Түркі қағанатының билеушілері – ұлы Күлтегін (684-731), Білге (683-734), Тоныкөк (646-741) қағандардың мүсіндерінің фотокөшірмелері мен мына даналық сөздері жазылған:
«Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп»,
«Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт». Күлтегін
«Біз – көктен жаралған Көктің ұлы Түркі жұрты боламыз».
«Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ». Білге қаған
«Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу жеңіл».
«Қол қосылса – күш асар». Тоныкөк
2-витринада «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген ескі сөзде айтылатын Шыңғыс ханның кеңесшісі болған Майқы бидің (ХІІ – ХІІІ ғасыр) кескіні мен мына даналық сөздері келтірілген:
- Бірлік түбі – береке.
- Алтау ала болса – ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді.
- Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болмай қауым болмас».
3-витринада Ұлы жүздің биі Үйсін Төле би Әлібекұлының (1663-1756) суреті мен мына даналық сөздері жазылған:
- Атадан ұл туса игі, Атаның жолын қуса игі.
- Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол!
4-витринада Орта жүздің биі қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлының (1665-1765) суреті мен мына даналық сөздері жазылған:
- Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады.
- Атың жақсы болса,
Тірліте мінген пырағың.
Балаң жақсы болса –
Жанып тұрған шырағың.
Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып,
Рахаттанар қонағың!
5-витринада Кіші жүз биі Алшын Әйтеке би Бәйбекұлының (1683-1739 ) суреті мен мына даналық сөздері жазылған:
- Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
- Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң – арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң – тоқырар.
6-витринада данышпан ақын Абай Құнанбайұлының (1845-1904) суреті мен мына даналық сөздері жазылған:
- Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос.
- Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол!
- Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік.
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
7-витринада қазақ халқының батыры, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының (1910 - 1982) суреті мен мына даналық сөздері жазылған:
- Отан – от басынан басталады, демек өз бесігің, өз үйің.
- Қайрат етер кезіңде жүк көтерер нардай бол.
Ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол!
- Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
Залдағы орталық витринаның 4 жағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ата Заң, Елтаңба, Ту және Әнұран мәтіні орналасқан.
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.