Амал мерекесі 2011
12–14 наурыз күндері «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған мәдени-көпшілік шара болып өтті. Маңғыстау облыстық мәдениет және облыстық ішкі саясат басқармасы басшылығымен, «Отпан» МКҚК, Маңғыстау ауданының әкімдігі, Ақпан ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев, халық жазушысы Ә.Кекілбаев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Озғамбаев, Астана қаласынан арнайы келген қонақтар, Маңғыстау ауданының әкімі Қ.Боқанов қатысып, мерекеге арналған арнайы жиында сөз сөйледі.
Ақсарайда облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш сенаторы Өмірзақ Озғамбаев, кешен идеясының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай, «Отпан» МКҚК басшылары және Ақпан ата ұрпақтары ұйымдастыру алқасының мүшелері мен Қызылорда облысынан арнайы келген Алтын Жаппас ұрпақтары бас қосып, бірлескен отырыс болды.
Ақпан ата ұйымдастыру алқасы мейрамға арналған бағдарламасына сәйкес қазақ күресінен облыстық жарыс өткізілді. Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданы өнерпаздарының концерті қойылды.
Адай ата кесенесінде ата-баба рухтарына бағыштап қарилар құран оқып, Ұран Оты алаңында алаштың азаматтарының қатысуымен бірлік оты жағылды. Ұран Отын жағу рәсімін Ақпан ата ұрпақтары ұйымдастыру алқасының төрағасы Мақсат ақсақал жағып, салтанатты жағдайда алау отын Балықшы ата ұрпақтарына табыс етті.
Бұл мәдени шара олардың кешен туралы танымын арттырды және аталар рухына деген сенімін, салт-дәстүр, мәдени, рухани мұраларға деген құрметін арттырды.
17 наурыз 2021
Амал мерекесінде кешенде тал егу акциясы өтті.

Дәстүрлі Амал мерекесі аясында "З0 жылдыққа - 30 тал" акциясы ұйымдастырылып, облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адайдың және Сегіз арыс ақсақалдарының қатысуымен Қарашаңырақ алдында 30 түп туя ағашы егілді.
13
16 наурыз 2021
«Адай ата — Отпан тау» кешенінде АМАЛ-2021 мерекесі аталып өтілді

13 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" кешеніндегі дәстүрлі Амал мерекесі биыл Балықшы ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өтті (Былтыр мереке пандемияға байланысты өткізілмеген. Биыл Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына
20 наурыз 2019
Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал республикалық деңгейде
15 наурыз 2018
Амал мерекесі 2018

13-14 наурыз күндері Адай ата кесенесі орныққан «Отпан» тарихи-мәдени кешені аумағында дәстүрлі Амал мерекесі тойланып, Адай ата рухына арнап ас берілді. Биылғы тойға Адай атадан тараған сегіз арыс ұрпақтарынан басқа Әлім, Табын, Қызылқұрт және Қожа ұрпақтары да
14 наурыз 2017
Амал мерекесі 2017

Осы жылдың 12-13 наурыз күндері «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Тәзіке ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен «Амал» мерекесі аталып өтті. Бұл ұлы мерекеге Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан т.б.
14 наурыз 2016
Амал мерекесі 2016
Наурыз айының 13-14 күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Амал мерекесі аясында, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің
14 наурыз 2015
Амал мерекесі 2015

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2015 ж. Амал мерекесіне орай наурыздың 13-14 күндері Отпан тауда ұлттық қолданбалы өнер туындыларынан жасақталған көрме-жәрмеңке ұйымдастырады.
14 наурыз 2014
Амал мерекесі 2014

Иәәә, биыл міне Отпан тауда жетінші рет Адай ата мен оның баһадұр ұрпақтарының рухына арналып ас беріліп, Отпан шоқысында Тағзым оты жағылдып, Амал мерекесі тойланды. Биылғы кезек Тобыш ата ұрпақтарында. Биыл Тобыш ата ұрпақтары Амалға дейін «Адай
16 наурыз 2013
Амал мерекесі 2013

13-14 наурызда «Адай Ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі Амал мерекесіне арналған көпшілік мерекелік шара өткізілді. Адайдың алтыншы немересі Жеменей ұрпақтары мерекені ойдағыдай ұйымдастырды. Кешен айналасы салтанатты түрде безендірілді, жан
14 наурыз 2012
Амал мерекесі 2012

Амал мейрамына және Тағзым отын жағу рәсіміне байланысты жоспарланған шара ауа райының қолайсыздығына байланысты мамыр айының 5-6 жұлдызына ауыстырылды. Соған қарамастан «Отпан» МКҚК ұжымы 14 наурызда Амал мейрамына арнап, Тұщыбек селосы әкімі
14 наурыз 2011
Амал мерекесі 2011

12–14 наурыз күндері «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған мәдени-көпшілік шара болып өтті. Маңғыстау облыстық мәдениет және облыстық ішкі саясат басқармасы басшылығымен, «Отпан» МКҚК, Маңғыстау ауданының әкімдігі,
14 наурыз 2010
Амал мерекесі 2010

13-14 наурыз күні Маңғыстау ауданындағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған рухани мәдени шара болып өтті. Маңғыстау ауданының әкімдігі, «Отпан» МКҚК және Құнанорыс ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды











