Амал мерекесі 2013
13-14 наурызда «Адай Ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі Амал мерекесіне арналған көпшілік мерекелік шара өткізілді. Адайдың алтыншы немересі Жеменей ұрпақтары мерекені ойдағыдай ұйымдастырды. Кешен айналасы салтанатты түрде безендірілді, жан жақтан келген қонақтарға 11 ағаш үй тігіліп, қонақасы берілді. Бірлік Оты жағылды.
Мерекелік шара аясында республика, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, облыстық ақындар мүшәйрасы, жыршылар сайысы, қазақша күрес бойынша облыстық спорттық жарыстар өтті. Қонақтар «Отпан тау – киелі тау», «Жырақтағы қандастар», «Даңқты спринтер Әмин Тұяқов», «Маңғыстаудың киелі орындары» атты жылжымалы көрмелермен таныстырылды.
Мейрамға арналған салтанатты жиынға облыс әкімі А.Айдарбаев қатысып, сөз сөйледі. Отпан тау басындағы Тутөбеде Қазақстанның мемлекеттік Туы көтеріліп, ұлттық гимні ойналды. Жеменей ата ұрпақтары ұйымдастыру алқасының төрағасы Киікбай Рзаханов сөз сөйлеп, Ұран Отын жағатын ауыспалы алау оты қорабын Тобыш ата ұрпақтары ақсақалы Рахметолла қажы Нұрұлы мен Лепес қажы Қосмағанбетұлына тапсырды.
Сахнаға Тобыш атаның 8 ұлы атынан 8 өкіл шығып, алау отын қабылдап алды. Жеменейлер алқасының шақыруымен Атырау, Жылой, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларынан қонақтар келді. Амал мерекесіне келген құрметті қонақтар «Ақсарай» мұражайын, сонымен қатар жылжымалы көрмелермен, ашық аспан астындағы ескерткіштермен танысып, Адай ата рухына дұға бағыштады.
17 наурыз 2021
Амал мерекесінде кешенде тал егу акциясы өтті.
Дәстүрлі Амал мерекесі аясында "З0 жылдыққа - 30 тал" акциясы ұйымдастырылып, облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адайдың және Сегіз арыс ақсақалдарының қатысуымен Қарашаңырақ алдында 30 түп туя ағашы егілді.
13 наурыз күні кешке "Қарашаңырақта" жұртшылық облыс әкімі Серікбай Трұмов пен кешен идеясының авторы, ақын Сабыр Адай мерекеге жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Салтанат
16 наурыз 2021
«Адай ата — Отпан тау» кешенінде АМАЛ-2021 мерекесі аталып өтілді
13 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" кешеніндегі дәстүрлі Амал мерекесі биыл Балықшы ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өтті (Былтыр мереке пандемияға байланысты өткізілмеген. Биыл Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин талаптарын сақтай отырып, шағын топпен ресми шара өткізілді). Шараға сегіз Арыс Адай ұрпақтарының өкілдері қатысты.
Мерекенің алғашқы күні Ақсарайда облысқа белгілі фототілші, Балықшы
20 наурыз 2019
Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!
Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал республикалық деңгейде өтсе, биылғы Амал мейрамына алыс-жақын туысқан елдерден, көрші мемлекеттерден арнайы қонақтар келіп қатысып, тамашалады. Оған қоса республикамыздың көптеген облыстарында «Көрісу күні» аталып тойланып жатқанын
15 наурыз 2018
Амал мерекесі 2018
13-14 наурыз күндері Адай ата кесенесі орныққан «Отпан» тарихи-мәдени кешені аумағында дәстүрлі Амал мерекесі тойланып, Адай ата рухына арнап ас берілді. Биылғы тойға Адай атадан тараған сегіз арыс ұрпақтарынан басқа Әлім, Табын, Қызылқұрт және Қожа ұрпақтары да атсалысып, кешен етегіне қазақы киіз үйлерін тігіп, қонақ күтісіп, тойды бірге атқарысты.
Биыл да дәстүрлі «Амал–2018» мерекесі жалғасып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани
14 наурыз 2017
Амал мерекесі 2017
Осы жылдың 12-13 наурыз күндері «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Тәзіке ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен «Амал» мерекесі аталып өтті. Бұл ұлы мерекеге Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан т.б. облыстарынан қөонақтар келді.
Аудандық, облыстық өнер коллективтерінің қатысуымен келушілерге гала концерт ұйымдастырылды, театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
14 наурыз 2016
Амал мерекесі 2016
Наурыз айының 13-14 күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Амал мерекесі аясында, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – өлкеміздегі қолөнер шеберлері мен олардың жасаған бұйымдарын Амал мерекесіне келушілерге көрсету арқылы өлкеміздегі қолөнерді насихаттау, жастар мен жалпы бұқараның ұлттық қолөнерге деген ұмтылысын
14 наурыз 2015
Амал мерекесі 2015
Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2015 ж. Амал мерекесіне орай наурыздың 13-14 күндері Отпан тауда ұлттық қолданбалы өнер туындыларынан жасақталған көрме-жәрмеңке ұйымдастырады.
Осыған байланысты түрлі материалдармен (ағаш, металл, тері, киіз т.б.) материалдармен жұмыс жасайтын, киім үлгілерін, ұлттық нақыштағы сувенирлер
14 наурыз 2014
Амал мерекесі 2014
Иәәә, биыл міне Отпан тауда жетінші рет Адай ата мен оның баһадұр ұрпақтарының рухына арналып ас беріліп, Отпан шоқысында Тағзым оты жағылдып, Амал мерекесі тойланды. Биылғы кезек Тобыш ата ұрпақтарында. Биыл Тобыш ата ұрпақтары Амалға дейін «Адай ата – Отпан тау» кешенінің бас қақпасын мәрмәрдан салып, айналасына түрлі тал мен өсімдіктер егіп абаттандырып, Отпан тауға апаратын тас жолдың қиын-қыстау жерлерін тегістеп, біраз шаруаның басын қайырып
16 наурыз 2013
Амал мерекесі 2013
13-14 наурызда «Адай Ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі Амал мерекесіне арналған көпшілік мерекелік шара өткізілді. Адайдың алтыншы немересі Жеменей ұрпақтары мерекені ойдағыдай ұйымдастырды. Кешен айналасы салтанатты түрде безендірілді, жан жақтан келген қонақтарға 11 ағаш үй тігіліп, қонақасы берілді. Бірлік Оты жағылды.
Мерекелік шара аясында республика, облыс өнерпаздарының концерттік
14 наурыз 2012
Амал мерекесі 2012
Амал мейрамына және Тағзым отын жағу рәсіміне байланысты жоспарланған шара ауа райының қолайсыздығына байланысты мамыр айының 5-6 жұлдызына ауыстырылды. Соған қарамастан «Отпан» МКҚК ұжымы 14 наурызда Амал мейрамына арнап, Тұщыбек селосы әкімі Орақ Морханов бастаған ауыл ақсақалдарына қонақасы берді.
Амал мейрамына арналып жайылған дастарханға Ақтау қаласының азаматтары белгілі қоғам қайраткерлері
14 наурыз 2011
Амал мерекесі 2011
12–14 наурыз күндері «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған мәдени-көпшілік шара болып өтті. Маңғыстау облыстық мәдениет және облыстық ішкі саясат басқармасы басшылығымен, «Отпан» МКҚК, Маңғыстау ауданының әкімдігі, Ақпан ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев, халық жазушысы Ә.Кекілбаев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Озғамбаев, Астана қаласынан арнайы келген қонақтар,
14 наурыз 2010
Амал мерекесі 2010
13-14 наурыз күні Маңғыстау ауданындағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған рухани мәдени шара болып өтті. Маңғыстау ауданының әкімдігі, «Отпан» МКҚК және Құнанорыс ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Ж.Қараев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Озғамбаев, Маңғыстау ауданының әкімі Ж.Албытов қатысып, мерекеге арналған жиында сөз сөйледі және Ақсарайда облыстық
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.