Амал мерекесі 2012

Амал мейрамына және Тағзым отын жағу рәсіміне байланысты  жоспарланған шара ауа райының қолайсыздығына байланысты мамыр айының 5-6 жұлдызына ауыстырылды. Соған қарамастан «Отпан» МКҚК ұжымы 14 наурызда Амал мейрамына арнап, Тұщыбек селосы әкімі Орақ Морханов бастаған ауыл ақсақалдарына қонақасы берді. 

Амал мейрамына арналып жайылған дастарханға Ақтау қаласының азаматтары белгілі қоғам қайраткерлері Сабыр Адай және Байғазиев Көшер қонақ болды. Келген қонақтар мен ұжым мүшелері Адай Ата кесенесіне барды. Аталар рухына арнап құран оқылды. 

Бұл шараға барлығы 27 адам қатысып, олармен 3 экскурция жүргізілді. 15 наурыз күні Ақсарайда облыс әкімі жанындағы ақсақалдар Кеңесінің мүшелері Өмірзақ Озғанбаев, Лепес Исаев, Сүлеймен Бердәулетов, Жаздырхан Сейдалиев және облыс әкімінің кеңесшісі Бекет Тұрғараевтың қатысуымен кеңес өткізілді. Қонақтарға Ақсарай мұражайы және «Отпан тау» т/м кешені туралы толық мағлұмат берілді. Бұл кездесуге 10 адам қатысып, олармен 1 экскурция өткізілді. 

«Отпан» басшылығы 22 наурызда Тұщыбек елді мекенінде жергілікті әкімшілікпен бірлесіп Наурыз тойын өткізді. «Түлеген Тұщыбек» атты Тұщыбек ауылы тарихы мен бүгінгі жайы, «Отпан тау» т/м кешені туралы көрме жасақталды. Үлкен ағаш үй тігіліп, ауыл тұрғындарына қонақасы берілді. Мереке құрметіне қазақ күресінен жасөспірімдер аралық жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Наурыз мерекесіне арналған шара соңында олармен «Отпан тау» т/м кешенінде 15 экскурция жүргізілді. Наурыз мейрамы қарсаңында «Отпан тау» т/м кешенінде барлығы 2 мәдени шара ұйымдастырылды.Бұл көрме Форт-Шевченко мұражайы басшылығының келісімімен 6 мамыр күні өткізілді. 

Көрме «Отпан тау» т/м кешенінде ұйымдастырылған Балықшы ата ұрпақтарының қатысуымен өткізілген «Тағзым отын» жағу шарасы және ҚР қарулы күштері күніне арналған «Болашақ бүгіннен баста-лады» атты патриоттық акцияға келуші көрермендерге көрсетілді. 

«Маңғыстаудың күміс сылдыры», «Киелі орындар», «Ағаш бұйымдары», «Сувенирлер» тақырыбы бойынша көрме жасақталды.

Жәрияланған күні: 14 наурыз 2012




17 наурыз 2021

Амал мерекесінде кешенде тал егу акциясы өтті.
icon

Дәстүрлі Амал мерекесі аясында "З0 жылдыққа - 30 тал" акциясы ұйымдастырылып, облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адайдың және Сегіз арыс ақсақалдарының қатысуымен Қарашаңырақ алдында 30 түп туя ағашы егілді.

13 наурыз күні кешке "Қарашаңырақта" жұртшылық облыс әкімі Серікбай Трұмов пен кешен идеясының авторы, ақын Сабыр Адай мерекеге жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Салтанат

16 наурыз 2021

«Адай ата — Отпан тау» кешенінде АМАЛ-2021 мерекесі аталып өтілді
icon

13 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" кешеніндегі дәстүрлі Амал мерекесі биыл Балықшы ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өтті (Былтыр мереке пандемияға байланысты өткізілмеген. Биыл Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин талаптарын сақтай отырып, шағын топпен ресми шара өткізілді). Шараға сегіз Арыс Адай ұрпақтарының өкілдері қатысты.

Мерекенің алғашқы күні Ақсарайда облысқа белгілі фототілші, Балықшы

20 наурыз 2019

Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!
icon

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал республикалық деңгейде өтсе, биылғы Амал мейрамына алыс-жақын туысқан елдерден, көрші мемлекеттерден арнайы қонақтар келіп қатысып, тамашалады. Оған қоса республикамыздың көптеген облыстарында «Көрісу күні» аталып тойланып жатқанын

15 наурыз 2018

Амал мерекесі 2018
icon

13-14 наурыз күндері Адай ата кесенесі орныққан «Отпан» тарихи-мәдени кешені аумағында дәстүрлі Амал мерекесі тойланып, Адай ата рухына  арнап ас берілді.  Биылғы тойға Адай атадан тараған сегіз арыс ұрпақтарынан басқа Әлім, Табын, Қызылқұрт және Қожа ұрпақтары да атсалысып, кешен етегіне қазақы киіз үйлерін тігіп, қонақ күтісіп, тойды бірге атқарысты.

Биыл да дәстүрлі «Амал–2018»  мерекесі жалғасып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани

14 наурыз 2017

Амал мерекесі 2017
icon

Осы жылдың 12-13 наурыз күндері «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Тәзіке ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен «Амал» мерекесі аталып өтті. Бұл ұлы мерекеге Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан т.б. облыстарынан қөонақтар келді. 

Аудандық, облыстық өнер коллективтерінің қатысуымен келушілерге гала концерт ұйымдастырылды, театрландырылған қойылымдар көрсетілді. 

14 наурыз 2016

Амал мерекесі 2016

Наурыз айының 13-14 күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени  кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  Амал мерекесі аясында, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – өлкеміздегі қолөнер шеберлері мен олардың жасаған бұйымдарын Амал мерекесіне келушілерге көрсету арқылы өлкеміздегі қолөнерді насихаттау, жастар мен жалпы бұқараның ұлттық қолөнерге деген ұмтылысын

14 наурыз 2015

Амал мерекесі 2015
icon

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2015 ж. Амал мерекесіне орай наурыздың 13-14 күндері Отпан тауда ұлттық қолданбалы өнер туындыларынан жасақталған көрме-жәрмеңке ұйымдастырады. 

Осыған байланысты түрлі материалдармен (ағаш, металл, тері, киіз т.б.) материалдармен жұмыс жасайтын, киім үлгілерін, ұлттық нақыштағы сувенирлер

14 наурыз 2014

Амал мерекесі 2014
icon

Иәәә, биыл міне Отпан тауда жетінші рет Адай ата мен оның баһадұр ұрпақтарының рухына арналып ас беріліп, Отпан шоқысында Тағзым оты жағылдып, Амал мерекесі тойланды. Биылғы кезек Тобыш ата ұрпақтарында. Биыл Тобыш ата ұрпақтары Амалға дейін «Адай ата – Отпан тау» кешенінің бас қақпасын мәрмәрдан салып, айналасына түрлі тал мен өсімдіктер егіп абаттандырып, Отпан тауға апаратын тас жолдың қиын-қыстау жерлерін тегістеп, біраз шаруаның басын қайырып

16 наурыз 2013

Амал мерекесі 2013
icon

13-14 наурызда «Адай Ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі Амал мерекесіне арналған көпшілік мерекелік шара өткізілді. Адайдың алтыншы немересі Жеменей ұрпақтары мерекені ойдағыдай ұйымдастырды. Кешен айналасы салтанатты түрде безендірілді,  жан жақтан келген қонақтарға 11 ағаш үй тігіліп, қонақасы берілді. Бірлік Оты жағылды.

Мерекелік шара аясында республика, облыс  өнерпаздарының концерттік

14 наурыз 2012

Амал мерекесі 2012
icon

Амал мейрамына және Тағзым отын жағу рәсіміне байланысты  жоспарланған шара ауа райының қолайсыздығына байланысты мамыр айының 5-6 жұлдызына ауыстырылды. Соған қарамастан «Отпан» МКҚК ұжымы 14 наурызда Амал мейрамына арнап, Тұщыбек селосы әкімі Орақ Морханов бастаған ауыл ақсақалдарына қонақасы берді. 

Амал мейрамына арналып жайылған дастарханға Ақтау қаласының азаматтары белгілі қоғам қайраткерлері

14 наурыз 2011

Амал мерекесі 2011
icon

12–14 наурыз күндері «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған мәдени-көпшілік шара болып өтті. Маңғыстау облыстық мәдениет және облыстық ішкі саясат басқармасы басшылығымен, «Отпан» МКҚК, Маңғыстау ауданының әкімдігі, Ақпан ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев, халық жазушысы Ә.Кекілбаев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Озғамбаев, Астана қаласынан арнайы келген қонақтар,

14 наурыз 2010

Амал мерекесі 2010
icon

13-14 наурыз күні Маңғыстау ауданындағы  «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Амал мейрамына арналған рухани мәдени шара болып өтті. Маңғыстау ауданының әкімдігі, «Отпан» МКҚК  және Құнанорыс ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Ж.Қараев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Озғамбаев, Маңғыстау ауданының әкімі Ж.Албытов қатысып, мерекеге арналған жиында сөз сөйледі және Ақсарайда облыстық