Кешендегі ескерткіштер мен нысандар.Кешендегі ескерткіштер мен нысандар
Адай Ата кесенесі маңдайында, 8 бұрышты жұлдыз ортасында бейнеленген 3 тармақты таңба – «үш жүздің басы біріксе алынбайтын қамал жоқ, тәуелсіздіктің тірегі – үш жүздің басының бірлігі» деген мағынаны меңзейді. Кесененің алтын жалатқан қос жақтаулы есігіндегі символдық белгілердің де өзінше мағыналары бар. Есіктің 2 жақтауындағы шеткі бұрыштарда бейнеленген ай мен күн – «Айың тусын оңыңнан, күнің тусын солыңнан» деп айтылатын ізгі тілекті білдіреді. Оның астында «Өмір ағашының» («Древо жизни») символдық белгісі болса, ұштары төмен қарай бағытталған 2 қылыш, жүздері екі жаққа қаратылған 2 айбалта, бір-біріне қарай емес көкке шаншылған 2 найза қазақ халқының соғысқұмар емес, бейбіт ел екенін білдіреді.
Ана – тіршіліктің бастауы, ошақтың иесі. Сол себепті анаға арналған «Ана келбеті» құлпытас іспетті ескерткіш аталардың Ақордасы – сегіз қанат ақ үй іспетті Ақсарайдың жанына орналасқан. Қол бастаған батыр-бағлан да, ел бастаған хан мен би де, сөз бастаған шешен мен ақын да анадан туған. Сондықтан, ананы құрметтеу, Анаға тағзым ету – әр перзенттің қасиетті борышы. Келушілер ана ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп, құран бағыштайды.
«Көк бөрі» - көне түркілерден қалған рухани қуат-жігеріміз бен ұлттық болмысымыздың тамыр-тегі, ар мен намыстың, қайсарлықтың символы. Ерте замандарда аталарымыз көкжалды пір тұтқан. Себебі, ол қиыншылыққа төзімді, жауларынан да, табиғаттың дүлей күшінен де қорғана алатын күшті, қолға үйретуге көнбейтін, туған жерінен кетпейтін және өз ұяластарын жауға бермейтін, саны көбеймесе азаймайтын жүректі те ақылды, айлакер аң. Бабаларымыз Көкбөрінің бойындағы осы қасиеттерін өз ұрпағының болмысында болуын қалап, балаларына үлгі тұтқан. Сол себепті, ол бүгін де халқымызға символ бола алады.
«Ұран Оты» алаңы. Үш Жүздің алақанына салынған қазан бейнесіндегі алау жағатын орын. Ұлтымызды жасампаздыққа, жақсылыққа, бірлік-берекеге шақыруға және ар-намысымыздың сергектігі мен ішкі тұтастығымызды бейнелейді. Тарихи мағлұматтарға сүйенсек, Отпан тауы ежелгі көшпелілердің рухани орталығы болған. Жаугершілік замандарда ел шетіне жау тигенде, елге хабар беру мақсатында Маңғыстау ойының ең биік жері Отпан тауда Ұран оты жағылған. Бүгінгі таңда бұл жер – ерлік пен елдіктің, бірлік пен келісімнің кіндігі ретінде, жыл сайын Маңғыстау халқының ежелден келе жатқан жыл басы 14 наурыз - Амал мейрамы көрісу күні садақа беріліп, 13-тен 14-не қараған түні – өткенге құрмет, бүгінге қошемет, татулық пен бірліктің, ұлттық мемлекет есебінде қалыптастырған баянды тәуелсіздігіміз жолындағы әр жылғы жеңісіміздің мәңгілік оты - Тағзым Оты жағылады. От жағу рәсіміне өлкеде еңбек етіп өмір сүріп жатқан он екі ата Байұлының (Кіші жүз), Ұлы Жүзбен Орта Жүздің де өлкемізге белгілі зиялы ақсақалдарының өкілдері қатысады. Солардың қолынан өткен факел ең соңында Адай-Атаның сегіз немересінің ұрпақтарының қолымен жағылады. Сонымен қатар бұл алаңда жыл сайын 7 мамыр күні жасы кәмелетке жеткен ер балаларға төлқұжат тапсырылып, отан қорғайтын әскери сарбаздарға ақ жол тілеп, бата беріліп, тәртіп қорғаушы сақшыларға марапаттар тапсырылады.
Бас қақпа Ақтау – Шетпе бағытындағы тас жолдан кешенге бұрылатын жерге 2014 жылы Амал мейрамына қарсы Тобыш ата ұрпақтары тұрғызған нысан. Кешенге кірер қақпа – Адай ата кешенінің босағасы боп есептеледі. Қақпа мәрмәр тастармен қапталған, жағалай талдар мен түрлі бұта, өсімдіктер отырғызылған.
«Қарашаңырақ» ғимараты. Бұл ғимаратты 2015 жылы Амал мейрамын ұйымдастырған Адай атаның кенже немересі Мұңал ата ұрпақтары салып, 14 наурыз күні мекемеге сыйға тартты. Қазақтың жазылмаған дала заңының тәртібі бойынша Алаштың қарашаңырағы Адайдың қолында болса, Адайдың қарашаңырағы Мұңалдың қолында. Осыны ескере отырып, «Қарашаңырақ» бүкіл ұлы істердің алаңы болсын деген ниетпен салынғын. Елбасыдан бастап бүкіл үлкенді-кішілі әкімдер мен шенеуніктер, дуалы ауыз, елге мұрындық болар ақсақалдар мен көзі қарақты зиялы қауым өкілдері бейресми жағдайда кездесуге ыңғайлы. Осы жерде ұлттың келелі, маңызды мәселелері қаралып, болашақтың жоспары құрылып, баталасады.
Бұл нысан бір-біріне дәліз арқылы жалғасқан 1 үлкен, 2 кіші қазақтың киіз үйі формасында салынған 3 нысаннан тұрады. Іші де қазақы киіз үй сипатында безендірілген. «Қарашаңырақтың» үлкен залының ортасына Түркістандағы Тайқазан үлгісінде жасалған қазан орнатылған (Шебері – ......Серік деген шебер). Ол жыл сайын өткізілетін Амал мерекесінен бастап осы маңайдағы түрлі мәдени-рухани көпшілік шараларды өткізуге арналған. Бұл ғимарат Отпан таудың қатал табиғатына тәуелсіз, жылдың кез-келген мезгілінде түрлі деңгейде шаралар өткізуге негізделген. Орталық залда мәдени-көпшілік шаралар өтсе, екі жағында залдардың бірінде түрлі басқосу, дөңгелек стол, кеңестер өткізіліп, екіншісінде ас, дәм беруге арналған.
362 баспалдақ. Маңғыстауда дәстүрлі дініміздің, ұлылар руханиятының ұрығын сепкен және оның үзілмей, бүгінгі ұрпаққа жетуіне себеп болған 362 киелі тұлға - әулиелердің рухына арналған 362 баспалдақ Ақсарай мен Адай Атаның кесенесін жалғастырады. Маңғыстау қойнауында мәңгілік мекен тапқан әулиелердің қасиетті рухы Отпан таудың басына келіп, осы баспалдақпен жүріп өткен жанға шапағаты тиер деген тілекпен ырымдап салынған. Осының негізінде болашақта осы жерде жастардың санасына ұлттық тәрбие ұялататын, ұлтымызғы жүздеген жылдар бойы рухани азық болатын 362 әулиенің нышани ескерткішін тұрғызу жоспарланған.
«Қарашаңыраққа» қарсы беткейде Бата төбе нысаны орын тепкен. Бұл нысанды Қосай ата ұрпақтары салып бастаған. Нысан болашақта ақсақалдардың жастарға, әскер қатарына бара жатқан ұландарға, жас жұбайларға, т.б. бата беретін, келушілердің ғибадат ететін, тағзым орынына айналмақ. Төбенің ең биік жерінде Адайдың жорық жыршысы, әрі ақын, әрі батыр Қалнияздың бейіті бар. Қалнияз Шопықұлы Маңғыстау өлкесінің төл тумасы. 1816 жылы Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында дүниеге келген. Ел аузында «Жорық жыршысы» деген киелі атаққа ие болған тұлға. Ақынның ерекшелігі сол - байға қонып, бәйбішеге түстеніп, оларды мақтап, ел аралап жүрмеді, керісінше ел шетін жаудан қорғаған ерлердің қиын сәтте қасында болып, өлең толғауларымен ерлікке үндеді. Жорық кезінде ерінің бір басында жебе толы қорамсағы, екінші басында топсасынан ашылатын сұқпалы домбырасы болды. Жебесімен дұшпанды атып, домбырасымен сарбаздарға ұрандап, рух берген ол – әрі ақын – жырау және күйші – компазитор, әрі қолына қару алып дұшпанмен шайқасқан жауынгер - батыр. Жорықтың ұраншысы, жігерлендірушісі, дем берушісі болды. 1868 жылы орыс патшасының «Жаңа Низам» деп аталған ережесіне наразы болып көтеріліс жасаған қазақтардың басшысы болып, Жем бойындағы орыс қамалына шабуыл жасайды. Хиуа хандығына қарсы жорықтарға қатысып, сарбаздарды өлең-толғауларымен ерлікке үндеді. Қалнияз Шопықұлы 1870 жылғы патша үкіметінің басқыншы саясатына қарсы бас көтерген Досан Тәжіұлы мен Иса Төленбайұлы бастаған Иса–Досан көтерілісіне қатысқан баскөтерерлердің бірі ретінде қудаланған соң, бас сауғалап тәжік жеріне көшіп кеткен. Өмірінің ақырына дейін туған жері Маңғыстауды сағынып, оған келуді армандап, жырлап өткен. 113 жылдан кейін 2015 жылы мамыр айында ұрпақтары оның аманатын орындап, сүйегі Қаратаудың киелі Отпан тауының баурайына әкеліп қойылды. Мақсат: тарихи тұлғалардың мүрдесін және олардың жасаған ерліктерін құрметтеу арқылы, халықты, болашақ жастарды Отаншылдыққа, партоттық сезімге, ерлікке тәрбиелеу амалдары көзделген. Нәтижесінде «елім» деп өткен ерлердің есімдері мен оның болмысының ұмытылмайтындығын, олардың артында іздеушісі бар екендігін жас ұрпақтың санасына сіңіру, және оларды туған жері – ата қонысын, отанын қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту мен оны санасына қалыптастыруға мүмкіндік береді.
16 мамыр 2017
Алдағы жылдары салынатын тарихи ескерткіштер
1.Ту төбенің жанында арғы қазақ мифологиясына, қазақтың батырлар жырына
сүйене отырып, қазақтың Үш жүзінің азаматтарының күш пен ой біріктіруі
арқасында ел қорғаған баһадүрлерге арналып бірегей образда «Алаш батыры» атты
үлкен ескерткіш-монумент орнатылады.
2. Ту төбе мен Көкбөрі арасын қосатын теппе жол және ортасында «Тәуелсіздік
алаңы» орналасқан. Теппе жолдың екі жағына қазақ жерін қорғаған Ұлы Жүз,
Орта
16 мамыр 2017
Кешендегі ескерткіштер мен нысандар.Кешендегі ескерткіштер мен нысандар
Адай Ата кесенесі маңдайында, 8 бұрышты жұлдыз ортасында бейнеленген 3 тармақты таңба – «үш жүздің басы біріксе алынбайтын қамал жоқ, тәуелсіздіктің тірегі – үш жүздің басының бірлігі» деген мағынаны меңзейді. Кесененің алтын жалатқан қос жақтаулы есігіндегі символдық белгілердің де өзінше мағыналары бар. Есіктің 2 жақтауындағы шеткі бұрыштарда бейнеленген ай мен күн – «Айың тусын оңыңнан, күнің тусын солыңнан» деп айтылатын ізгі тілекті білдіреді. Оның астында «Өмір
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.