Археология залы (Ежелгі Манғыстау тарихы залы)

Б.з.б. VII - IV ғасырларда ерте темір дәуірінде Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Үндістан, Ауғанстан жерлерін мекендеген тайпаларды ежелгі грек тарихшылары азиялык скифтер деп атаса, парсы тарихшылары сақтар деп атаған. Грек деректемелерінде сақтардын бірнеше тайпалары болған: массагет, дай, каспий, аримаспы, исседон деп аталған.
Қазақстан жеріндегі тайпалық  одақтар картасы Ежелгі заман тарихшыларының деректемелерінде б.з.б. VII - IV ғасырларда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен Ассириямен, Мидиямен, Персиямен  қарым -қатынаста болған.  Олар көптеген әлемдік оқиғаларға қатысқан.
Парсы патшасы Кирдің сақтарга қарсы жорығы б.з.б. 530 жылы болды. Массагеттердін әйел патшасы Томирис шайқаста  парсыларды жеңгеннен кейін жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы  Кирдің басын салып,  тұлыпты дарияға ағызып жібереді.
Тарихи деректерде Түрік қағанатының құрылған уақыты  552 жыл. Оның негізін салушы Бумын болды. 552 жылдан 567 жылға дейін 15 жылдың ішінде Қара теңізден бастап Қытай қорғанына дейін Үндістаннан бастап Сібірге дейінгі ұлан ғайыр алқапта ұлы империя еңсе көтереді. 581 жылы басталған дағдарыс 603 жылы біртұтас мемлекеттің екіге бөлінуімен аяқталады.  Батыс түрік қағанаты 603-704 жылдары, шығыс түрік каганаты 682-744 жылдары.

Ғұбайдолла Айдаров-1921 жылы  Емір –Торты  жерінде өмірге келген. Ол –түрколог, филолог, ғылым докторы, ҚР еңбек сінірген ғылым қайраткері. 1933 жылы Түрікменстанның Мары педагогикалық училищесін бітіріп, 1940 жылы Қарабұгаз қаласында қазақ тілінен сабақ берген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, әл- Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің  аспирантурасын бітіреді. 1959 жылы «Тоныкөк ескерткішінің тілі және оның кейбір түркі тілдеріне қатынасы» атты тақырыпта кандидаттық, 1974 жылы «Ерте дәуірдегі түркі жазбалары. Орхон- Енисей және Талас ескерткіші тілінің лексикасы» атты тақырыпта докторлық диссертация  қорғайды. Орхон – Енисей және ескі ұйғыр жазуының  көкейтесті мәселелеріне арналған 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Түркі қағанаты кезіндегі көне түркілердің жазба мәдениет дәстүрінің өмірге келуіне себепкер болған тарихи жағдайлар мен кезеңдердің сыр- сипатына ғылыми талдау жасайды. Ол Қазақстан мен Түркменстанның халық ағарту ісінің үздігі.  
 
 






Археология залы

Сақ дәуірінде Маңғыстау жері көшпелі өркениеттің қайнар көзі болған. Каспий мен Арал теңізі аралығындағы кеңістікте «жеті жұрт келіп, жеті жұрт көшкен». Бірнеше ғасырлар бойы осы мекенде тұрмыс құрып, тіршілік жасаған халықтардың материалдық

Ескерткіштерді зерттеу жұмыстары

Маңғыстау археологтары  ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары Түпқараған ауданының Дікілтас, Меретсай, Түбіжік жерлерінде өткізілді. Табылған құрылыс іргетастарының мұқият талдануы  және алдыңғы жұмыстардың тәжірибелері арқасында

Көне үйіктер

Ежелгі  Маңғыстауды мекендегендердің әдет-ғұрпы мен қол өнерін, дүние танымы мен ақыл-ой парасатын меңзейтін мәдени ескерткіштердің бір түрі – көне үйіктер. Маңғыстау жерінде Тасоба, Қособа , Ақүйік, Қараүйік, Қызылүйік, Жетіүйік аталған үйік төбелер бар. Өліге

Тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер

Ежелгі ата-бабалар өнерін әйгілейтін бір мұра – тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер. Әдемі жинақы жасалған ескерткіштердін бір түрі қойтас. Қойтас аталатын ескерткіштердің бір қатарында қабір үстіне сандықша тас қалап, бетіне көлденең тақта тас жабылған.

Қызылқала

Қызылқала – ежелгі сауда сарайы.  Айналасы  800 метрдей төрт бұрышты. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, іші күйдірген кірпіштен қаланған. Соған  қарап Қызылқала деген атау берілген. Қызылқаланың шығыс бетінен арба кіргендей, батыс бетінен атқа, түйеге

Шерқала

Шерқала – Маңғыстау ауданында орналасқан пирамида пішінді шоқылы бөлек тұрған тау. Кезінде Бозашы түбегінен Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы осы тауда әскери қамал болған. Қамалдың ұзындығы 300 м, биіктігі 207 м. Маңғыстауда болған поляк революционері Б.

Ноғай ордасы

Ноғай ордасы – ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың қолбасшысы Ноғай басқарған  әскери тайпалар мен тікелей маңғыт тайпаларынан кұралған  мемлекеттік бірлестік. Ноғайлар Еділден Ертіске дейін Каспий мен Арал теңіздерінен Тюменге дейінгі аралықты

Археология залы (Ежелгі Манғыстау тарихы залы)

Б.з.б. VII - IV ғасырларда ерте темір дәуірінде Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Үндістан, Ауғанстан жерлерін мекендеген тайпаларды ежелгі грек тарихшылары азиялык скифтер деп атаса, парсы тарихшылары сақтар деп атаған. Грек деректемелерінде сақтардын бірнеше