Ескерткіштерді зерттеу жұмыстары
Маңғыстау археологтары ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары Түпқараған ауданының Дікілтас, Меретсай, Түбіжік жерлерінде өткізілді. Табылған құрылыс іргетастарының мұқият талдануы және алдыңғы жұмыстардың тәжірибелері арқасында ескерткіштердің бастапқы пішіні анықталды. Көптеген бейіттердің арасында жеке әйел бейнесі салынуына қарағанда ол ерте дәуірде Күн құдайына, ананы ардақтап соған табыну заманында жасалған болуы ықтимал. Әйел-құдай жер мен бүкіл хайуанаттар дүниесіне әмір еткенге ұқсайды. Адам бейнесін бейіт бетіне бейнелеу мұсылман дініне дейінгі әдет екенінде дау жоқ.
1970 жылы Қозыбай төрткүлден 60 км қашықтықтағы Қоңдыбай үйігі маңынан 22 тас мүсін сынықтары табылды. Мүсіндер жергілікті жұмсақ тастардан жасалғандықтан желге желініп, бет бедерлері мүжіліп кеткенмен, сынықтарын құрастырғанда көбі дерлік қылыш асынып, белдік байланған, қорамсақ тағынған жауынгерлер екені анықталды. Мүсіннің басы мойыннан сынып, бөлек қалғандықтан бет бедері бұзылған. Бірақ дөңгелек жүзді, молтақ мұрынды жауынгер бейнесін береді. Мойнына әйелдерше 4 қатар шұбыртпа салынған, белінде қошқар мүйізді ілмек тоғалы белбеу. Сол қолымен ішін баса, шынтағын ие ұстаған. Салбыраған оң қолында 4 қатарлы білезік, белінде қанжар, сол жақ қапталындағы қорамсақ ішінде самсаған жебе. Оң қапталына қылыш байлаған. Сол жақ иығына жақын төбесіне үкі шанышқан шошақ бөрік бейнеленген.
Қоңдыбай Серікбол Әділбекұлы (1968-2004) Маңғыстау облысының Құрық ауылында дүниеге келген. 1986-91 жылдар аралығында Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факультетінде геоморфолог (жер бедерін зерттеуші) мамандығы бойынша оқып, үздік бітіріп шықты. Дипломдық жұмысының тақырыбы «Маңғыстау-дағы туризмді дамыту» болатын. С.Қоңдыбай әфсәна-аңыздарды, мифология географиясы тұрғысында мағлұматтар жинап бірнеше кітап жазған. «Маңғыстау географиясы» , «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Есен-қазақ», «Арғықазақ мифологиясы», «Жауынгерлік рух», «Маңғыстау-нама» т.б. кітаптарының авторы. Қазіргі күнде 16 томдық толық шығармалар жинағы шыққан. Бірнеше кітаптары: «Гиперборея: родословие эпохи сновидений» (2 тома), «Мифология предказахов» (2 тома) орыс тіліне аударылды.
Археология залы
Сақ дәуірінде Маңғыстау жері көшпелі өркениеттің қайнар көзі болған. Каспий мен Арал теңізі аралығындағы кеңістікте «жеті жұрт келіп, жеті жұрт көшкен». Бірнеше ғасырлар бойы осы мекенде тұрмыс құрып, тіршілік жасаған халықтардың материалдық
Ескерткіштерді зерттеу жұмыстары
Маңғыстау археологтары ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары Түпқараған ауданының Дікілтас, Меретсай, Түбіжік жерлерінде өткізілді. Табылған құрылыс іргетастарының мұқият талдануы және алдыңғы жұмыстардың тәжірибелері арқасында
Көне үйіктер
Ежелгі Маңғыстауды мекендегендердің әдет-ғұрпы мен қол өнерін, дүние танымы мен ақыл-ой парасатын меңзейтін мәдени ескерткіштердің бір түрі – көне үйіктер. Маңғыстау жерінде Тасоба, Қособа , Ақүйік, Қараүйік, Қызылүйік, Жетіүйік аталған үйік төбелер бар. Өліге
Тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер
Ежелгі ата-бабалар өнерін әйгілейтін бір мұра – тас бетіндегі таңбалар мен бейнелер. Әдемі жинақы жасалған ескерткіштердін бір түрі қойтас. Қойтас аталатын ескерткіштердің бір қатарында қабір үстіне сандықша тас қалап, бетіне көлденең тақта тас жабылған.
Қызылқала
Қызылқала – ежелгі сауда сарайы. Айналасы 800 метрдей төрт бұрышты. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, іші күйдірген кірпіштен қаланған. Соған қарап Қызылқала деген атау берілген. Қызылқаланың шығыс бетінен арба кіргендей, батыс бетінен атқа, түйеге
Шерқала
Шерқала – Маңғыстау ауданында орналасқан пирамида пішінді шоқылы бөлек тұрған тау. Кезінде Бозашы түбегінен Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы осы тауда әскери қамал болған. Қамалдың ұзындығы 300 м, биіктігі 207 м. Маңғыстауда болған поляк революционері Б.
Ноғай ордасы
Ноғай ордасы – ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың қолбасшысы Ноғай басқарған әскери тайпалар мен тікелей маңғыт тайпаларынан кұралған мемлекеттік бірлестік. Ноғайлар Еділден Ертіске дейін Каспий мен Арал теңіздерінен Тюменге дейінгі аралықты
Археология залы (Ежелгі Манғыстау тарихы залы)
Б.з.б. VII - IV ғасырларда ерте темір дәуірінде Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Үндістан, Ауғанстан жерлерін мекендеген тайпаларды ежелгі грек тарихшылары азиялык скифтер деп атаса, парсы тарихшылары сақтар деп атаған. Грек деректемелерінде сақтардын бірнеше
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды