Өлкенің дінтанушы, зерттеушілері

Отыншы Көшбайұлы-1949 Маңғыстауда туған. Атырау пединститутында тарих – филология факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының оқу – ағарту ісінің үздігі. Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2002 жылы «Қайран менің жеңешем», «Маңғыстау ғашықтары», 2005 ж «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау», 2006ж С. Жұбаевпен «Отпанның Нұны» кітаптары жарық көрді. 2007ж «Атадан жеткен асыл тіл» кітаптары жарық көрді. Оразмағанбет Тұрмағанбет туралы деректерді жинақтап, жарық көру үшін жұмыстануда. Оразмағанбет қорының мүшесі.


Нияз Тобыш-1956 ж Иран жерінде дүниеге келген. Мектепті Иранда Гумбет – Қауыста оқиды. Тегеран университетін бітірген. Ағылшын тілінің маманы. Иран жерінде жоғары білім алған алғаш қазақтың бірі, оқуды бітіргеннен кейін атамекендегі ағайындарша байланыс жасауына, сол жақтағы белгілі ақындардың еңбектердің Қазақстанда жарық көруіне көп көмек жасады. Қалың парсы ішіндегі аз ғана қазақтың салт дәстүрлерінің жоғалмауы үшін елден арнайы кітаптар алдырып, туған топырақтың қадірін дәріптейтін әртүрлі қойылымдарды дайындап, ел арасында насихат жұмыстарын жүргізді. 1995ж алғашқы көшпен Маңғыстауға оралады. Қазір Есенов атындағы Ақтау университетіндегі оқытушысы, «Тоты нама» аударма кітабы жарық көрген. Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының негізгі еңбзаманнан ектерінің аударушы.

Себасов Марат Бақбергенұлы-1981 жылы Маңғыстау облысы Шетпе кентінде дүниеге келген. Ислам Араб университетінің дінтану араб тілі факультетін, содан соң Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің инженер – технологиялық факультетін машина жасаудың технология мамандығы бойынша бітірген. Өлкенің ғұлама перзенті Ержан Төлегенұлы хазрет қолданып, мұра еткен «Дақойқұл ахбар (нәзік сырлы хабарлар) және Мунаббихат (жүрек оятушы немесе ескерту) атты кітаптарын араб және шағатай тілдерінен қазақ тіліне аударған. Қазір Ақтау халықаралық теңіз сауда портының инженері.
 






«Маңғыстаудағы ислам» залы

Орта ғасырларда өлке жеріне дін таратушы машайықтар ағылып келеді. 1873 жылы Тифлис қаласында жарық көрген «Сказание о кавказских горцах» брошюрасында оларды Қожа Ахмет Яссауидің шәкірттері деп жазады. Шамамен, 900 жылдай уақыт өтуіне байланысты, бүгінгі заманда сол машайықтардың түгел атын атап, түсін түстеу мүмкін болмай тұр.  Сопы аталардың қалдырған іздері – мәдени қабаты (культурный пласт): жер асты, тау іші мешіттері. Ислам ренессансы Маңғыстауда ХІХ

Өлкенің дінтанушы, зерттеушілері

Отыншы Көшбайұлы-1949 Маңғыстауда туған. Атырау пединститутында тарих – филология факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының оқу – ағарту ісінің үздігі. Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2002 жылы «Қайран менің жеңешем», «Маңғыстау ғашықтары», 2005 ж «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау», 2006ж С. Жұбаевпен «Отпанның Нұны» кітаптары жарық көрді. 2007ж «Атадан жеткен асыл тіл» кітаптары жарық көрді.

Көркембай мешіті

Бейнеу ауданының Манашы сайы бойында салынған Көркембай ахунның мешіті күнінде үлкен білім ордасы болған, бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл мешіт – Маңғыстау өлкесінің 19 ғасырда салынған құрылыстарының ең ірісі әрі сәулет жауһары болып саналады. Төбесінде 18 шағын, 12 үлкен күмбез бар, 30 бөлмеден тұрады. Ортасында үлкен бөлме. Біздің шамалауымыз бойынша әлгі аталған кішке бөлмелерде бөлек – бөлек шәкірттен отырған. Ортадағы үлкен бөлмедегі ұстаздың дауысы барлық

Шақпақ ата жер асты мешіті

Жер асты мешіттерінің аса көркем үлгісі болып табылатын Шақпақ ата мешіті, Түпқараған ауданы Таушық елді мекенінен 40 км солтүстік батыс бағытта Сарытас – Қошақ шығанағына таяу Олғазы тауының етегінде (Шиеліқұдық алқабы) орналасқан. Жартас ішіндегі жасанды үңгір түрінде жасалған мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал (4,5 – 3,22м) арқылы шақпақ тәрізіді орналасып,и дәл солтүстік, оңтүстік, шығыс, батысқа қарай бағытталған. Орталық бөлменің төбесі күмбезделіп, ортасында теп –

Бекет ата жер асты мешіті

Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) Маңғыстау, Үстірт, Атырауды мекендеген Адай тегінен шыққан данасы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылыой  ауданының, Ақкиіз тоғай ауылы. Жаугершіліктің тоқтап, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен бейбіт қарым- қатынас құруды армандаған Бекет діни-ағартушылық жолды түсіп, Хиуаға медрессеге оқуға аттанады.  Шерғазы медресесінде атақты Бақыржан қажыдан дәріс алған Бекет еліне қайтып, ұстазының ісін жалғастырып жер  жерден жер

«Маңғыстаудағы ислам» залы

Маңғыстау жерінің әулиелі мекен екені күллі Қазақстанға белгілі. Еліміздегі  ескерткіштердің көбіде біздің өлкемізде орналасқан. Маңғыстаужерінде сақталған аңыздар бойынша мында жергілікті  халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген. Олардың есімдері негізінен Маңғыстаудың кең даласында жоғалып кеткеннен, халық жадында кең тараған. Шопан ата, Масат ата, Сұлтан үпі, Қараман ата, Шақпақ ата, Бекет ата сияқты әулиелер есімдері сақталған. Жергілікті тұрғындар осы күнге дейін,