Ескерткіштер мен нысандар
Маңғыстау түбегінің кіндігі кәрі Қаратау болса, оның ең биік нүктесі – Отпан шоқысы.
2007 ж. бастап Отпан таудың басына Үш жүздің жақсы мен жайсаңдары жиналып, ата-баба рухына арнап ас беріліп, бостандық пен тәуелсіздіктің, ірілік пен ұлылықтың Ұран отын жағып, елдікке деген ұмтылыс сезімімен, аталар рухынан алған әсерді барған, жүрген жерлерінде айтып, қазақтың кең байтақ еліне таратса, осылай ел іргесі бекітіліп, бүтінделіп, аталар арманы орындалса деген ұлы мақсатпен «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені салынды. Идея авторы – белгілі қоғам қайраткері, көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері Сабыр Адай.
Кешен құрылысы 2005 жылы қазанда басталып, 2007 жылы 25 қазан күні ашылу рәсімі өтті. Кешеннің ашылу салтанатына 500-дей қазақы киіз үйлер тігіліп, Қазақстан мен көршілес республикалардан 50 мыңдай адам қатысты. Бәйгі, ұлттық түрлі спорттық жарыстар және ақындар айтысы, жазба ақындар мүшайрасы басқа да өнер сайыстары ұйымдастырылды.
2017 жылы кешен «Қазақстанның 100 киелі орындарының» тізіміне ерекше тағзым етілетін табиғи мұра ескерткіштері ретінде енгізілді.
Ескерткіштер мен нысандар
Маңғыстау түбегінің кіндігі кәрі Қаратау болса, оның ең биік нүктесі – Отпан шоқысы.
2007 ж. бастап Отпан таудың басына Үш жүздің жақсы мен жайсаңдары жиналып, ата-баба рухына арнап ас беріліп, бостандық пен тәуелсіздіктің, ірілік пен
Алдағы жылдары салынатын тарихи ескерткіштер
1.Ту төбенің жанында арғы қазақ мифологиясына, қазақтың батырлар жырына сүйене отырып, қазақтың Үш жүзінің азаматтарының күш пен ой біріктіруі арқасында ел қорғаған баһадүрлерге арналып бірегей образда «Алаш батыры» атты үлкен
Кешендегі ескерткіштер мен нысандар
Адай Ата кесенесі маңдайында, 8 бұрышты жұлдыз ортасында бейнеленген 3 тармақты таңба – «үш жүздің басы біріксе алынбайтын қамал жоқ, тәуелсіздіктің тірегі – үш жүздің басының бірлігі» деген мағынаны меңзейді. Кесененің алтын жалатқан қос жақтаулы есігіндегі
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды