«Мен Қалнияз деген күреңің!»

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға  Қалнияз атаның тікелей ұрпағы, белгілі шежіреші, Маңғыстау ақын-жырауларының мұраларын жинақтаушы Өмірзақ Қалбаевтың інісі Құлтан Тәуірбаев, Қалнияздың сүйегін Маңғыстауға әкелуге атсалысқан азамат Әби Қарабаев, Атақозы батыр ұрпағы Жұмабай Әсемұлы, аталас ағайыны Еламан Дарханбайұлы, Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев және Жыңғылды селосының Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Қатысушылар әуелі «Бата төбе» басындағы  Қалнияз ақынның бейітіне зиярат етіп, басына құран оқып, дұға бағыштады. Одан шыққан соң «Отпан» МКҚК ұйымдастырған бұл шара кешендегі «Қарашаңырақта» жалғасты. Шараны мекеме ардагері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаев Қалнияз ақынның өміріне арналған «Қалнияз Шопықұлы және оны Отпан тауға қоюдың идеялық маңызы» атты баяндамасымен ашты. Содан соң кезегімен келген қонақтардан Қалнияз атаның тікелей ұрпағы Құлтан Тәуірбаев, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев сөз алды. Көп жылдар Маңғыстау ауданының мәдениет саласында автоклуб меңгерушісі болып істеген, мәдениет майданының майталманы, Шайыр ауылының тұрғыны Тәжиев Қарамырза Қалнияздың «Биік қылып сөйлейін» толғауын асқақтата толғаса, Жыңғылды ауылы мәдениет үйінің қызметкері Бектұров Ниязтұрлы Қалнияздың «Тойбастарын» шалқыта шырқады.

Адайдың жорық жыршысы, қазақтың жауынгер ақыны Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Сам құмында дүниеге келген. Әкесі Шопық Доспамбетұлы жас кезінде Еділ, Жайық өзендері арасындағы Нарын құмын мекендеген. Кейін Маңғыстауға беттеп, Қарақұм, Үстірт жерінде байлардың малшысы болады. Өмірі жалшылықпен өткен Шопықтың Қалнияз, Көлнияз, Ернияз, Қапа, Рақа, Тілеубай атты 6 баласының үлкені Қалнияз қаршадайынан бай малын бағып, өмірдің тауқыметі мен қиындығын ерте татып, ерте ержетіп, қайралып өседі. Ер жетіп, атқа қонған соң қоржынының бір басына сұқпалы домбырасын, екінші басына жебелерді толтырып салып, асынып жүретін болған.

Оған жаратқан Алла небір жақсы қасиеттерді үйіп берген: ол ақпа-төкпе ақын болумен қатар, жыршы, әнші және күйші де болған. Қалнияз осылай заманында сегіз қырлы, бір сырлы тұлға аталған.  Қалнияз Шопықұлы ерлік толғауларымен қатар «Балуанияз», «Ер Қармыс» атты дастандар шығарған.  «Ер Қармыс» жырында :

- Қармыс сынды ер қайда?

Айдын-айдын көл қайда?

Жағалай қонар ел қайда?

Маңғыстаудай жер қайда?

Алпыс басты ақ орда,

Айбарақты көрсетіп,

Төске тігер күн қайда ?

Алтын сандық, алпыс тең

Төрге жинар күн қайда?..

Алтын шашбау тағынып,

Құлпырып шығар күн қайда?

Қатар да қатар қара нар

Қатар тіркер күн қайда?

Қалы кілем жаптырып

  Ырғала көшер күн қайда?..- деп Қармыстың ерлігін суреттей отыра бұрынғы баба дәуренді аңсап, Доспамбетше толғайды.

Сонымен қатар шаршы топта қарсыласқа дес бермес, есе жібермес азулы айтыс ақыны да болған.  Бізге жеткен Кете Тәжібаймен, Жаскілеңмен айтыстары, Хиуа ханының тұтқынына түсіп, алдына барғанда сөйлеген сөздері ақынның сөзден дауыл да тұрғызар, кесте де тоқи алар құдіретін көрсетеді. Ол «Байұлыға белгілі, ұстазым – Тіней Өгізбай» деп Өгізбайды ұстаз тұтып өткен.

Ресей империясы үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесіне» наразылық білдіріп, қарсылық көрсеткен Маңғыстау қазақтарының Иса, Досан батырлар бастаған көтерілісі Ресей тарапынан аяусыз басылғаннан кейін біраз ауыл Хорезм өңіріне ауа көшеді. Бұл мекенде де көп тұрақтамай, 1870 – 1885 жылдар аралығында бірқатар Адай, Табын ауылдарын бастап тәжік жеріне өтіп, одан көшіп Ауғанстанның Гөрібағлан деген жеріне тоқтайды. Бірақ жергілікті ауған әкімдерінің талауына көне алмай Есембет Балжігіт, Жанжігіт және Бәли Марқабай батырлардың ұрыса көшуімен сол ауылдардың бірқатары қайта тәжік жеріне көшеді. Бұқар әміріне қарасты бұл аймақты қоныс ету үшін Байбақты Нұрмағамбет пен Қырықмылтық Жарған қажылар-дың қызмет етуі арқасында, бұрын елсіз жатқан жерлерді мекен етеді.

Ақын қартайған шағында өлең-толғаулар шығарып, жорықтарға бірге аттанған батырларды сағына еске алып, ата қоныс, туған жерін аңсап, елден шалғай жүргеніне налиды. Қолайлы қоныста отырса да елді аңсап, ата мекенге оралу ниетімен бірқатар ауылмен бірге Душанбе, Гиссар бетке көшеді. Бірақ ол мақсатына жете алмай, Қалнияз 1902 жылы 86 жасында Гиссар қыстағында сол жерді мекендеген қазақтар арасында дүниеден өтіп, сонда жерленеді. 2015 жылы Алланың қалауымен, Маңғыстау халқының сұрауымен, артынан өнген ұрпақтары ата мекеніне әкеліп, ақынның киелі сүйегі өзі аңсап, жырлап өткен Маңғыстауына әкелініп, кәрі Отпан тау етегіне,  «Адай ата – Отпан тау» кешені маңайынан мәңгілік мекен тапты. 

«Отпан» МКҚК мен Жыңғылды селосы Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың өнерлі оқушылары қатысуымен дайындалған, Қалнияз ақынның жырларынан құрылған әдеби-көркем көрініс қатысушылар назарына ұсынылды. Өскелең ұрпақтың өлең мен жырға деген құмарлығы мен орындауға деген ұмтылысы тыңдаушыларды ризалық сезімге бөледі. Әсіресе Қалнияз ақын бейнесін сомдаған Хожабаев Жәмшидтің өлең оқу мәнері көпшілікке ерекше ұнады.

Шара соңында Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов сөз сұрап, мекеме құрылғаннан бері табан аудармай қызмет етіп келе жатқан еңбегі үшін Дәуітов Бөкенбайға «Қосай ата» меделін тапсырды. Қатысушыларға биыл ғана «Сардар» баспасынан шыққан «Қалнияз едім күнінде» атты Қалнияз ақынның жырлар жинағы тарту етілді. Шараға 41 адам қатысып, 2 экскурсия өткізілді.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 23:38  Оқылған саны: 16110




15 наурыз 2025

Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
icon

13-14 наурыз күндері "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде Қосай ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен дәстүрлі Амал мерекесі тойланды. Мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде тұрып жатқан ата ұрпақтары мен қатар мерекені тамашалауға келген

Жәрияланған уақыты: 14:16  

10 наурыз 2025

"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
icon

Аналар мерекесі қарсаңында "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде кәсіпорын қызметкерлерінің аналарына арналған "Өмірдің нәрі -әлемнің бәрі" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға Советов Болатжанның анасы Садықова Жазық апай, Шораева Гүлбанудың

Жәрияланған уақыты: 12:55  

1 наурыз 2025

Ұлы күйші ұлықталды
icon

28 ақпан күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен Тұщыбек бөбекжай-мектебінде Маңғыстау күй мектебінің көшбасшысы, күйші-композитор Есір Айшуақұлының туғанына 185 жыл толуына арналған шара өткізілді. Шара барысында мектеп оқушыларына дәулескер күйшінің өмірі

Жәрияланған уақыты: 09:55  

26 ақпан 2025

«Отпандық» экскурсовод жүлделі болды
icon

25 ақпан күні Шетпе кенті С.Қоңдыбай мемориалдық музейінде облыстағы музейлердің экскурсоводтары арасында облыстық жарыс болып өтті. Жарысқа кешеннің жас экскурсия жүргізушісі Тайман Талант қатысып, бірнеше үміткерлер

Жәрияланған уақыты: 09:54  

14 ақпан 2025

Отпанда «Ұрпаққа мұра» акциясы өтті
icon

13 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Ақсарай ғимаратында «ҰРПАҚҚА МҰРА» акция-шарасы өтті. Шара халықтың  тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын  қолөнер бұйымдарын, қылқалам туындыларын, тұрмыстық бұйымдар, ескі қолжазбалар мен

Жәрияланған уақыты: 12:32  

31 қаңтар 2025

«Өлке мақтаныштары» — асыл тұқымды адай жылқысын өсіріп, баптағандар.
icon

30 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауына  орай «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде қазақтың Адай тұқымды жылқысын өсіріп, асылдандыруға

Жәрияланған уақыты: 15:24  

6 желтоқсан 2024

«САЛБУРЫН-2024»
icon

5 желтоқсаны күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде халқымыздың бекзат өнері саятшылық пен құсбегілікке және өлкеміздің өнерлі өрені құсбегі, суретші, ұстаз Ертіс Мырзакелдіұлы Есжановты еске алуға арналған дәстүрлі

Жәрияланған уақыты: 09:12  

8 қазан 2024

КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
icon

2024 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан

Жәрияланған уақыты: 14:36  

20 қыркүйек 2024

Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.
icon

18 қыркүйек күні кешенде «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» атты шара аясында Жармыш ауылының қолөнер шеберлері мен өнерпаздары өнер көрсетті. Бұл дәстүрлі шара халық «Адайдың жеті қайқысы» атаған Маңғыстаудың дүлдүл

Жәрияланған уақыты: 07:21  

9 қыркүйек 2024

Қазақтың ұлттық тағамдары дәріптелді
icon

8 қыркүйек күні «Адай – Ата Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдарды насихаттауға арналған дәстүрлі «Берекелі дастархан» шарасы өтті. Айтулы шараға «Абысын – ажын» облыстық келіндер

Жәрияланған уақыты: 05:33  

31 тамыз 2024

"Бірлік керуені" - Отпантауда!
icon

30 тамыз күні Астана қаласында 8-14 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына баратын Маңғыстау облысының "Бірлік керуені" өлкенің көптеген киелі жерлерін аралай келіп, Сұлтан епенің торсыққа құйылған шипалы суымен

Жәрияланған уақыты: 10:44  

30 тамыз 2024

"Биіктік" - Ақтауда!
icon

29 тамыз күні  ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтау қаласы теңіз жағасында айлы кеште "Отпан" кәсіпорнының ұйымдастыруымен кешен ардагері, ҚР мәдениет саласының үздігі, сазгер-ақын Данияр Аралбаевтың 75 жасына орай гитарада ән

Жәрияланған уақыты: 10:10  

26 маусым 2024

«Шұбат мерекесі»
icon

26 маусым күні Тұщыбек ауылында "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы, Тұщыбек туберкулезды 

Жәрияланған уақыты: 06:51  

20 маусым 2024

АЙ АСТЫНДА — АЛТЫБАҚАН.
icon

20 маусым күні өткен жылғы жасалған екі жақты меморандум негізінде кешенге тәжірибе алмасу мақсатында келген Қызылорда облыстық "Қорқыт ата" мемориалды музейі мен Шымкент қаласы "Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып" орталығы қызметкерлерінің және

Жәрияланған уақыты: 06:25  

10 маусым 2024

«КӨКМОЙНАҚ» командасына құрмет көрсетілді
icon

8 маусым күні "Адай ата- Отпан тау" кешені және "Ұлы дала жорығы" РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен облыстың жаңа әкімі Н.И.Қилыбай мен биылғы "Ұлы дала жорығы" марафонында жүлделі 2-орын алған "Көкмойнақ" командасы

Жәрияланған уақыты: 17:21  

3 маусым 2024

Таушықта "Бала шақтан — болашаққа" шарасы қызықты өтті
icon

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Адай ата- Отпан тау" кешені мен Таушық ауылы мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп Таушық ауылы балаларына арнап дәстүрлі "Бала шақтан — болашаққа" шарасын өткізді. Шара барысында түрлі

Жәрияланған уақыты: 17:07  

23 мамыр 2024

Отпан тауда ауа-райын болжаушы, есепшімен кездеу өтті
icon

22 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені Қарашаңырақ ғимаратында "Жаңа айдан - жақсылық" атты ауа-райының есепшісі, шежіре жинақтаушы, кәсіпкер Әнес Сегізбай ағамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жыңғылды ауылының Есір

Жәрияланған уақыты: 09:03  

20 мамыр 2024

Ұлт өнерiн ұлықтаған ұтады
icon

17 мамыр «Сән үлгісі – көркем мінез» деп аталатын ұлттық киім үлгілерінің шеруіне арналған шара «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, қазіргі күнде дәстүрлі шараға айналды. Биыл да сол үрдістен айнымай

Жәрияланған уақыты: 11:14  

17 мамыр 2024

«Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс музейлерінің экскурсия жүргізушілері арасында облыстық сайыс өткізілді
icon

15 мамыр күні Бейнеу кентінде Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына орай «Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс

Жәрияланған уақыты: 11:13  

6 мамыр 2024

Асыл ағаның аты аталып, ескерткіш тақта қойылды
icon

4 мамыр күні “Адай ата -Отпан тау” тарихи-мәдени кешені құрылысының бастамашы, демеушілердің бірі Қазақстанның құрметті энергетигі, “Қарашаңырақ” ғимараты құрылысының негізін салушылардың бірі, Ақтау қаласының құрметті азаматы Майлыбай

Жәрияланған уақыты: 17:48  

4 мамыр 2024

Отан үшін от кешкендер
icon

3 мамырда "Адай ата - Отпан тау" кешенінде маңғыстаулық майдангерлер Еділханұлы Бекқожаға 110 жыл, Рзаханұлы Биқасқа 100 жыл толуына орай кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отан үшін от кешкендер" атты ардагерлердің ұрпақтарымен кездесу-шара

Жәрияланған уақыты: 17:21  

20 сәуір 2024

Кешен қызметкерлері форумға қатысты
icon

18 сәуір Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Маңғыстау артефактілері тарихи деректерде" атты форум болып өтті. Форумда "Отпан" МКҚК директорының орынбасары

Жәрияланған уақыты: 19:18  

11 сәуір 2024

Кешенде мажарлық қазақ ғалымымен кездесу өтті.
icon

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы

Жәрияланған уақыты: 18:07  

11 сәуір 2024

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде мажарлық ғалыммен кездесу өтті
icon

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы Мандоки арнайы ат басын бұрып келді.

Жәрияланған уақыты: 17:17