Ата кәсіп – аңшылық
Қаңтар айының сенбісінде Иірдің ойындағы Айрақты тауының етегінде «Отпан» МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Ата кәсіп – аңшылық" атты құсбелік пен саятшылыққа арналған этнотанымдық шара өтті. Бұл шара 2013 жылдан бері оқушыларға арналып, танымдық этношара есебінде өткізіліп келген еді. Яғни бүркітті үй қоянына, ителгі мен қаршығаны кептерге түсіріп, шырға тартып дегендей. Биылғы шараның ерекшелігі – жалпы саятқұмар көпшілікке арналып, табиғат аясында шынайы жағдайда өткізілгендігі. Облыстың әр тарабынан жинаған саятқұмарлар Қаратау бауырындағы кішкентай ғана ауыл Тұщыбекте (енді аңшылар ауылы, бүркітшілер ауылы десе де болар) тоқайласты. Сол ауылдағы бүркітшілермен кеңесе келіп, Иірдің ойына, Айрақты тауына қарай бағыт алды. Заманында бұл өнерді кәсіп қылып қақпан құрған, ит жүгіртіп, құс салған аталарымыз Бәубек Айназар Тасқынбайұлы, Бабық Нұр Оңдағанұлы, Төлеп Жұмай Айтөлесұлы, Медет Нұрғали Көбегенұлы, Құдайберген Сәтиман Тінейұлы, Тастемір Сұлтангелді Жайлыұлы, Қыдырша Сүйін Мырзаұлы, Кедей Мұқан Тастықараұлы, Шоңай Алдаберген Ақшабаев, Құнанорыс Іздібай, Тоқсанбай секілді аңшылар осы саятшылық өнердің бізге дейін жетуіне зор еңбектері сіңген.
Кешегі кеңес заманында қағажу көріп, жойылып кетуге айналған киелі өнерді міне енді қазіргі жас ұрпақ қолға алып, дамытуда. Солардың бір шоғыры осы Тұщыбек ауылында тұрады. Шараны жүргізуші саятқұмарларды солармен таныстырып өтті. Олар: өлкемізге ғана емес республикамыздың көптеген жерінде қолтаңбасы қалған белгілі тамшы шебер, шеберлігімен қатар құсбегілік өнерді бала жасынан армандап өскен, енді сол арманын жүзеге асырып, саятшылық, құсбегілікті насихаттап, шәкірт ертіп, осы өнердің дамуына атсалысып келе жатқан азамат Мереке Өтеғалиев. Және сол Мерекенің соңына еріп, құс баулып, республикалық жарыстарға қатысып, кейбірі жүлделі орын алып та үлгерген Советов Өтежан, Есжанов Ертіс, Тайманов Айшуақ атты азаматтар.
Күні бойы көліктен түспейтін жастар мен күнұзын кеңседе компьютердің алдынан алыстамайтын ағайындар табиғат аясында тыныстап, бой жазып, сергіп қайтты. Дархан дала мен қыстың қатал табиғатын тамашалап, оған қоса ата-бабаларының киелі кәсібі, өрелі өнері құсбегілік пен саятшылықты көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей естен кетпес әсер алып қайтты. Яғни, саяхаттан қирап емес, қанаттанып, ширап қайтты. Аңшылар да олжалы оралды. Алпыс екі айлалы түлкі бикеш айласын асырып, уысқа түспегенмен саятшылардың қанжығалары қанданып, бірнеше «қалқанқұлақты» байлап қайтты. «Болашақта осы дәстүрді жалғастырса, балаларымызды үйірмеге бергендей үнемі қатыстырар едік» деп ризалықпен тілек білдіреді шараға атсалысқан ақтаулық блогер Берік Дауенов.
Шараны өткізудегі мақсат – жұртшылыққа ата кәсіп әрі бекзат өнер саятшылықты насихаттау, сонымен қатар қазіргі қазақтар заманауи түрлі қарулармен жабдықтанып, аңды қырып салмай, ата-бабамыздың салтымен кәсіп пен өнерді ұштастырып, Мәтжан би айтпақшы «көңіл қарын мен көже қарынның» қамын астастырып, бүгінді ғана емес ертеңді де ойлап әрекет жасаса деген ниет те бар. Шараға құмартып, аудандардан азаматтардың хабарласып жатқанына, тіпті «Лада» газеті мен сайтынан хабарландыруды оқып (көмегі үшін «Лада» газетіне, қызметкері Садырова Гүлмираға ерекше алғыс айтамыз) облыс орталығынан басқа ұлт өкілдерінің де келуіне қарағанда бағыт дұрыс сияқты.
Шараға тазылары мен төбетін ертіп, өз көліктерімен, отбасыларымен келген азаматтарға: Ерлан, Нұрлан және Ерсұлтан есімді ұлдарын ертіп келген қарақиялық Жарылғасов Ықылас, 2015-2016 жылдардағы батыс аймақтық жеңімпазы Сұңқар атты маңғыстаулық төбеттің иесі, ит сайысы бойынша халықаралық дәрежедегі төреші Байжанақов Әбунасыр сияқты этношараға келіп, белсене қатысқан ұлт өнеріне жанкүйер, саятқұмар азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мұндай жанашыр азаматтар барда ұлт өнері ешқашан өшпейді!
Жомарт Айдарбек, «Отпан» МКҚК
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.

Балалықтың базары қаншалықты қызыққа толы болса, баланың ақыл-ойы мен дүниетанымы соншалықты жан-жақты дамиды. Балалық шақта адам өмiрiне жақсы әсер алса, болашақта қалыптасатын тұлғаның да жаман болмасы анық. Осы орайда Халықаралық балаларды
Жәрияланған уақыты: 15:086 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.

3 маусым күнi "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенi қызметкерлерiнің ұйымдастыруымен Қызылөзен елдi мекенiнде қазақ елінің жүрегіне мәңгілік із қалдырған ұлы тұлға, композитор Шәмшi Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай "Шiркiн, Шәмшi әндерi-ай" атты
Жәрияланған уақыты: 14:573 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты мен міндеті: Конференцияның мақсаты мен міндеті:
• Түркі халықтарының бірлігі, достығы мен ынтымағын дәріптеу;
• Ортақ рухани және мәдени мұраларды таныстыру;
• Ұлттық киімдер мен
Жәрияланған уақыты: 17:344 мамыр 2025
Отан үшін от кешкен майдангерлер.

3 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешенінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангер жерлестеріміз Шалабаев Әбдірахман және ағайынды Ізтұрған мен Байтұрған Меңдіқұловтарға арналған "Отан үшін от кешкендер" атты дәстүрлі шара болып
Жәрияланған уақыты: 11:0825 сәуір 2025
Оқушылар туған жер табиғаты аясында.

16, 17 және 24 сәуір күндері "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отпан тау етегінде және Тұщыбек ауылының бағында дәстүрлі "Туған жер табиғатында" шарасы өтті. Шараға Жыңғылды, Тұщыбек мектебі
Жәрияланған уақыты: 11:1416 сәуір 2025
Қойнауына кие қонған Маңғыстау КОНКУРСЫ

Кешен қызметкері жүлдегер болды.
15 сәуір күні Шетпе ауылындағы "Серікбол Қондыбайдың мемориалдық музейі" МКҚК-нің 10 жылдығына орай музей қызметкерлері арасында "Қойнауына кие қонған Маңғыстау" атты Серікбол
Жәрияланған уақыты: 17:4324 наурыз 2025
Тұщыбек ауылында Наурыз мерекесі тойланды.

Бүгін Тұщыбек ауылында ауыл әкімі Тәжиев Ғани мен белсенді жастарының ұйымдастыруымен "Наурыз" мерекесі аталып өтті. Мерекеге жиналған ауыл тұрғындары бір кісідей ұйымшылдықпен қатыстып, шара мерекелік шерумен басталды. Мейрамға сай киінген
Жәрияланған уақыты: 17:4015 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті

13-14 наурыз күндері "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде Қосай ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен дәстүрлі Амал мерекесі тойланды. Мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде тұрып жатқан ата ұрпақтары мен қатар мерекені тамашалауға келген
Жәрияланған уақыты: 14:1610 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"

Аналар мерекесі қарсаңында "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде кәсіпорын қызметкерлерінің аналарына арналған "Өмірдің нәрі -әлемнің бәрі" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға Советов Болатжанның анасы Садықова Жазық апай, Шораева Гүлбанудың
Жәрияланған уақыты: 12:551 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды

28 ақпан күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен Тұщыбек бөбекжай-мектебінде Маңғыстау күй мектебінің көшбасшысы, күйші-композитор Есір Айшуақұлының туғанына 185 жыл толуына арналған шара өткізілді. Шара барысында мектеп оқушыларына дәулескер күйшінің өмірі
Жәрияланған уақыты: 09:5526 ақпан 2025
«Отпандық» экскурсовод жүлделі болды

25 ақпан күні Шетпе кенті С.Қоңдыбай мемориалдық музейінде облыстағы музейлердің экскурсоводтары арасында облыстық жарыс болып өтті. Жарысқа кешеннің жас экскурсия жүргізушісі Тайман Талант қатысып, бірнеше үміткерлер
Жәрияланған уақыты: 09:5414 ақпан 2025
Отпанда «Ұрпаққа мұра» акциясы өтті

13 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Ақсарай ғимаратында «ҰРПАҚҚА МҰРА» акция-шарасы өтті. Шара халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын қолөнер бұйымдарын, қылқалам туындыларын, тұрмыстық бұйымдар, ескі қолжазбалар мен
Жәрияланған уақыты: 12:3231 қаңтар 2025
«Өлке мақтаныштары» — асыл тұқымды адай жылқысын өсіріп, баптағандар.

30 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауына орай «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде қазақтың Адай тұқымды жылқысын өсіріп, асылдандыруға
Жәрияланған уақыты: 15:246 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»

5 желтоқсаны күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде халқымыздың бекзат өнері саятшылық пен құсбегілікке және өлкеміздің өнерлі өрені құсбегі, суретші, ұстаз Ертіс Мырзакелдіұлы Есжановты еске алуға арналған дәстүрлі
Жәрияланған уақыты: 09:128 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.

2024 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан Жәрияланған уақыты: 14:36
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.

18 қыркүйек күні кешенде «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» атты шара аясында Жармыш ауылының қолөнер шеберлері мен өнерпаздары өнер көрсетті. Бұл дәстүрлі шара халық «Адайдың жеті қайқысы» атаған Маңғыстаудың дүлдүл
Жәрияланған уақыты: 07:219 қыркүйек 2024
Қазақтың ұлттық тағамдары дәріптелді

8 қыркүйек күні «Адай – Ата Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдарды насихаттауға арналған дәстүрлі «Берекелі дастархан» шарасы өтті. Айтулы шараға «Абысын – ажын» облыстық келіндер
Жәрияланған уақыты: 05:3331 тамыз 2024
"Бірлік керуені" - Отпантауда!

30 тамыз күні Астана қаласында 8-14 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына баратын Маңғыстау облысының "Бірлік керуені" өлкенің көптеген киелі жерлерін аралай келіп, Сұлтан епенің торсыққа құйылған шипалы суымен
Жәрияланған уақыты: 10:4430 тамыз 2024
"Биіктік" - Ақтауда!

29 тамыз күні ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтау қаласы теңіз жағасында айлы кеште "Отпан" кәсіпорнының ұйымдастыруымен кешен ардагері, ҚР мәдениет саласының үздігі, сазгер-ақын Данияр Аралбаевтың 75 жасына орай гитарада ән
Жәрияланған уақыты: 10:1026 маусым 2024
«Шұбат мерекесі»

26 маусым күні Тұщыбек ауылында "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы, Тұщыбек туберкулезды Жәрияланған уақыты: 06:51
20 маусым 2024
АЙ АСТЫНДА — АЛТЫБАҚАН.

20 маусым күні өткен жылғы жасалған екі жақты меморандум негізінде кешенге тәжірибе алмасу мақсатында келген Қызылорда облыстық "Қорқыт ата" мемориалды музейі мен Шымкент қаласы "Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып" орталығы қызметкерлерінің және
Жәрияланған уақыты: 06:2510 маусым 2024
«КӨКМОЙНАҚ» командасына құрмет көрсетілді

8 маусым күні "Адай ата- Отпан тау" кешені және "Ұлы дала жорығы" РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен облыстың жаңа әкімі Н.И.Қилыбай мен биылғы "Ұлы дала жорығы" марафонында жүлделі 2-орын алған "Көкмойнақ" командасы
Жәрияланған уақыты: 17:213 маусым 2024
Таушықта "Бала шақтан — болашаққа" шарасы қызықты өтті

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Адай ата- Отпан тау" кешені мен Таушық ауылы мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп Таушық ауылы балаларына арнап дәстүрлі "Бала шақтан — болашаққа" шарасын өткізді. Шара барысында түрлі
Жәрияланған уақыты: 17:0723 мамыр 2024
Отпан тауда ауа-райын болжаушы, есепшімен кездеу өтті

22 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені Қарашаңырақ ғимаратында "Жаңа айдан - жақсылық" атты ауа-райының есепшісі, шежіре жинақтаушы, кәсіпкер Әнес Сегізбай ағамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жыңғылды ауылының Есір
Жәрияланған уақыты: 09:03
Соңғы хабарлар
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
06 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
03 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.












Интернет-ресурстарға сілтемелер