КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.

2024 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан күндерi аралығында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының "Отпан" МКҚК директоры Ж.Кетеева, бөлiм меңгерушiсi Р.Қаржаубаева, әдiскер З.Еңсегенова "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығына тәжірибе алмасу бағытында iссапарға барып қайтты. Сапардың бірінші күні кешен қызметкерлері "Ұлытау" ұлттық тарихи- мәдени, табиғи қорық қызметкерлерiмен бiрлесе отырып, іс, тәжiрибе алмасып, Алаша хан, Жошы хан кесенелерiне, Домбауыл, Дүзен батыр мазарларына зиярат етіп, "Жошы хан" кешеніне, Хан ордасына, Алтын шоқы жотасына сапар шегіп, көптеген тарихи жерлерді аралап қайтты.

Келесі күні музей-қорығының сапар орталығында тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда қос музейдің директорлары атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндап, алдағы уақытқа жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын іс-шаралар барысы талқыланды. Бұдан кейін «Отпан" қызметкерлері музей-қорықтың музей экспозицияларымен, музей қорымен танысты.

Одан әрі кешен қызметкерлері Ұлытау өңірінде орналасқан Хан ордасында, Әмір-Темірдің 1391 жылғы жазбасы бар тақтасы қойылған Алтын шоқы тарихи орындарын аралап шықты.

Сапар нәтижесінде екі кешен қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, көптеген фото, видео материалдар жинақталып, мұражай қорына тапсырылды. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 14:36  Оқылған саны: 2174




21 қыркүйек 2013

"Ақтау қаласының 50 жылдығы"
icon

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата

Жәрияланған уақыты: 12:32  

1 шілде 2013

«Бала – ертеңіміздің иесі»
icon

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық  мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:10  

24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40