«Астана қаласына — 25 жыл».

6 шілде күні Астана қаласының 25 жылдығына орай Ақтау қаласында теңіз жағасындағы амфитеатр алаңында «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы — Отпан» жылжымалы көрмесі орналастырылып, кешен қызметкерлері Ж.Айдарбек пен Р.Қаржаубаева қала тұрғындары мен қонақтарына көрмені таныстырды және қала қонақтарын кешенге саяхатқа шақырып, жарнамалық материалдарды таратты.  

Жәрияланған күні: 6 шілде 2023Жәрияланған уақыты: 09:51  Оқылған саны: 574




13 қыркүйек 2023

Заң қызметкерлері Ата заң күні кешенге арнайы келіп, экскурсия жасады.
icon

30 тамыз күні ҚР Конституциясы күніне орай Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің бір топ қызметкерлері "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне арнайы келіп, "Ақсарай" мұражайын аралап, танысты. Кешен қызметкерлері З.Еңсегенова, Д.Сырым және Г.Шораева келушілерге кешеннің тарихы туралы айта отырып, мұражайға экскурсия жасап, экспозициямен таныстырды. 

Жәрияланған уақыты: 15:13  

12 шілде 2023

«Көк мойнақтың дүбірі»
icon

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде кейінгіге өнеге қылып айтуға тұрарлық жиын болды. Әуелі сөз алған ел азаматтары Көбесов Махамбет пен Қалдаманов Есенбай жақында Абай облысында болған 140 шақырымдық бәйгеде 2-орын алған Көкмойнақ тұлпардың жүлдесін беруде ыңғайсыздықтың орын алғанын, бірақ оның ел мен ел азаматтарының арасына көлеңке түсірмеуге тиіс екенін айта келіп, ел азаматтарының ұйғаруымен Абай елінде өткен тұлпарлар бәйгесінде

Жәрияланған уақыты: 09:33  

10 шілде 2023

«Отпантаудан — Ұлытауға» !
icon

10 шілде күні Бүгін "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде «Отпантаудан – Ұлытауға» атты аймақтың суретшілер экспедициясын сапарға аттандыруға орай жоспардан тыс шара болып өтті. Шараны "Отпан" МКҚК қызметкерлері, Маңғыстау аудандық мәдениет бөлімі мен аудандық жастар бірлестігі ұйымдастырды. Ақ жаулықты аналар экспедиция мүшелеріне ақ жол тілеп, шұбат пен бауырсақ ұсынып, ауыл ақсақалы Тәжиев Қарамырза ақ батасын

Жәрияланған уақыты: 09:49  

6 шілде 2023

«Астана қаласына — 25 жыл».
icon

6 шілде күні Астана қаласының 25 жылдығына орай Ақтау қаласында теңіз жағасындағы амфитеатр алаңында «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы — Отпан» жылжымалы көрмесі орналастырылып, кешен қызметкерлері Ж.Айдарбек пен Р.Қаржаубаева қала тұрғындары мен қонақтарына көрмені таныстырды және қала қонақтарын кешенге саяхатқа шақырып, жарнамалық материалдарды таратты.  

Жәрияланған уақыты: 09:51  

30 маусым 2023

"БЕРЕКЕЛІ ДАСТАРХАН" шеберлік шарасы келушілердің алғысына бөленді.
icon

30 маусым күні "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Тұщыбек ауылының қолы епті келіндері Тажимуратова Амангул, Сагинова Балшырын мен кешен қызметкерлерінен құралған қолы епті, аспаздардың қатысуымен ұлтымыздың дәмді де нәрлі тағамдарын дайындаудан «Берекелі дастархан» атты шеберлік шарасы өткізілді. Табиғат аясында, Ақсарай мұражайы қасында тігілген киіз үй жанында ошақ құрылып, от жағылып, қара қазанда небір дәмі тіл

Жәрияланған уақыты: 12:38  

16 маусым 2023

«Биіктік» шарасына 3 ауылдың тұрғындары мен әкімдері қатысты.
icon

15 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде облысымызда гитара аспабында ән айтып, өнер көрсетіп, көпшілікке танымал болып жүрген өнерпаздардың ауыл жастарына, ауыл тұрғындарына арналған «Биіктік» (қазақтың бард-әншісі, марқұм Табылды Досымовтың аттас әнін Отпан шоқысымен байланыстыра аталған) ән кеші өтті. Бұл шара биыл екінші рет өткізіліп отыр. Шараға арнайы шақырылған елге танымал өнерпаздар Гүлайым Қожантайқызы, Әзімбек Сүбіханов, Ғани Әбішов,

Жәрияланған уақыты: 16:56  

12 маусым 2023

«Отпан» МКҚК Шайыр ауылы балаларына мереке жасады.
icon

6 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірге Шайыр ауылының балабақша тәрбиеленушілері мен ауыл бүлдіршіндеріне, мектеп жанынан ашылған лагерь оқушыларына мереке ұйымдастырды. Алдыңғы шара «Ескі сүрлеулермен» атты қызықты, квест-ойындар ауылдың жоғарғы бетіндегі тау етегінде ұйымдастырылды. Ойынның шарты: сайдың қалтарыс-қуыстарына алдын-ала тығып қойған түрлі

Жәрияланған уақыты: 17:47  

29 мамыр 2023

Айылыңды тартайын, ел намысын артайын
icon

26 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері Тұщыбек негізгі орта мектебі оқушыларына "Айылыңды тартайын, ел намысын артайын" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты – адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан, жылқы түлігінің тарихын, қазақ жылқыларының тұқымдары, қазақ тарихындағы атақты жылқылар, оның атаулары, әбзелдері, атқа міну мәдениеті т.б. туралы оқушыларды таныстыру. Мектеп оқушыларына жылқы туралы қызықты

Жәрияланған уақыты: 17:06  

24 мамыр 2023

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде облыстың мәдениет пен өнер қызметкерлері тимбилдинг өткізді.
icon

21 мамыр Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыс мәдениет саласының қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті. Демалыс шараға облыстық мәдениет, архив істері және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов, орынбасарлары Гүлнар Базаралиева мен Гүлзайда Төлеуғалиева және облыстық мәдениет саласына қатысты барлық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері

Жәрияланған уақыты: 17:53  

17 мамыр 2023

Отпан тауда музей мамандарының сайысы өтті.
icon

16 мамыр күні Халықаралық музей күні қарсаңында «Адай ата – Отпан тау» кешенінде «Есте жоқ ескі замандарда...» музей мамандары арасындағы облыстық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты облыстағы музейлердің жас мамандарының білімін ширатып, шеберлігін шыңдау еді.

Сайысқа облыстағы мұражайлардан 7 музей маманы қатысты.

  1. Түгелбай Нұрбек – Маңғыстау облыстық

    Жәрияланған уақыты: 17:45  

5 мамыр 2023

Ерлерді сағынғанда
icon

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушыларына Маңғыстаудың баһадұр батырлары Шабай Қонысұлына 255 жыл, Балуанияз Мүсірепұлына 205 жылдығына және жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлына ерлік жырларына арналған "Ерлерді сағынғанда" атты шара /сабақ өткізілді. Сабақты кешеннің бөлім меңгерушісі Мұратбек Кәдірбаев жүргізді. Сабақта батырлардың ерлігі Қалнияз ақынның жырлары жүргізушінің

Жәрияланған уақыты: 17:21  

5 мамыр 2023

ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
icon

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы ҚХА төрағасының орынбасары, «Достлуг» Әзербайжан этно- мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахвердиоглы, МО «Самур» Ақтау лезгин этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Селимов

Жәрияланған уақыты: 17:15  

14 наурыз 2023

Амал-2023
icon

Құрметті өлке тұрғындары! Қадірлі ата-аналар! Халықаралық деңгейде тойланғалы отырған "Амал-2023" мерекесі аясында 14 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Тұсауыңды кесейін - күрмеуіңді шешейін" атты этнографиялық шара өтеді. Шара барысында елімізге, өлкемізге белгілі тұлғалар сәбилердің тұсауын кеседі. Перзенттеріңіздің өмірге алғашқы қадамын киелі орында басуға, елге сыйлы, аузы дуалы, батагөй тұлғалардың себеп болып, тұсауын кескенін

Жәрияланған уақыты: 11:58  

26 ақпан 2023

25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау"
icon

25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде, биылғы Амал мерекесін ұйымдастырушы Тобыш ата ұрпақтары сенбілік өткізді. Шараға 250-дей адам қатынасып, шарбақтар мен газ трубаларын сырлау және ғимараттардың іші-сыртын әрлеу жұмыстарын жасады. Бас қақпа айналысындағы талдарға тамшылата суару құрал-жабдықтары мен Қарашаңырақ ғимаратына жылу желісін орнатты. "Бірігіп көтерген жүк жеңіл" демекші Адай ата ұрпақтарының

Жәрияланған уақыты: 12:00  

20 ақпан 2023

Мифологияға саяхат
icon

Бүгін Маңғыстау аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейде "Мифологияға саяхат" атты облыстық экскурсоводтар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: жас мамандарды патриоттық бағытта тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiруге, қазақтың салт-дәстүрiн танып бiлуге және қазақ мифология ғылымының негiзiн салушы С.Қондыбайдың өмiрi мен шығармашылығы туралы ой-танымын арттыру. Бұл сайыс С.Қондыбайдың 55 жылдығына орай өткiзiлген болатын.

Сайыс 5

Жәрияланған уақыты: 11:55  

31 қаңтар 2023

Отпан тауда «Салбурын-2023» шарасы өтті.
icon

Үстіміздегі жылдың 28 қаңтары күні «Отпан» МКҚК мен облыстық құсбегілер федерациясы бірігіп «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.

Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты, соған қатысты өнерпаздықты халық арасында насихаттау, оған жастар мен оқушылардың қызығушылығын арттыру. Шараны

Жәрияланған уақыты: 17:16  

23 желтоқсан 2022

Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері
icon

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де Жалау Мыңбаевтың 130 жылдығына арналған "Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. 

Жәрияланған уақыты: 17:11  

19 желтоқсан 2022

Тәуелсіздік - тұғырым
icon

Тәуелсіздік күні қарсаңында кешенде "Тәуелсіздік - тұғырым" атты тақырыптық экскурсия өткізіліп, оған Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқушыларға тәуелсіздіктің қазаққа қалай келгені, ол үшін әрісі Қазақ хандығының құрылуы, берісі Алаш арыстарының, 1986 жылы желтоқсанда көптеген құрбан болған қазақ жастары туралы айтылып өтті. 

Жәрияланған уақыты: 16:50  

14 желтоқсан 2022

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Алаш арыстары» көрмесі ашылды
icon

Желтоқсан айының 13 жұлдызы күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Алаш қозғалысының 105 жылдығы және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш арыстары» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.

Шараға ҚР мәдениет саласының үздігі, Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, кешен ардагері Данияр Аралбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, шежіреші, ақын Қаржаубай Рейімбайұлы, Желтоқсан

Жәрияланған уақыты: 16:39  

10 қараша 2022

Данияр Аралбаевтың шығармашылық концерті
icon

Сәрсенбінің сәтінде Ұштаған ауылында осы ауылдың тумасы, "ҚР Мәдениет саласының үздігі", Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, сазгер және "Отпан" кәсіпорнының ардагері Данияр Аралбаевтың Ұштаған ауылының 90 жылдығына арналған "Туған жерге тағзым" атты шығармашылық концерті болып өтті. Концертке өлкемізге және республикаға белгілі бір топ әншілер қатысты. Атап айтар болсақ, "Аймақтар

Жәрияланған уақыты: 16:23  

22 қазан 2022

Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі
icon

"Адай ата- Отпан тау" кешенінде Республика күніне және кешеннің 15 жылдығына арналған "Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі" атты көпшілік шара өтті. Шараға кешен құрылысын салуға, насихаттауға атсалысқан азаматтар мен Есір Айшуақұлы атындағы және Тұщыбек негізгі орта мектептерінің оқушылары қатысты.

Шараны тарих бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Кәдірбаев жүргізді. "1990 жылдары ССРО-ның тігісі сөгіліп, күні жақындап келе

Жәрияланған уақыты: 16:09  

1 қазан 2022

Оқушыларына арналған туристік саяхат
icon

Отпан таудағы Адай ата тарихи-мәдени кешенінде алуан түрлі іс-шаралар, кештер, кездесулер, экскурсиялар, лекциялар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жастарға, оқушыларға арналған арнайы шараларымызда жетерлік. Облыстың түкпір-түкпірінен кешенді көру үшін бірталай балалар келіп кетеді.

Таулы табиғат аясында орналасқан қасиетті Отпан тау жылдың төрт мезгілінде де ерекше болып тұрады.

Күні

Жәрияланған уақыты: 16:04  

30 қыркүйек 2022

ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН

Қыркүйектің 29 жұлдызы күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде "Отпан" МКҚК және Шайыр селолық мәдениет үйі бірлескен "Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен" атты этнографиялық сазды шара өтті. Шарада екі жақтың өнерпаздары Адайдың жеті қайқысының бейнелерін сомдап, әндерін орындады. Абыл ақын мен Балдай қыздың айтысы мен Қашаған ақынның Есқали сұпыға айтқан атақты сөздерінің желісі бойынша көріністер көрсетілді.

Жәрияланған уақыты: 15:56  

28 тамыз 2022

Берекелі дастархан

Өткен аптаның сенбісі күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде "Берекелі дастархан" атты қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауға арналған шеберлік сабақ-шара болып өтті. Шараға өлкемізде туристік сапарда дем алып жүрген көрші республикалардан келген қонақтар қатысты. Қонақтарға кешеннің қызметкерлері Н.Түркпенбаева, З.Еңсегенова, М.Нарешова, Р.Қаржаубаева мен жыңғылдылық Нұржамал Нұрасылова бауырсақ, құрт, балқаймақ, таба нан шыжықпен және қатырылған секер тағамдарының

Жәрияланған уақыты: 15:52