«Салбурын -2017»
2 ақпан күні қазақ халқының саятшылық, құсбегілік өнеріне арналған жергілікті Тұщыбек ауылы құсбегілерінің қатысуымен дәстүрлі «Салбурын» атты дәстүрлі танымдық–этнографиялық шара өткізілді.Шараға Шайыр орта мектебі, Тұщыбек негізгі орта, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары, саят өнері жанкүйерлерінің бір тобы қатысты. Құсбегілер саят құстарын ұшырып жіберіп қолға шақырып қондыру машығын, шеберлігін көрсетіп, оларды шырғаға, қоянға, кептерге түсіру сынақтарынан өткізді, оқушыларға саятшылық пен салбурын туралы лекция оқылды.
13 қыркүйек 2023
Заң қызметкерлері Ата заң күні кешенге арнайы келіп, экскурсия жасады.
30 тамыз күні ҚР Конституциясы күніне орай Маңғыстау аудандық ішкі істер
бөлімінің бір топ қызметкерлері "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени
кешеніне арнайы келіп, "Ақсарай" мұражайын аралап, танысты. Кешен
қызметкерлері З.Еңсегенова, Д.Сырым және Г.Шораева келушілерге кешеннің
тарихы туралы айта отырып, мұражайға экскурсия жасап, экспозициямен
таныстырды.
12 шілде 2023
«Көк мойнақтың дүбірі»
"Адай ата-Отпан тау" кешенінде кейінгіге өнеге қылып айтуға тұрарлық жиын болды. Әуелі сөз алған ел азаматтары Көбесов Махамбет пен Қалдаманов Есенбай жақында Абай облысында болған 140 шақырымдық бәйгеде 2-орын алған Көкмойнақ тұлпардың жүлдесін беруде ыңғайсыздықтың орын алғанын, бірақ оның ел мен ел азаматтарының арасына көлеңке түсірмеуге тиіс екенін айта келіп, ел азаматтарының ұйғаруымен Абай елінде өткен тұлпарлар бәйгесінде
Жәрияланған уақыты: 09:3310 шілде 2023
«Отпантаудан — Ұлытауға» !
10 шілде күні Бүгін "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде «Отпантаудан – Ұлытауға» атты аймақтың суретшілер экспедициясын сапарға аттандыруға орай жоспардан тыс шара болып өтті. Шараны "Отпан" МКҚК қызметкерлері, Маңғыстау аудандық мәдениет бөлімі мен аудандық жастар бірлестігі ұйымдастырды. Ақ жаулықты аналар экспедиция мүшелеріне ақ жол тілеп, шұбат пен бауырсақ ұсынып, ауыл ақсақалы Тәжиев Қарамырза ақ батасын
Жәрияланған уақыты: 09:496 шілде 2023
«Астана қаласына — 25 жыл».
6
шілде күні Астана қаласының 25 жылдығына орай Ақтау қаласында теңіз
жағасындағы амфитеатр алаңында «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы
— Отпан» жылжымалы көрмесі орналастырылып, кешен қызметкерлері
Ж.Айдарбек пен Р.Қаржаубаева қала тұрғындары мен қонақтарына көрмені
таныстырды және қала қонақтарын кешенге саяхатқа шақырып, жарнамалық
материалдарды таратты.
30 маусым 2023
"БЕРЕКЕЛІ ДАСТАРХАН" шеберлік шарасы келушілердің алғысына бөленді.
30 маусым күні "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Тұщыбек ауылының қолы епті келіндері Тажимуратова Амангул, Сагинова Балшырын мен кешен қызметкерлерінен құралған қолы епті, аспаздардың қатысуымен ұлтымыздың дәмді де нәрлі тағамдарын дайындаудан «Берекелі дастархан» атты шеберлік шарасы өткізілді. Табиғат аясында, Ақсарай мұражайы қасында тігілген киіз үй жанында ошақ құрылып, от жағылып, қара қазанда небір дәмі тіл
Жәрияланған уақыты: 12:3816 маусым 2023
«Биіктік» шарасына 3 ауылдың тұрғындары мен әкімдері қатысты.
15 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде облысымызда гитара аспабында ән айтып, өнер көрсетіп, көпшілікке танымал болып жүрген өнерпаздардың ауыл жастарына, ауыл тұрғындарына арналған «Биіктік» (қазақтың бард-әншісі, марқұм Табылды Досымовтың аттас әнін Отпан шоқысымен байланыстыра аталған) ән кеші өтті. Бұл шара биыл екінші рет өткізіліп отыр. Шараға арнайы шақырылған елге танымал өнерпаздар Гүлайым Қожантайқызы, Әзімбек Сүбіханов, Ғани Әбішов,
Жәрияланған уақыты: 16:5612 маусым 2023
«Отпан» МКҚК Шайыр ауылы балаларына мереке жасады.
6 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірге Шайыр ауылының балабақша тәрбиеленушілері мен ауыл бүлдіршіндеріне, мектеп жанынан ашылған лагерь оқушыларына мереке ұйымдастырды. Алдыңғы шара «Ескі сүрлеулермен» атты қызықты, квест-ойындар ауылдың жоғарғы бетіндегі тау етегінде ұйымдастырылды. Ойынның шарты: сайдың қалтарыс-қуыстарына алдын-ала тығып қойған түрлі
Жәрияланған уақыты: 17:4729 мамыр 2023
Айылыңды тартайын, ел намысын артайын
26 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері Тұщыбек негізгі орта мектебі оқушыларына "Айылыңды тартайын, ел намысын артайын" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты – адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан, жылқы түлігінің тарихын, қазақ жылқыларының тұқымдары, қазақ тарихындағы атақты жылқылар, оның атаулары, әбзелдері, атқа міну мәдениеті т.б. туралы оқушыларды таныстыру. Мектеп оқушыларына жылқы туралы қызықты
Жәрияланған уақыты: 17:0624 мамыр 2023
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде облыстың мәдениет пен өнер қызметкерлері тимбилдинг өткізді.
17 мамыр 2023
Отпан тауда музей мамандарының сайысы өтті.
16 мамыр күні Халықаралық музей күні қарсаңында «Адай ата – Отпан тау» кешенінде «Есте жоқ ескі замандарда...» музей мамандары арасындағы облыстық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты облыстағы музейлердің жас мамандарының білімін ширатып, шеберлігін шыңдау еді.
Сайысқа облыстағы мұражайлардан 7 музей маманы қатысты.
- Түгелбай Нұрбек – Маңғыстау облыстықЖәрияланған уақыты: 17:45
5 мамыр 2023
Ерлерді сағынғанда
5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушыларына Маңғыстаудың баһадұр батырлары Шабай Қонысұлына 255 жыл, Балуанияз Мүсірепұлына 205 жылдығына және жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлына ерлік жырларына арналған "Ерлерді сағынғанда" атты шара /сабақ өткізілді. Сабақты кешеннің бөлім меңгерушісі Мұратбек Кәдірбаев жүргізді. Сабақта батырлардың ерлігі Қалнияз ақынның жырлары жүргізушінің
Жәрияланған уақыты: 17:215 мамыр 2023
ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы ҚХА төрағасының орынбасары, «Достлуг» Әзербайжан этно- мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахвердиоглы, МО «Самур» Ақтау лезгин этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Селимов
Жәрияланған уақыты: 17:1514 наурыз 2023
Амал-2023
Құрметті өлке тұрғындары! Қадірлі ата-аналар! Халықаралық деңгейде тойланғалы отырған "Амал-2023" мерекесі аясында 14 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Тұсауыңды кесейін - күрмеуіңді шешейін" атты этнографиялық шара өтеді. Шара барысында елімізге, өлкемізге белгілі тұлғалар сәбилердің тұсауын кеседі. Перзенттеріңіздің өмірге алғашқы қадамын киелі орында басуға, елге сыйлы, аузы дуалы, батагөй тұлғалардың себеп болып, тұсауын кескенін
Жәрияланған уақыты: 11:5826 ақпан 2023
25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау"
25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде, биылғы Амал мерекесін ұйымдастырушы Тобыш ата ұрпақтары сенбілік өткізді. Шараға 250-дей адам қатынасып, шарбақтар мен газ трубаларын сырлау және ғимараттардың іші-сыртын әрлеу жұмыстарын жасады. Бас қақпа айналысындағы талдарға тамшылата суару құрал-жабдықтары мен Қарашаңырақ ғимаратына жылу желісін орнатты. "Бірігіп көтерген жүк жеңіл" демекші Адай ата ұрпақтарының
Жәрияланған уақыты: 12:0020 ақпан 2023
Мифологияға саяхат
Бүгін Маңғыстау аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейде "Мифологияға саяхат" атты облыстық экскурсоводтар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: жас мамандарды патриоттық бағытта тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiруге, қазақтың салт-дәстүрiн танып бiлуге және қазақ мифология ғылымының негiзiн салушы С.Қондыбайдың өмiрi мен шығармашылығы туралы ой-танымын арттыру. Бұл сайыс С.Қондыбайдың 55 жылдығына орай өткiзiлген болатын.
Сайыс 5
Жәрияланған уақыты: 11:5531 қаңтар 2023
Отпан тауда «Салбурын-2023» шарасы өтті.
Үстіміздегі жылдың 28 қаңтары күні «Отпан» МКҚК мен облыстық құсбегілер федерациясы бірігіп «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.
Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты, соған қатысты өнерпаздықты халық арасында насихаттау, оған жастар мен оқушылардың қызығушылығын арттыру. Шараны
Жәрияланған уақыты: 17:1623 желтоқсан 2022
Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де Жалау Мыңбаевтың 130 жылдығына арналған "Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
19 желтоқсан 2022
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні қарсаңында кешенде "Тәуелсіздік - тұғырым" атты тақырыптық экскурсия өткізіліп, оған Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқушыларға тәуелсіздіктің қазаққа қалай келгені, ол үшін әрісі Қазақ хандығының құрылуы, берісі Алаш арыстарының, 1986 жылы желтоқсанда көптеген құрбан болған қазақ жастары туралы айтылып өтті.
14 желтоқсан 2022
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Алаш арыстары» көрмесі ашылды
Желтоқсан айының 13 жұлдызы күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Алаш қозғалысының 105 жылдығы және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш арыстары» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.
Шараға ҚР мәдениет саласының үздігі, Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, кешен ардагері Данияр Аралбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, шежіреші, ақын Қаржаубай Рейімбайұлы, Желтоқсан
Жәрияланған уақыты: 16:3910 қараша 2022
Данияр Аралбаевтың шығармашылық концерті
Сәрсенбінің сәтінде Ұштаған ауылында осы ауылдың тумасы, "ҚР Мәдениет саласының үздігі", Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, сазгер және "Отпан" кәсіпорнының ардагері Данияр Аралбаевтың Ұштаған ауылының 90 жылдығына арналған "Туған жерге тағзым" атты шығармашылық концерті болып өтті. Концертке өлкемізге және республикаға белгілі бір топ әншілер қатысты. Атап айтар болсақ, "Аймақтар
Жәрияланған уақыты: 16:2322 қазан 2022
Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі
"Адай ата- Отпан тау" кешенінде Республика күніне және кешеннің 15 жылдығына арналған "Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі" атты көпшілік шара өтті. Шараға кешен құрылысын салуға, насихаттауға атсалысқан азаматтар мен Есір Айшуақұлы атындағы және Тұщыбек негізгі орта мектептерінің оқушылары қатысты.
Шараны тарих бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Кәдірбаев жүргізді. "1990 жылдары ССРО-ның тігісі сөгіліп, күні жақындап келе
Жәрияланған уақыты: 16:091 қазан 2022
Оқушыларына арналған туристік саяхат
Отпан таудағы Адай ата тарихи-мәдени кешенінде алуан түрлі іс-шаралар, кештер, кездесулер, экскурсиялар, лекциялар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жастарға, оқушыларға арналған арнайы шараларымызда жетерлік. Облыстың түкпір-түкпірінен кешенді көру үшін бірталай балалар келіп кетеді.
Таулы табиғат аясында орналасқан қасиетті Отпан тау жылдың төрт мезгілінде де ерекше болып тұрады.
Күні
Жәрияланған уақыты: 16:0430 қыркүйек 2022
ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН
Қыркүйектің 29 жұлдызы күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде "Отпан" МКҚК және Шайыр селолық мәдениет үйі бірлескен "Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен" атты этнографиялық сазды шара өтті. Шарада екі жақтың өнерпаздары Адайдың жеті қайқысының бейнелерін сомдап, әндерін орындады. Абыл ақын мен Балдай қыздың айтысы мен Қашаған ақынның Есқали сұпыға айтқан атақты сөздерінің желісі бойынша көріністер көрсетілді.
Жәрияланған уақыты: 15:5628 тамыз 2022
Берекелі дастархан
Өткен аптаның сенбісі күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде "Берекелі дастархан" атты қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауға арналған шеберлік сабақ-шара болып өтті. Шараға өлкемізде туристік сапарда дем алып жүрген көрші республикалардан келген қонақтар қатысты. Қонақтарға кешеннің қызметкерлері Н.Түркпенбаева, З.Еңсегенова, М.Нарешова, Р.Қаржаубаева мен жыңғылдылық Нұржамал Нұрасылова бауырсақ, құрт, балқаймақ, таба нан шыжықпен және қатырылған секер тағамдарының
Жәрияланған уақыты: 15:52
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.