Шетел білімі – Отан игілігіне

Ақпан айының 16 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай университетінің түлектері: «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның қызметкері Ерсұлтан Исламов мен «Си Бу» компаниясының инженері Саламат Айдарбек, Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық университеттің түлегі және «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің қызметкері Махаббат Жубанисова және Жыңғылды ауылындағы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары қатысты.
Шараның басында кешеннің көпшілік-экскурсия бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек кешен тарихы және кешенде өткізілген шаралар туралы қысқаша тоқталып, келуші жас мамандарға жұмыстарында табыс тіледі. Содан соң шетел оқу орнын бітірген жас мамандарға кезек берілді. Мамандар кезегімен оқушылар алдына шығып, дайындалған слайдтар бойынша оқушыларға университетте оқып жүрген кезеңдерінен әдемі әңгіме өрбітті. Соңынан оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір бөлісіп, шетелде оқу туралы көптеген мағлұматтар алды. Шара соңынан қонақтарға кәсіпорын атынан ескерткіш сыйлықтар тарту етілді.

Енді шараға қатысқан маман жастарды таныстырып өтейік:

Исламов Ерсұлтан Ғұбайдұллаұлы 1994 жылы туған. 13 мектеп-гимназиясын 2009 жылы тәмамдап, Қытай Халық Республикасында 2009 – 2011 жылдар аралығында қытай тілін меңгеріп, 2011 жылы Қытай Мұнай Университетіне «Мұнай ісі» мамандығына түсіп, 2015 жылы бітірді. Бүгінгі күнде «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясының қызметкері. Ол өзі дайындаған «Қытайда оқып жүр, талай қазақ баласы...» деген слайд-презентациясын оқушыларға таныстырып, қызықты әңгімелеп берді.

Айдарбек Саламат Жомартұлы 1992 жылы туған. 2011 жылы Маңғыстау политехникалық колледжін «Автоматика және басқару жүйелері» мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы Қытай мұнай университетінің «Геология, мұнай барлау» факультетіне түсіп, 2016 жылы бітірді. Қазіргі күнде Маңғыстаудағы «Си Бу» компаниясында инженер болып істейді.

Жубанисова Махаббат Нұржанқызы 1997 жылы туған. 2004 – 2015 жылдары Мұнайлы ауданының №1 орта мектебін оқып, бітірген. 2015 – 2019 жылдары Алматы облысындағы Сүлеймен Демирель атындағыуниверситетін «Журналистика мамандығы бойынша оқып жатыр. 2019 жылдың қаңтар айынан «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де қызмет істейді.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 16:58  Оқылған саны: 15235




13 наурыз 2024

13-14 наурыз күндері "Адай ата-Отпан тау" кешенінде Амал мерекесі халықаралық деңгейде дүрілдеп өтті.
icon

Мерекеге көрші Иран, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден өкілдер келді. Жыңғылды ауылы маңындағы атшабар алаңда ошақ бәйге, аламан бәйге өткізіліп, еліміздің әр жерінен жүйріктер қатысып, бәйге тартысты өтті. Бас жүлде -

Жәрияланған уақыты: 12:33  

7 наурыз 2024

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Аналар күні аталып өтті.
icon

Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елдің қамын ойлаған – ер мінезді арулар» атты кездесу кеші өтті. Аналар күніне арналған биылғы шараның мақсаты ауылдық әкімшілікте қызмет

Жәрияланған уақыты: 12:44  

9 ақпан 2024

"Жастықты жалмаған соғыс". Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толды
icon

1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес үкіметі басшыларының шешімімен ауған жеріне кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы кіргізілді. Сол әскердің қатарында Қазақстан азаматтары да болды. Иә, ол кезде қазақ елі Кеңестік Социалистік Республикалар

Жәрияланған уақыты: 11:20  

15 қараша 2023

КИЕЛІ КЕСЕНЕЛЕР МЕН КЕШЕНДЕРГЕ САЯХАТ
icon

5 – 11 қараша күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешен директоры Ж.Кетеева, қызметкерлері Ж.Айдарбек, Р.Қаржаубаева Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен салт-дәстүр орталығына, асиетті Қазығұрт маңайында бой

Жәрияланған уақыты: 09:29  

1 қараша 2023

Отпантауда «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» дәстүрлі шарасы өтті
icon

31 қазан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Адайдың жеті қайқысы» аталып кеткен Қаржау Тұрсын Алдашұлы, Медет Жылкелді Теңізбайұлы, Жаңай Өскінбай Қалмамбетұлы, Мая Досат Бәймембетұлы, Жаманадай Тастемір Боранқұлұлы, Кенже

Жәрияланған уақыты: 17:24  

23 қазан 2023

"Тәуелсіз елдің ұланымыз"
icon

23 қазан күні кешенде Республика күніне арналған "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты патриоттық шара өтті. Шараға Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы мектептің және С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шараның

Жәрияланған уақыты: 12:03  

13 қыркүйек 2023

Заң қызметкерлері Ата заң күні кешенге арнайы келіп, экскурсия жасады.
icon

30 тамыз күні ҚР Конституциясы күніне орай Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің бір топ қызметкерлері "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне арнайы келіп, "Ақсарай" мұражайын аралап, танысты. Кешен қызметкерлері З.Еңсегенова, Д.Сырым және

Жәрияланған уақыты: 15:13  

12 шілде 2023

«Көк мойнақтың дүбірі»
icon

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде кейінгіге өнеге қылып айтуға тұрарлық жиын болды. Әуелі сөз алған ел азаматтары Көбесов Махамбет пен Қалдаманов Есенбай жақында Абай облысында болған 140 шақырымдық бәйгеде 2-орын алған Көкмойнақ тұлпардың

Жәрияланған уақыты: 09:33  

10 шілде 2023

«Отпантаудан — Ұлытауға» !
icon

10 шілде күні Бүгін "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде «Отпантаудан – Ұлытауға» атты аймақтың суретшілер экспедициясын сапарға аттандыруға орай жоспардан тыс шара болып өтті. Шараны "Отпан" МКҚК қызметкерлері, Маңғыстау

Жәрияланған уақыты: 09:49  

6 шілде 2023

«Астана қаласына — 25 жыл».
icon

6 шілде күні Астана қаласының 25 жылдығына орай Ақтау қаласында теңіз жағасындағы амфитеатр алаңында «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы — Отпан» жылжымалы көрмесі орналастырылып, кешен қызметкерлері Ж.Айдарбек пен Р.Қаржаубаева қала

Жәрияланған уақыты: 09:51  

30 маусым 2023

"БЕРЕКЕЛІ ДАСТАРХАН" шеберлік шарасы келушілердің алғысына бөленді.
icon

30 маусым күні "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Тұщыбек ауылының қолы епті келіндері Тажимуратова Амангул, Сагинова Балшырын мен кешен қызметкерлерінен құралған қолы епті, аспаздардың қатысуымен ұлтымыздың дәмді де нәрлі

Жәрияланған уақыты: 12:38  

16 маусым 2023

«Биіктік» шарасына 3 ауылдың тұрғындары мен әкімдері қатысты.
icon

15 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде облысымызда гитара аспабында ән айтып, өнер көрсетіп, көпшілікке танымал болып жүрген өнерпаздардың ауыл жастарына, ауыл тұрғындарына арналған «Биіктік» (қазақтың бард-әншісі, марқұм Табылды

Жәрияланған уақыты: 16:56  

12 маусым 2023

«Отпан» МКҚК Шайыр ауылы балаларына мереке жасады.
icon

6 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірге Шайыр ауылының балабақша тәрбиеленушілері мен ауыл бүлдіршіндеріне, мектеп жанынан ашылған лагерь оқушыларына мереке

Жәрияланған уақыты: 17:47  

29 мамыр 2023

Айылыңды тартайын, ел намысын артайын
icon

26 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері Тұщыбек негізгі орта мектебі оқушыларына "Айылыңды тартайын, ел намысын артайын" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты – адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан, жылқы

Жәрияланған уақыты: 17:06  

24 мамыр 2023

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде облыстың мәдениет пен өнер қызметкерлері тимбилдинг өткізді.
icon

21 мамыр Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыс мәдениет саласының қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті. Демалыс шараға облыстық мәдениет,

Жәрияланған уақыты: 17:53  

17 мамыр 2023

Отпан тауда музей мамандарының сайысы өтті.
icon

16 мамыр күні Халықаралық музей күні қарсаңында «Адай ата – Отпан тау» кешенінде «Есте жоқ ескі замандарда...» музей мамандары арасындағы облыстық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты облыстағы музейлердің жас мамандарының білімін ширатып, шеберлігін шыңдау

Жәрияланған уақыты: 17:45  

5 мамыр 2023

Ерлерді сағынғанда
icon

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушыларына Маңғыстаудың баһадұр батырлары Шабай Қонысұлына 255 жыл, Балуанияз Мүсірепұлына 205 жылдығына және жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлына ерлік

Жәрияланған уақыты: 17:21  

5 мамыр 2023

ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
icon

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы

Жәрияланған уақыты: 17:15  

14 наурыз 2023

Амал-2023
icon

Құрметті өлке тұрғындары! Қадірлі ата-аналар! Халықаралық деңгейде тойланғалы отырған "Амал-2023" мерекесі аясында 14 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Тұсауыңды кесейін - күрмеуіңді шешейін" атты этнографиялық шара өтеді. Шара

Жәрияланған уақыты: 11:58  

26 ақпан 2023

25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау"
icon

25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде, биылғы Амал мерекесін ұйымдастырушы Тобыш ата ұрпақтары сенбілік өткізді. Шараға 250-дей адам қатынасып, шарбақтар мен газ трубаларын сырлау және ғимараттардың іші-сыртын әрлеу

Жәрияланған уақыты: 12:00  

20 ақпан 2023

Мифологияға саяхат
icon

Бүгін Маңғыстау аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейде "Мифологияға саяхат" атты облыстық экскурсоводтар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: жас мамандарды патриоттық бағытта тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiруге, қазақтың салт-дәстүрiн танып бiлуге және

Жәрияланған уақыты: 11:55  

31 қаңтар 2023

Отпан тауда «Салбурын-2023» шарасы өтті.
icon

Үстіміздегі жылдың 28 қаңтары күні «Отпан» МКҚК мен облыстық құсбегілер федерациясы бірігіп «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.

Жәрияланған уақыты: 17:16  

23 желтоқсан 2022

Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері
icon

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де Жалау Мыңбаевтың 130 жылдығына арналған "Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. 

Жәрияланған уақыты: 17:11  

19 желтоқсан 2022

Тәуелсіздік - тұғырым
icon

Тәуелсіздік күні қарсаңында кешенде "Тәуелсіздік - тұғырым" атты тақырыптық экскурсия өткізіліп, оған Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқушыларға тәуелсіздіктің қазаққа қалай келгені, ол үшін әрісі Қазақ хандығының

Жәрияланған уақыты: 16:50