"Бірлік керуені" - Отпантауда!
30 тамыз күні Астана қаласында 8-14 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына баратын Маңғыстау облысының "Бірлік керуені" өлкенің көптеген киелі жерлерін аралай келіп, Сұлтан епенің торсыққа құйылған шипалы суымен Отпан тауға тоқтады. Адай ата кесенесіне зиярат етіп, Маңғыстау ауданының жұртшылығымен кездесіп, атадан бата алып аттанды. Керуенді облыс, аудан мәдениет қызметкерлері мен "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлері қарсы алып, ұлы сапарға ақ ниетпен шығарып салды.
2 шілде 2022
Қазағымның үнісің сен, домбыра
Ұлттық домбыра күні қарсаңында "Отпан"МКҚК "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлері Тұщыбек ауылында Отпан АуылыЖәрияланған уақыты: 15:38
16 маусым 2022
Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына іс-сапар
Маңғыстау облысындағы «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешені «Отпан» МКҚК қызметкерлері "Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болып, ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, құжаттау жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты. Жұмыс барысында маңғыстаулық әріптестер музей-қорыққа қарасты ғылыми-зерттеу бөлімі, қор сақтау,
Жәрияланған уақыты: 15:233 маусым 2022
Бала шақтан-болашакка
"Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірлесе отырып халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Тұщыбек ауылының балдырғандарына арнап "Бала шақтан -болашаққа" атты шара ұйымдастырды. Шара аясында балдырғандарға түрлі ойындар ойнатып, ал қуыршақ театры театрлық танымдық қойылым көрсетті. Ата-аналардың көмегімен балдырғандарға тәттілер мен сусындар таратылып, ауыл әкімі Б.Қалдығұлов балаларды мерекесімен
Жәрияланған уақыты: 12:3914 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
14-15 сәуір күні кешен қызметкері Құралай Ізімбергенованың ұйымдастыруымен өткізілген "Ескі сүрлеулермен" атты туған өлкені тануға арналған танымдық шараға Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушылары қатысты. Оқушыларға өлке тарихына байланысты сұрақтар қойылып, туристік ойындар ойналып, карталар жасырылып, тапқырларға заттай сыйлықтар берілді.
Алдағы уақытта облыс, аудан мектептерінің оқушылары мен студенттерімен
Жәрияланған уақыты: 11:2510 мамыр 2022
Ай астында -Алтыбақан
Маусым айының соңғы күні таулы аймақта орналасқан "Адай ата-Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде дәстүрлі этнографиялық "Ай астында -Алтыбақан" атты іс-шара ұйымдастырылды. Тарихтан тамыр тартатын, ежелден қазақ жастарының негізгі ойын -сауығы болып саналатын "Алтыбақан" қазіргі таңда "Адай ата - Отпан тау тарихи - мәдени кешенінің жыл сайын
Жәрияланған уақыты: 12:465 мамыр 2022
ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы ҚХА төрағасының орынбасары, «Достлуг» Әзербайжан этно- мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахвердиоглы, МО «Самур» Ақтау лезгин этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Селимов
Жәрияланған уақыты: 17:155 мамыр 2022
Ж.Қалдықараевқа 100 жыл
"Ер есімі - ел есінде".
Кеңес Одағының Батыры Ж.Қалдықараевқа -100 жыл.
Жеңіс күні қарсаңында маңғыстаулық Кеңес Одағының Батыры Жұмағали Қалдықараевтың 100 жылдығына орай Ақпан ата ұрпақтарымен бірге өткізуге жоспарланған шара болып өтті. 2017 жылы Ақпан ата ұрпақтары бір топ ел азаматтары, Батырдың туыстарымен бірге
Жәрияланған уақыты: 12:084 мамыр 2022
Жігіттің сұлтаны-2022
Отпанға кел көргің келсе сұлтанды...
14 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Бұзау ата ұрпақтарының демеушілігімен өнерлі де қайратты, сегіз қырлы бір сырлы жігіттер арасында "Жігіт сұлтаны-2022" атты сайыс болып өтті.
Сайысқа сегіз арыс адай ұрпақтарынан іріктелген 7 жігіт қатысты.
Жәрияланған уақыты: 12:364 мамыр 2022
Сән үлгісі - көркем мінез
4 мамыр күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Сән үлгісі - көркем мінез" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киімдер шеруі өтті. Шараның мақсаты қазақтың түрлі стильдегі ұлттық киімдерін және көпшіліккке көрінбей жүрген жергілікті шеберлер мен олардың өнімдерін насихаттау болатын. Қонақтар мен көрермендерге республикаға, облысқа танымал сән ательелері мен жеке шеберлер туындыларының топтамасы таныстырылды. Дефилеге
Жәрияланған уақыты: 11:4810 сәуір 2022
Айылыңды тартайын, ел намысын артайын
13 сәуір. «Адай ата – Отпан тау» кешені қызметкерлері Сайын Шапағатов ауылындағы Ғ.Айдаров атындағы мектептің 7-сынып оқушыларына қазақ халқының төрт түлігінің төресі боп саналатын жылқы малы туралы «Айылыңды тартайын, ел намысын артайын» атты танымдық шара өткізді. Шара барысында кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек жылқы малының қазақ жеріндегі эволюциялық тарихы, оларды алғаш қолға үйретушілер, т.б. туралы қысқаша айта
Жәрияланған уақыты: 17:5014 наурыз 2022
Амал мерекесі атап өтілді.
Биылғы Амал мерекесі әу баста түркі тілдес мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен халықаралық деңгейде өтеді деп айтылған болатын. Дегенмен қоғам белсенділерінің сұрауымен, жергілікті биліктің шешімімен тағы да шектеулі жағдайда өтті. 13 наурыз күні Қарашаңырақ ғимаратында Бұзау ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен, облыс әкімінің және бір топ қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, Сегіз арыс ұйымдастыру өкілдерінің қатысуымен аталып өтті. Алғаш құттықтау сөзді облыс әкімі
Жәрияланған уақыты: 12:333 наурыз 2022
Шырайлы шақтың шуақты мерекесі
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Шырайлы шақтың – шуақты мерекесі" атты Маңғыстау ауданы мектептерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдерімен кездесу-шара және шеберлік сағаты болып өтті.
Шараға Маңғыстау ауданы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері: Б. Жұмалиев атындағы мектептің мұғалімі Тумышева Гүлзия, М.Атымов атындағы мектептің мұғалімі Төреева Жарас, С.Нұрниязұлы атындағы мектептің мұғалімі Ақиқатова Анар,
Жәрияланған уақыты: 11:5324 ақпан 2022
Маңғыстаудың мұзбалағы
24 ақпан күні кешенде қатарынан 3 дүркін республика чемпионы құсбегі Айшуақ Тайманов пен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің "Маңғыстаудың мұзбалағы" атты кездесу болып өтті. Кешен қызметкерлері жеңімпазды шашу шашып қарсы алып, студенттермен қызықты кездесу өтті. Кешеннің бөлім ем кешен тарихы мен кешенде өткізілетін шаралар туралы айтып өтті. Айшуақ өткен чемпионат туралы, студенттерге құсбегілік өнердің қыр-сыры
Жәрияланған уақыты: 12:103 ақпан 2022
Салбурын
3 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.
Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты, соған қатысты өнерпаздықты халық арасында насихаттау, оған жастар мен студенттердің, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шараны жалпы жұртшылық қатысатын ұлттық мерекеге айналдыру.
Жәрияланған уақыты: 16:0315 желтоқсан 2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК – БАБАЛАР АМАНАТЫ»
10 желтоқсан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи мәдени кешенінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты шара болып өтті.
Шара үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде 1986 жылы Алматы қаласында қазақ жастарының қатысуымен болған Совет Одағының қатаң да қасаң жүйесіне қарсы тұрып, тік тұрып теңдік сұраған ұлт тарихында алтын әріптермен жазылатын «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан
Жәрияланған уақыты: 17:3125 қараша 2021
КҮЗГІ ПЛЕНЭР -2021.
Пленэр – француз тілінен аударғанда – «ашық ауа» дегенді білдіреді. Айнала қоршаған атмосфера мен күн сәулесі әсеріне байланысты картинадағы бояу түстерінің өзгеруін білдіретін кескіндеме ұғымы. Пленэрлік кескіндеу суретшілердің натураны дәлме-дәл бейнелеу үшін картинаны шеберханада емес, ашық далада, табиғат аясында салуына байланысты қалыптасты.
Күз кезі – табиғаттың ерекше көрініс беретін мезгілі. Әсіресе осы уақыттың әдемі кезеңін
Жәрияланған уақыты: 16:5424 қыркүйек 2021
«Шеберліктің шежіресін шерткендер»
22 қыркүйек күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Қарашаңырақ ғимаратында Шетпе кентінің шебер аналары Қосбаева Күміс, Қалымова Түрмехан, Ақжігітова Айтуғанның қатысуымен «Шеберліктің шежіресін шерткендер» атты шеберлік сабағы болып өтті.
1. Қосбаева Күміс Әбдіқызы. 1956 ж.т. Шетпе кентінің тұрғыны. "Алтын алқа" иегері. Ардақты әже. Қожағұл ауылының келіні. Кеще Жары ауылының қызы. Киіз жабдығын тігумен айналысады. 12 қанат киіз үйдің жабдығын тіккен айтулы шебер.
Жәрияланған уақыты: 14:1923 қыркүйек 2021
«Адай ата – Отпан тау» кешенінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Отпан тауда 22 қыркүйек күні кешенде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің туристік әлеуеті және оны дамыту жолдары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Г.Төлеуғалиева, облысымыздың сыйлы, ақсақал өлкетанушылары О.Көшбайұлы, А.Еділхан, "Мәдениет саласының үздігі" Д.Аралбайұлы, танымал "Сөз бен саз" бағдарламасының авторы Б.Әлмен, облыстық тарихи-мәдени
Жәрияланған уақыты: 14:3318 маусым 2021
Отпанда жастар ойын-сауық құрып, ай астында алтыбақан тербелді….
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК және Мұнайлы ауданының Қызылтөбе мәдениет үйі қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен «Ай астында – алтыбақан» атты этнографиялық ойын-сауық кеші өтті.
Шараның мақсаты – ұмыт болып бара жатқан алтыбақан ойынын жаңғырта көрсету арқылы қазақ жастары арасында, нақтылап айтсақ қыз бен жігіт арасындағы сыпайы сыйластықты, қазақы қарым-қатынасты насихаттау. Сонымен қатар қазіргі телефонға телмірген, қала
Жәрияланған уақыты: 16:3211 маусым 2021
Ә.Кекілбаев атындағы музейде білік арттыру курсы болып өтті
10-11 маусым күндері Ә.Кекілбаев атындағы облыстық өлкетану музейінде "Kazmuseum" оқу-әдістемелік және медиа орталығының ұйымдастыруымен "ХХІ ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап" атты кешенді біліктілік арттыру курсы болып өтті. Аталмыш курсты орталық директоры Нұрсерік Жолбарыс пен сарапшы-тренерлер Назгүл Нұржанқызы Қадримбетова мен Сейітова Күміс Қарсақбайқызы өткізіп, қазіргі заманғы музей саласындағы түрлі мәселелер бойынша сапалы да тұщымды дәріс
Жәрияланған уақыты: 16:092 маусым 2021
Қараман ата әулиеге зиярат
Кешен қызметкерлері "Рухани жаңғыру" ("Туған жер") бағдарламасына орай Маңғыстаудағы 360 әулиенің бірегейі, бұрынғы Маңғыстау жұртының ақ пен қараны, жалған пен шынды, ақиқат пен ғайбатты айыра алмай, ел арасында дау туғанда барып жүгінетін қасиетті әулиесі Қараман ата басына зиярат етті.
Қорым соңғы жылдары "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ демеушілігі мен өлкеге белгілі кәсіпкер, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Құрмет орденінің иегері Жақаева Сәуленің
Жәрияланған уақыты: 16:2726 мамыр 2021
"Ақ тілеудің белгісі - бата" атты этнографиялық шара болып өтті.
Бүгін "Адай Ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде кешен әдіскері З.Еңсегенованың ұйымдастыруымен "Ақ тілеудің белгісі- бата" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты- ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттау, жас келінді аластап, жас отауға бата беру арқылы жанұя бірлігі мен татулығына, жұбайлар сыйластығына бағыт-бағдар беру.
Шараға Шетпе кентінің тұрғындары: батагөй абыз ақсақал, "Ізгілікті өсиеттер" кітабының авторы Шаймұрза Байпақов пен 13 перзент тәрбиелеп,
Жәрияланған уақыты: 16:0818 мамыр 2021
«БАБАМНАН ҚАЛҒАН КӨЗ ЕДІ..." атты шара өткізілді.
18 мамыр күні кешенде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және халықаралық музей күніне орай «БАБАМНАН ҚАЛҒАН КӨЗ ЕДІ..." атты шара өткізілді.
Шараның мақсаты – ел ішінде елімізге, өлкемізге танымал азаматтардың, болмаса әркімнің өзіне ыстық ата-бабасынан жеткен күнделікті ұстап-тұтқан бұйымдары мен киген киімдерін, мүліктерін жәдігер ретінде көпшілік назарына ұсынып, таныту, насихаттау болатын. Егер азаматтардың өздері
Жәрияланған уақыты: 15:2310 мамыр 2021
Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай кешен қызметкерлерінің күшімен Н.Түркпенбаеваның «Қиын жылдар қасіреті» драмасы қойылды.
10 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай кешен қызметкерлерінің күшімен Н.Түркпенбаеваның «Қиын жылдар қасіреті» драмасы қойылды. Драманың авторы және режиссері — кешен қызметкері, мәдениет саласының майталманы Набат Спайқызы Түркпенбаева. Ролдерді ойнағандар:
Ауыл балалары - Айтжан Жасұланұлы, Бақтияр Асхатұлы;
Тілекші - Сымбат Нұрмерген, ағасы - Рахмет Тұрар;
Қаракөзайым - Бақтыгүл
Жәрияланған уақыты: 15:08
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.