Отпанда отан қорғаушыларды шығарып салды
22 қараша күні Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізіліп отырған «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде әскер қатарына аттанушы жастарды «Отан қорғау – азаматтық парызың» атты патриоттық шара болып өтті. Шараға Маңғыстау ауданының әскер қатарына шақырылған 10 жігіті, Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері, республика Қарулы күштерінің ардагері, ауыл ақсақалдары, «Отпан» ауылдық округінің әкімі, «Отпан» МКҚК қызметкерлері қатысты.
Шара ҚР Әнұранын айтумен басталды. «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Мусаев Нұрлан, Маңғыстау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісім шарт бойынша қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы Шегебаев Нұркелді Саматұлы, «Отпан» ауылдық округінің әкімі Орынғали Күзембаев шараға қатысушыларға шараға атсалысқандары үшін рахмет айтып, Отан қорғау әрбір ер азаматтың парызы екенін айта келіп, әскер қатарына шақырылған жастарға ақ жол тіледі. Олардан кейін сөз алған ҚР Қарулы күштерінің ардагері, запастағы майор Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы қазір әскердегі көптеген проблемалар шешіліп, тәртіп бұзушылық жоққа тән екенін, сондықтан әскер қатарына уайымсыз аттануға болатынын айтып өтіп, әскери қызметтің көптеген тиімді жақтарын айта келіп, әскерге барып келген жастарды әскери қызметке шақырды. Ал әскер қатарынан жақында оралған сарбаз Досымов Мағжан Қарулы күштер ардагерінің айтқаны рас екенін, әскерде темірдей тәртіп екенін айта келіп, өзінің де әскери қызметкер болу ойы бар екенін айтты.
Дәстүр бойынша әскер қатарына аттанып бара жатқан ұландарға «Ата жұрт аманатын» тапсыру құрметі кәсіпорын ардагері Данияр Аралбаевқа берілді.
«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» дейді халық. Тұщыбек ауылының ақсақалы, еңбек ардагері Берекет Төлепбергенов әскер қатарына аттанып бара жатқан жас ұландарға аталық ақ батасын берді.
Содан соң шараға қатысушылар «Рухани жаңғыру» аясында өткізіліп жатқан шаралардың бірі, Маңғыстауға алғаш елді бастап келген баһадұрлардың бірі, аты аңызға айналған Есенғұлұлы Есек батырға арналған Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары дайындаған «Ел қорғаған Есек мерген» атты этнографиялық қойылымды тамашалады. Мектеп ұстазы Ерманова Фаризаның жетекшілігімен оқушылар Айдын Дінасылұлы, Мекен Қаниев, Нұран Ерасыл, Бектұрған Бекзат, Жанғали Ерасыл, Талғатов Берекет және Батырғожа Азамат өздеріне жүктелген рөлдерді шынайы орындап шығып, көрермендердің зор қошаметіне ие болды.
Жомарт Айдарбек, «Отпан» МКҚК
5 мамыр 2023
ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы
Жәрияланған уақыты: 17:1514 наурыз 2023
Амал-2023

Құрметті өлке тұрғындары! Қадірлі ата-аналар! Халықаралық деңгейде тойланғалы отырған "Амал-2023" мерекесі аясында 14 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Тұсауыңды кесейін - күрмеуіңді шешейін" атты этнографиялық шара өтеді. Шара
Жәрияланған уақыты: 11:5826 ақпан 2023
25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау"

25 ақпан күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде, биылғы Амал мерекесін ұйымдастырушы Тобыш ата ұрпақтары сенбілік өткізді. Шараға 250-дей адам қатынасып, шарбақтар мен газ трубаларын сырлау және ғимараттардың іші-сыртын әрлеу
Жәрияланған уақыты: 12:0020 ақпан 2023
Мифологияға саяхат

Бүгін Маңғыстау аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейде "Мифологияға саяхат" атты облыстық экскурсоводтар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: жас мамандарды патриоттық бағытта тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiруге, қазақтың салт-дәстүрiн танып бiлуге және
Жәрияланған уақыты: 11:5531 қаңтар 2023
Отпан тауда «Салбурын-2023» шарасы өтті.

Үстіміздегі жылдың 28 қаңтары күні «Отпан» МКҚК мен облыстық құсбегілер федерациясы бірігіп «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.
Жәрияланған уақыты: 17:1623 желтоқсан 2022
Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де Жалау Мыңбаевтың 130 жылдығына арналған "Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
19 желтоқсан 2022
Тәуелсіздік - тұғырым

Тәуелсіздік күні қарсаңында кешенде "Тәуелсіздік - тұғырым" атты тақырыптық экскурсия өткізіліп, оған Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқушыларға тәуелсіздіктің қазаққа қалай келгені, ол үшін әрісі Қазақ хандығының
Жәрияланған уақыты: 16:5014 желтоқсан 2022
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Алаш арыстары» көрмесі ашылды

Желтоқсан айының 13 жұлдызы күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Алаш қозғалысының 105 жылдығы және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш арыстары» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті.
Шараға ҚР мәдениет
Жәрияланған уақыты: 16:3910 қараша 2022
Данияр Аралбаевтың шығармашылық концерті

Сәрсенбінің сәтінде Ұштаған ауылында осы ауылдың тумасы, "ҚР Мәдениет саласының үздігі", Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, сазгер және "Отпан" кәсіпорнының ардагері Данияр Аралбаевтың Ұштаған
Жәрияланған уақыты: 16:2322 қазан 2022
Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі

"Адай ата- Отпан тау" кешенінде Республика күніне және кешеннің 15 жылдығына арналған "Егемен елдің ертеңі- ерен ердей еңселі" атты көпшілік шара өтті. Шараға кешен құрылысын салуға, насихаттауға атсалысқан азаматтар мен Есір Айшуақұлы атындағы және
Жәрияланған уақыты: 16:091 қазан 2022
Оқушыларына арналған туристік саяхат

Отпан таудағы Адай ата тарихи-мәдени кешенінде алуан түрлі іс-шаралар, кештер, кездесулер, экскурсиялар, лекциялар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жастарға, оқушыларға арналған арнайы шараларымызда жетерлік. Облыстың түкпір-түкпірінен кешенді көру
Жәрияланған уақыты: 16:0430 қыркүйек 2022
ҚАЙҚЫЛАРДЫҢ ӘНІМЕН, СӘЙКІЛЕРДІҢ СӘНІМЕН
Қыркүйектің 29 жұлдызы күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде "Отпан" МКҚК және Шайыр селолық мәдениет үйі бірлескен "Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен" атты этнографиялық сазды шара өтті. Шарада екі жақтың өнерпаздары
Жәрияланған уақыты: 15:5628 тамыз 2022
Берекелі дастархан
Өткен аптаның сенбісі күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде "Берекелі дастархан" атты қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауға арналған шеберлік сабақ-шара болып өтті. Шараға өлкемізде туристік сапарда дем алып жүрген көрші республикалардан келген қонақтар
Жәрияланған уақыты: 15:522 шілде 2022
Қазағымның үнісің сен, домбыра

Ұлттық домбыра күні қарсаңында "Отпан"МКҚК "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлері Тұщыбек ауылында Жәрияланған уақыты: 15:38
16 маусым 2022
Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына іс-сапар

Маңғыстау облысындағы «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешені «Отпан» МКҚК қызметкерлері "Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болып, ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени
Жәрияланған уақыты: 15:233 маусым 2022
Бала шақтан-болашакка

"Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірлесе отырып халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Тұщыбек ауылының балдырғандарына арнап "Бала шақтан -болашаққа" атты шара ұйымдастырды. Шара аясында
Жәрияланған уақыты: 12:3914 мамыр 2022
Ескі сүрлеулермен
14-15 сәуір күні кешен қызметкері Құралай Ізімбергенованың ұйымдастыруымен өткізілген "Ескі сүрлеулермен" атты туған өлкені тануға арналған танымдық шараға Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушылары қатысты. Оқушыларға өлке тарихына
Жәрияланған уақыты: 11:2510 мамыр 2022
Ай астында -Алтыбақан

Маусым айының соңғы күні таулы аймақта орналасқан "Адай ата-Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде дәстүрлі этнографиялық "Ай астында -Алтыбақан" атты іс-шара ұйымдастырылды. Тарихтан тамыр
Жәрияланған уақыты: 12:465 мамыр 2022
ТАТУЛЫҚ — ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" кешенінде Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған "Татулық- достықтың киелі бесігі" атты шара өтті. Шараны кешен қызметкері Раиса Қаржаубаева жүргізіп, әр ұлт өкіліне сөз берді. Шараға Маңғыстау облысы
Жәрияланған уақыты: 17:155 мамыр 2022
Ж.Қалдықараевқа 100 жыл

"Ер есімі - ел есінде".
Кеңес Одағының Батыры Ж.Қалдықараевқа -100 жыл.
Жеңіс күні қарсаңында маңғыстаулық Кеңес Одағының Батыры Жұмағали Қалдықараевтың 100 жылдығына орай Ақпан ата
Жәрияланған уақыты: 12:084 мамыр 2022
Жігіттің сұлтаны-2022

Отпанға кел көргің келсе сұлтанды...
14 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Бұзау ата ұрпақтарының демеушілігімен өнерлі де қайратты, сегіз қырлы
Жәрияланған уақыты: 12:364 мамыр 2022
Сән үлгісі - көркем мінез

4 мамыр күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Сән үлгісі - көркем мінез" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киімдер шеруі өтті. Шараның мақсаты қазақтың түрлі стильдегі ұлттық киімдерін және көпшіліккке көрінбей
Жәрияланған уақыты: 11:4810 сәуір 2022
Айылыңды тартайын, ел намысын артайын

13 сәуір. «Адай ата – Отпан тау» кешені қызметкерлері Сайын Шапағатов ауылындағы Ғ.Айдаров атындағы мектептің 7-сынып оқушыларына қазақ халқының төрт түлігінің төресі боп саналатын жылқы малы туралы «Айылыңды тартайын, ел намысын
Жәрияланған уақыты: 17:5014 наурыз 2022
Амал мерекесі атап өтілді.

Биылғы Амал мерекесі әу баста түркі тілдес мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен халықаралық деңгейде өтеді деп айтылған болатын. Дегенмен қоғам белсенділерінің сұрауымен, жергілікті биліктің шешімімен тағы да шектеулі жағдайда өтті. 13 наурыз күні
Жәрияланған уақыты: 12:33
Соңғы хабарлар
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
06 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
03 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.