Бата-халық қазынасы.

"Батаменен ер көгерер"

Бата-халық қазынасы.

"Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ер көгерер" деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе,береке арылмайды.

Салт-дəстүріміздің ішіндегі ең асылы,көңілдің сəнін келтіріп,өмірдің мəнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол-бата.Бата адамдарды лайықсыз істерден ,теріс қылықтардан сақтандырып, жастарды ізеттілікке əрі қайырымды істерге баулиды. Осы орайда Аулымыздың Құрметті азаматы,аузы дуалы Облыс бойынша Бата беру дəстүрінен бас жүлдені иеленген Батагөй ақсақал Шаймұрза Жаңайұлымен сұқбаттасқан едік. Аға бүгін міне шаңырағыңызға келіп отырмыз, қазіргі көпшілікке, жастарға қандай бата берер едіңіз. Сөз кезегі өзіңізде аға.