ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ
«Адай ата – Отпан тау» кешенінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, этнограф-зерттеуші, публицист, ақын Қабиболла Сыдиықовтың 85 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты танымдық шара болып өтті.
Шараның мақсаты ғалымның өмірі және шығармашылығымен қазіргі жастар мен студенттерді таныстыру, ғалым еңбектерін насихаттау болатын.
Шараға ғалымның туыстары мұнай саласының ардагері, экономика ғылымының кандидаты Көркембай Алданиязов пен заңгер, адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов, ғалымның өмірі туралы кітап жазған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Әбілқайыр Спан, Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебеп кітапхананың қызметкерлері Нұргүл Еңсегенова мен Мираш Биниязова және Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ұстазы, филология ғылымының докторы Жанбибі Дүйсенбаева мен оның шәкірттері қатысты. Шараға қатысушылар ғалымның жастық шағы, ғылыммен, халық арасынан, ел ішінен ауыз әдебиеті мен шежіре, өлең мен жыр жинақтаумен айналысып, оларды хатқа түсіріп, қызмет етіп жүрген кездері туралы айтып берді. Ғалымның көп еңбектері көзі жұмылғаннан кейін жарияланғаны, әлі де жарияланбаған еңбектері бар екендігі айтылды. Сол бір қиын кездерде халықтың мұраларын тірнектеп жинақтап, бір әрпін де өзгертпестен мұқият жариялап отырған. Сөйтіп жүріп докторлық қорғауына іштарлық танытып, кедергі жасағандарға пысқырмастан зерттеуін жалғастыра берген, сол ісін маңызды санаған.
Қабиболла Сыдиықовтың әжептәуір ақындығы да болған. 2013 жылы «ҚАЗақпарат» баспасынан шыққан «Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериалында жарияланған жинақта Қабекеңнің көптеген өлеңдері жарияланған.
Қ.Сыдиықов бұрынғы Гурьев облысы, Жылыой ауданында (қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Қарақұм мекенінде) 1934 жылы 18 наурызда дүниеге келген. 1955 жылы Атырау оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін, 1960 жылы Қазақ университетінің филиология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1950-55 жылдары Гурьев облысы Жылой ауданының халық ағарту саласында, 1960-69 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, 1969–82 жылдары Қазақ ССР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институының әдебиет тарихы бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер болып істейді. 1982 – 1984 жылдарда Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченко мемориалдық музей-комплексінің директоры болған. 1984 жылдан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып өмірінің соңына дейін істеді.
Кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек
17 наурыз 2021
Амал мерекесінде кешенде тал егу акциясы өтті.
Дәстүрлі Амал мерекесі аясында "З0 жылдыққа - 30 тал" акциясы ұйымдастырылып, облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адайдың және Сегіз арыс ақсақалдарының қатысуымен Қарашаңырақ алдында 30 түп туя ағашы егілді.
13 наурыз күні кешке "Қарашаңырақта" жұртшылық облыс әкімі Серікбай Трұмов пен кешен идеясының авторы, ақын Сабыр Адай мерекеге жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Салтанат
Жәрияланған уақыты: 12:0216 наурыз 2021
«Адай ата — Отпан тау» кешенінде АМАЛ-2021 мерекесі аталып өтілді
13 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" кешеніндегі дәстүрлі Амал мерекесі биыл Балықшы ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өтті (Былтыр мереке пандемияға байланысты өткізілмеген. Биыл Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин талаптарын сақтай отырып, шағын топпен ресми шара өткізілді). Шараға сегіз Арыс Адай ұрпақтарының өкілдері қатысты.
Мерекенің алғашқы күні Ақсарайда облысқа белгілі фототілші, Балықшы
Жәрияланған уақыты: 11:5811 наурыз 2021
Отпан тауда "Үлгілі келін" сайысы өтті
Үстіміздегі жылдың 10 наурыз күні кешенде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Балықшы ата ұрпақтарының демеушілігімен "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Үлгілі келін" атты келіндер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - қазақ келіндерінің бойындағы иба мен инабаттылықты, өнерпаздық пен шеберлікті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне деген ұстанымын насихатттау. Сайысқа Адай атамыздың 8
Жәрияланған уақыты: 11:435 наурыз 2021
ОТПАНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ШЕРУІ
4 наурыз күні "Отпан" МКҚК "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Ұлттық киімдер күні мен Аналар мерекесіне арналған "Сән үлгісі – көркем мінез" атты шара өтті. Шарада маңғыстаулық ұлттық сән киімдерінің шеберлері Айнұр Таңбайқызы мен Ақбөбек Аязханқызының туындыларынан ұлттық киім үлгілері көрсетілді. Қатысушыларға ұлттық киімдердің
Жәрияланған уақыты: 11:599 ақпан 2021
"Жүрегім менің-Жанартау" атты әдеби-шығармашылық шараға дайындалған бейнеролик
"Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде ғасыр ақыны М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай бүгінгі өткен "Жүрегім менің-Жанартау" атты әдеби-шығармашылық шараға кешен маманы Гүлсамал Қанашқызының дайындаған бейнеролигін тамашалаңыздар!
9 ақпан 2021
"ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ – ЖАНАРТАУ"
- Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам халқым соған елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев -
Өлтіре алмас бірақта өлеңді ешкім!..
"Ақынмын" деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шапан жауып өзіне қайтарамын
Осылай деп жырлап кеткен алаштың ақиық ақыны
Жәрияланған уақыты: 09:491 ақпан 2021
«САЛБУРЫН – 2021»
Қаңтардың соңғы күндерінің бірінде «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кешенде саятшылыққа, құсбегілікке арналған дәстүрлі «Салбурын» этношарасы өткізілді. Шараға Тұщыбек ауылының құсбегілері, олардың баулып жүрген шәкіртері мен өлкедегі құсбегілік өнерге құмар жандар қатысты. Шараға облыстық ұлттық спорт федерациясының құсбегілік бойынша жаттықтырушысы, бірнеше республикалық жарыстардың жеңімпазы Айшуақ Тайманов
Жәрияланған уақыты: 09:2819 қаңтар 2021
«Адай ата - Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне бос лауазымдарға жұмысшы, қызметкерлер қабылдайды.
«Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Адай ата - Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне бос лауазымдарға жұмысшы, қызметкерлер қабылдайды.
- Тарих бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік
- Билет кассирі – 0,5 бірлік
- Хатшы (кеңсеге) – 0,5 бірлік
- Әдіскер – 0,5 бірлік
Жәрияланған уақыты: 13:1415 желтоқсан 2020
«АЛАШ АРЫСТАРЫ АҢСАҒАН КҮН»
Бүгін "Адай ата - Отпан тау" кешенінде қызметкерлердің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған "Алаш арыстары аңсаған күн" атты патриоттық мәдени шара болып өтті. Шараға Тұщыбек ауылының еңбек ардагерлері, ұстаздар, Тұщыбек негізгі орта мектебінің директоры, «Отпан» округінің әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Шараның жүргізушісі мәдениет саласының тәжірибелі маманы, кешен қызметкері Набат Түрікпенбаева.
Жәрияланған уақыты: 12:04
4 желтоқсан 2020
«Отпан» МКҚК-ң директоры бос қызмет орнына конкурс жариялайды
«Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не қарасты «Отпан» МКҚК-ң директоры бос қызмет орнына конкурс жариялайды.
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны директоры бос қызмет орнына
Жәрияланған уақыты: 14:1916 қазан 2020
"Маңғыстау - машайықтар мекені" жылжымалы көрмесі
Бекет атаның 270 жылдығына орай "Маңғыстау - машайықтар мекені" жылжымалы көрмесіне бейне экскурсия жүргізуші экскурсовод Гүлсамал Қанашқызы.
8 қазан 2020
ШАЛМАҒАМБЕТ немесе СЫРЛЫ АСАНЫҢ СЫРЫ
«Бейнебаянды оқыған "Адай ата - Отпан тау" кешенінің экскурсоводы Гүлсамал Қанашқызы»
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1258560851182232&id=381700648868261
16 қыркүйек 2020
Ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы
Кешен қызметкері Райса Қаржаубаева дайындаған ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы орыс тіліндегі бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
Жәрияланған уақыты: 16:2810 қыркүйек 2020
«Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы
Кешенге «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы аясында Маңғыстауға келген экспедиция мүшелері: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры, т.ғ.д. Қыдыралина Жанна Үркімбайқызы, «Бозоқ» МТМ қорығының ғылыми хатшысы, т.ғ.к. Сурагановав Зубайда Кабиевна, Н.Назарбаев университетінің қазақ тілі және түріктану кафедрасының
Жәрияланған уақыты: 22:451 шілде 2020
Бата-халық қазынасы.
"Батаменен ер көгерер"
Бата-халық қазынасы.
"Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ер көгерер" деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе,береке арылмайды.
Салт-дəстүріміздің ішіндегі ең асылы,көңілдің сəнін келтіріп,өмірдің мəнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол-бата.Бата адамдарды лайықсыз істерден ,теріс қылықтардан сақтандырып, жастарды
Жәрияланған уақыты: 16:2222 маусым 2020
Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста.
Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан
Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау
облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста.
10 наурыз 2020
«Анашым – жанашырым»
Бүгін «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Аналар күніне арналған «Анашым – жанашырым» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға Шетпе кентінің ардақты аналары Алданбергенова Орынша, Қилыбаева Меруерт Егдірбайқызы, Сая Камешқызы мен Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Шараны кешен қызметкері Еңсегенова Зине жүргізіп, аналардың қысқаша өмірбаяндарымен таныстырып өтіп, аналардың өздеріне сөз кезегін берді. Ал оқушылар
Жәрияланған уақыты: 09:3214 ақпан 2020
Дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті
10 желтоқсан 2019
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ
«Адай ата – Отпан тау» кешенінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, этнограф-зерттеуші, публицист, ақын Қабиболла Сыдиықовтың 85 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты танымдық шара болып өтті.
Шараның мақсаты ғалымның өмірі және шығармашылығымен қазіргі жастар мен студенттерді таныстыру, ғалым еңбектерін насихаттау болатын.
Шараға ғалымның туыстары мұнай саласының ардагері, экономика
Жәрияланған уақыты: 11:351 қараша 2019
«Өмірі өнерімен өрнектелген»
Үстіміздегі жылдың қазан айының 31 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, мекеме ардагері Данияр Аралбаевтың шығармашылығына арналған «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты шара болып өтті. Шара мақсаты: өлкемізге, респубикаға белгілі ардагеріміздің өнегелі өнерін жас ұрпаққа насихаттау, рухани қазынамыздың бірі – қазақи әндер мен
Жәрияланған уақыты: 15:5710 қазан 2019
"Алуан түрлі кәсіп бар"
25 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-танымдық этно-мәдени кешенінде "Алуан түрлі кәсіп бар" деп аталатын шара болып өтті. Шараның мақсаты: оқушылар мен жастарға мамандық таңдауда көмектесу, бағыт беру. Шараға Шетпе кентінің жеке кәсіпкерлері; "Заңғар-Асу" қоғамдық қорының директоры Аққалам Дүйсенбаева, ұлттық қолөнер шебері Бөкенбаев Бауыржан, компьютер бағдарламаларының маманы Алтыбаев Есімхан және Есір Айшуақұлы
Жәрияланған уақыты: 11:553 қазан 2019
"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты
"Адай ата - Отпан
тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер"
бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты.
Сонымен қатар қорым түнеуханасының айналасындағы орындықтарды сырлап, ауланы
тазалап, аумақтағы арам шөптерді шауып, тазалық жұмыстарын да жүргізді.
Мыңкісі Байсалұлы (шамамен Жәрияланған уақыты: 09:32
4 қыркүйек 2019
"Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Tүркістан облыстарында іссапармен болып қайтты
28 тамыз - 3 қыркүйек аралығында "Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Құралай Ізімбергенова мен Жомарт Айдарбек Жамбыл, Түркістан облыстарында іссапармен болып қайтты. Іссапар барысында өлкетанушы Ідірейіс Серікбаев зерттеуі бойынша Адай ата мен оның ұлдары Келімберді мен Құдайке, немересі Мұңал өмір сүрді деп есептелетін Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Жаңа тұрмыс ауылы маңындағы Мақпал тау, Мұңал ошақ,
Жәрияланған уақыты: 09:271 шілде 2019
Бақытты балалық шақ
"Адай
ата-Отпан тау" кешенінде балаларды қорғау күніне орай кәсіпорын қызметкерлерінің
балаларына арналған мереке ұйымдастырылды. Шараға балалар мен олардың
ата-аналары белсене қатысты. Түрлі спорттық, интеллектуалдық ойындар ойналып,
балалар арасында асфальтқа сурет салудан конкурс өткізілді. Балалар үшін кешенде
тегін экскурсия жасалып, мереке ойдағыдай, қуанышты өтті.
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.
Интернет-ресурстарға сілтемелер