«Мен Қалнияз деген күреңің!»

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға  Қалнияз атаның тікелей ұрпағы, белгілі шежіреші, Маңғыстау ақын-жырауларының мұраларын жинақтаушы Өмірзақ Қалбаевтың інісі Құлтан Тәуірбаев, Қалнияздың сүйегін Маңғыстауға әкелуге атсалысқан азамат Әби Қарабаев, Атақозы батыр ұрпағы Жұмабай Әсемұлы, аталас ағайыны Еламан Дарханбайұлы, Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев және Жыңғылды селосының Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Қатысушылар әуелі «Бата төбе» басындағы  Қалнияз ақынның бейітіне зиярат етіп, басына құран оқып, дұға бағыштады. Одан шыққан соң «Отпан» МКҚК ұйымдастырған бұл шара кешендегі «Қарашаңырақта» жалғасты. Шараны мекеме ардагері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаев Қалнияз ақынның өміріне арналған «Қалнияз Шопықұлы және оны Отпан тауға қоюдың идеялық маңызы» атты баяндамасымен ашты. Содан соң кезегімен келген қонақтардан Қалнияз атаның тікелей ұрпағы Құлтан Тәуірбаев, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев сөз алды. Көп жылдар Маңғыстау ауданының мәдениет саласында автоклуб меңгерушісі болып істеген, мәдениет майданының майталманы, Шайыр ауылының тұрғыны Тәжиев Қарамырза Қалнияздың «Биік қылып сөйлейін» толғауын асқақтата толғаса, Жыңғылды ауылы мәдениет үйінің қызметкері Бектұров Ниязтұрлы Қалнияздың «Тойбастарын» шалқыта шырқады.

Адайдың жорық жыршысы, қазақтың жауынгер ақыны Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Сам құмында дүниеге келген. Әкесі Шопық Доспамбетұлы жас кезінде Еділ, Жайық өзендері арасындағы Нарын құмын мекендеген. Кейін Маңғыстауға беттеп, Қарақұм, Үстірт жерінде байлардың малшысы болады. Өмірі жалшылықпен өткен Шопықтың Қалнияз, Көлнияз, Ернияз, Қапа, Рақа, Тілеубай атты 6 баласының үлкені Қалнияз қаршадайынан бай малын бағып, өмірдің тауқыметі мен қиындығын ерте татып, ерте ержетіп, қайралып өседі. Ер жетіп, атқа қонған соң қоржынының бір басына сұқпалы домбырасын, екінші басына жебелерді толтырып салып, асынып жүретін болған.

Оған жаратқан Алла небір жақсы қасиеттерді үйіп берген: ол ақпа-төкпе ақын болумен қатар, жыршы, әнші және күйші де болған. Қалнияз осылай заманында сегіз қырлы, бір сырлы тұлға аталған.  Қалнияз Шопықұлы ерлік толғауларымен қатар «Балуанияз», «Ер Қармыс» атты дастандар шығарған.  «Ер Қармыс» жырында :

- Қармыс сынды ер қайда?

Айдын-айдын көл қайда?

Жағалай қонар ел қайда?

Маңғыстаудай жер қайда?

Алпыс басты ақ орда,

Айбарақты көрсетіп,

Төске тігер күн қайда ?

Алтын сандық, алпыс тең

Төрге жинар күн қайда?..

Алтын шашбау тағынып,

Құлпырып шығар күн қайда?

Қатар да қатар қара нар

Қатар тіркер күн қайда?

Қалы кілем жаптырып

  Ырғала көшер күн қайда?..- деп Қармыстың ерлігін суреттей отыра бұрынғы баба дәуренді аңсап, Доспамбетше толғайды.

Сонымен қатар шаршы топта қарсыласқа дес бермес, есе жібермес азулы айтыс ақыны да болған.  Бізге жеткен Кете Тәжібаймен, Жаскілеңмен айтыстары, Хиуа ханының тұтқынына түсіп, алдына барғанда сөйлеген сөздері ақынның сөзден дауыл да тұрғызар, кесте де тоқи алар құдіретін көрсетеді. Ол «Байұлыға белгілі, ұстазым – Тіней Өгізбай» деп Өгізбайды ұстаз тұтып өткен.

Ресей империясы үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесіне» наразылық білдіріп, қарсылық көрсеткен Маңғыстау қазақтарының Иса, Досан батырлар бастаған көтерілісі Ресей тарапынан аяусыз басылғаннан кейін біраз ауыл Хорезм өңіріне ауа көшеді. Бұл мекенде де көп тұрақтамай, 1870 – 1885 жылдар аралығында бірқатар Адай, Табын ауылдарын бастап тәжік жеріне өтіп, одан көшіп Ауғанстанның Гөрібағлан деген жеріне тоқтайды. Бірақ жергілікті ауған әкімдерінің талауына көне алмай Есембет Балжігіт, Жанжігіт және Бәли Марқабай батырлардың ұрыса көшуімен сол ауылдардың бірқатары қайта тәжік жеріне көшеді. Бұқар әміріне қарасты бұл аймақты қоныс ету үшін Байбақты Нұрмағамбет пен Қырықмылтық Жарған қажылар-дың қызмет етуі арқасында, бұрын елсіз жатқан жерлерді мекен етеді.

Ақын қартайған шағында өлең-толғаулар шығарып, жорықтарға бірге аттанған батырларды сағына еске алып, ата қоныс, туған жерін аңсап, елден шалғай жүргеніне налиды. Қолайлы қоныста отырса да елді аңсап, ата мекенге оралу ниетімен бірқатар ауылмен бірге Душанбе, Гиссар бетке көшеді. Бірақ ол мақсатына жете алмай, Қалнияз 1902 жылы 86 жасында Гиссар қыстағында сол жерді мекендеген қазақтар арасында дүниеден өтіп, сонда жерленеді. 2015 жылы Алланың қалауымен, Маңғыстау халқының сұрауымен, артынан өнген ұрпақтары ата мекеніне әкеліп, ақынның киелі сүйегі өзі аңсап, жырлап өткен Маңғыстауына әкелініп, кәрі Отпан тау етегіне,  «Адай ата – Отпан тау» кешені маңайынан мәңгілік мекен тапты. 

«Отпан» МКҚК мен Жыңғылды селосы Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың өнерлі оқушылары қатысуымен дайындалған, Қалнияз ақынның жырларынан құрылған әдеби-көркем көрініс қатысушылар назарына ұсынылды. Өскелең ұрпақтың өлең мен жырға деген құмарлығы мен орындауға деген ұмтылысы тыңдаушыларды ризалық сезімге бөледі. Әсіресе Қалнияз ақын бейнесін сомдаған Хожабаев Жәмшидтің өлең оқу мәнері көпшілікке ерекше ұнады.

Шара соңында Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов сөз сұрап, мекеме құрылғаннан бері табан аудармай қызмет етіп келе жатқан еңбегі үшін Дәуітов Бөкенбайға «Қосай ата» меделін тапсырды. Қатысушыларға биыл ғана «Сардар» баспасынан шыққан «Қалнияз едім күнінде» атты Қалнияз ақынның жырлар жинағы тарту етілді. Шараға 41 адам қатысып, 2 экскурсия өткізілді.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 23:38  Оқылған саны: 16112




10 желтоқсан 2019

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, этнограф-зерттеуші, публицист, ақын  Қабиболла Сыдиықовтың 85 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты танымдық шара болып өтті. 

Шараның

Жәрияланған уақыты: 11:35  

1 қараша 2019

«Өмірі өнерімен өрнектелген»
icon

Үстіміздегі жылдың қазан айының 31 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, мекеме ардагері Данияр Аралбаевтың шығармашылығына арналған

Жәрияланған уақыты: 15:57  

10 қазан 2019

"Алуан түрлі кәсіп бар"
icon

25 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-танымдық этно-мәдени кешенінде "Алуан түрлі кәсіп бар" деп аталатын шара болып өтті. Шараның мақсаты: оқушылар мен жастарға мамандық таңдауда көмектесу, бағыт беру. Шараға Шетпе кентінің жеке

Жәрияланған уақыты: 11:55  

3 қазан 2019

"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты
icon

"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты. Сонымен қатар қорым түнеуханасының айналасындағы орындықтарды сырлап, ауланы тазалап, аумақтағы

Жәрияланған уақыты: 09:32  

4 қыркүйек 2019

"Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Tүркістан облыстарында іссапармен болып қайтты
icon

28 тамыз - 3 қыркүйек аралығында "Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Құралай Ізімбергенова мен Жомарт Айдарбек Жамбыл, Түркістан облыстарында іссапармен болып қайтты. Іссапар барысында өлкетанушы Ідірейіс Серікбаев

Жәрияланған уақыты: 09:27  

1 шілде 2019

Бақытты балалық шақ
icon

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде балаларды қорғау күніне орай кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған мереке ұйымдастырылды. Шараға балалар мен олардың ата-аналары белсене қатысты. Түрлі спорттық, интеллектуалдық ойындар ойналып, балалар

Жәрияланған уақыты: 11:19  

16 маусым 2019

Ай астында алтыбақан.
icon

14 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен биылғы Жастар жылына орай «Отпан» МКҚК мен «Өрлеу» МҚК бірге ұйымдастыруымен Жыңғылды және Шайыр мәдениет үйлері қызметкерлерінің қатысуымен «Ай астында –

Жәрияланған уақыты: 16:37  

22 мамыр 2019

Дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күні
icon

21 мамыр күні дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай "Ақбосаға" мейрамханасында ұйымдастырылған мерекеде кешен қызметкерлері Шораева Жеміс пен Қаржаубаева Райса облыс әкімі Е.Тоғжановтың Алғыс хатына, Ыбашев Асхат, Мәстекбаев Тоқтар,

Жәрияланған уақыты: 10:47  

13 мамыр 2019

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде майдангер батырды еске алды.
icon

Ұлы Жеңіс күніне байланысты «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Ұлы Отан соғысының майдангері, жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері жерлесіміз Кемер Оңғалбаевтың ерлігіне арналған дәстүрлі «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты патриоттық-танымдық

Жәрияланған уақыты: 09:21  

3 мамыр 2019

«Жыр жебе» – Адай атада!
icon

24 сәуірде «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға Ақтау қаласындағы «Жыр жебе» айтыскер ақындар мектебінің түлектері мен Ақтау қаласы

Жәрияланған уақыты: 11:23  

29 сәуір 2019

Халық емшілері Отпан тауда бас қосты.
icon

18-cәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысындағы халық емшілерімен облыс жұртшылығы және мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты

Жәрияланған уақыты: 17:23  

20 наурыз 2019

Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!
icon

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал

Жәрияланған уақыты: 11:51  

19 ақпан 2019

"Адай ата - Отпан тау" тарихи этно - мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді.
icon

19 қаңтар күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи этно -мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді. Шараны өткізудегі мақсат – өлкемізде кенже қалып қойған бекзат өнер құсбегілік пен саятшылықты

Жәрияланған уақыты: 11:57  

17 ақпан 2019

Шетел білімі – Отан игілігіне
icon

Ақпан айының 16 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай

Жәрияланған уақыты: 16:58  

14 желтоқсан 2018

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

Кешен қызметкерлері Маңғыстау аудандық жастар ресурсы орталығымен бірлесіп Шетпе кентіндегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шара өткізді.

Шараға Маңғыстау аудандық жастар орталығының директоры А.Қонарбаев

Жәрияланған уақыты: 11:36  

26 қазан 2018

«Отпан тау суретшілер көзімен»
icon

26 қазан күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан тау суретшілер көзімен» атты сурет өнеріне арналған танымдық шара өтті. Шараға Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің, Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және Маңғыстау өнер колледжінің

Жәрияланған уақыты: 10:31  

10 қазан 2018

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде «Ел іші – өнер кеніші» атты жергілікті шеберлермен кездесу ұйымдастырылды.
icon

Кездесуге Жыңғылды ауылының қолөнер шеберлері Наушабаева Риза мен Досыбаева Сәния апайлар және Е.Айшуақұлы атындағы мектептің ұстазы, суретші Мейіржан Есенов пен Тұщыбек негізгі орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуге қатысқан

Жәрияланған уақыты: 14:33  

19 қыркүйек 2018

«Адай ата – Отпан тау» кешенінің қызметкерлері «Туған жер» бағдарламасына сәйкес Тобықты жеріндегі Пір Бекет атамыздың қалпына келтірілген мешітіне саяхаттап барып қайтты.
icon

Мешіт Маңғыстау ауданының Қызан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырымдай жерде, Мәстек – Мыңкісі әулие жолы бойында. Мешіт ағартушы, діни ғұлама, Бекет Мырзағұлұлының өмірі мен діни-ағарту қызметтеріне қатысты бұл тарихи ескерткіш мемлекеттік

Жәрияланған уақыты: 09:19  

7 қыркүйек 2018

Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығы
icon

1 қыркүйек күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығына арналған шаралар болып өтті. Шараға «ӨзенМұнайГаз» АҚ жс мамандары ғана емес,

Жәрияланған уақыты: 16:04  

25 маусым 2018

Бата беру
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шаралардың бірі «Батамен ер көгерер» деп аталады. Кешен басшылығы мен қызметкерлері киелі Отпан тауда кешенге арнайы зияраттап келген жаңа отау құрған

Жәрияланған уақыты: 16:05  

18 маусым 2018

Отпан тауда демеушілерге құрмет көрсетілді
icon

17 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде  кешен демеушілеріне арналған «Жомарт жүрек жандар» атты шара болып өтті. Шараға облысқа танымал бір топ мекеме басшылары мен кәсіпкерлер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

Жәрияланған уақыты: 12:14  

10 мамыр 2018

Есіл ердің есімі ұлықталды
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты дәстүрлі патриоттық-танымдық шара өткізілді. Шараны «Отпан» МКҚК қызметкерлері ұйымдастырды. Шараға Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі

Жәрияланған уақыты: 04:38  

13 сәуір 2018

Отпан тауда дәстүрлі ақындар кездесуі өтті.
icon

13 сәуір күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде дәстүрлі аға буын ақындар мен жас талап ақындардың кездесуі болып өтті. Бұл жолғы кездесуге осы кешен идеясының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың, Құрмет

Жәрияланған уақыты: 04:29