Ата кәсіп – аңшылық

Қаңтар айының сенбісінде Иірдің ойындағы Айрақты тауының етегінде «Отпан» МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Ата кәсіп – аңшылық" атты құсбелік пен саятшылыққа арналған этнотанымдық шара өтті. Бұл шара 2013 жылдан бері оқушыларға арналып, танымдық этношара есебінде өткізіліп келген еді. Яғни бүркітті үй қоянына, ителгі мен қаршығаны кептерге түсіріп, шырға тартып дегендей. Биылғы шараның ерекшелігі – жалпы саятқұмар көпшілікке арналып, табиғат аясында шынайы жағдайда өткізілгендігі. Облыстың әр тарабынан жинаған саятқұмарлар Қаратау бауырындағы кішкентай ғана ауыл Тұщыбекте (енді аңшылар ауылы, бүркітшілер ауылы десе де болар) тоқайласты. Сол ауылдағы бүркітшілермен кеңесе келіп, Иірдің ойына, Айрақты тауына қарай бағыт алды. Заманында бұл өнерді кәсіп қылып қақпан құрған, ит жүгіртіп, құс салған аталарымыз Бәубек Айназар Тасқынбайұлы, Бабық Нұр Оңдағанұлы, Төлеп Жұмай Айтөлесұлы, Медет Нұрғали Көбегенұлы, Құдайберген Сәтиман Тінейұлы, Тастемір Сұлтангелді Жайлыұлы, Қыдырша Сүйін Мырзаұлы, Кедей Мұқан Тастықараұлы, Шоңай Алдаберген Ақшабаев, Құнанорыс Іздібай, Тоқсанбай секілді аңшылар осы саятшылық өнердің бізге дейін жетуіне зор еңбектері сіңген.

Кешегі кеңес заманында қағажу көріп, жойылып кетуге айналған киелі өнерді міне енді қазіргі жас ұрпақ қолға алып, дамытуда. Солардың бір шоғыры осы Тұщыбек ауылында тұрады. Шараны жүргізуші саятқұмарларды солармен таныстырып өтті. Олар: өлкемізге ғана емес республикамыздың көптеген жерінде қолтаңбасы қалған белгілі тамшы шебер, шеберлігімен қатар құсбегілік өнерді бала жасынан армандап өскен, енді сол арманын жүзеге асырып, саятшылық, құсбегілікті насихаттап, шәкірт ертіп, осы өнердің дамуына атсалысып келе жатқан азамат Мереке Өтеғалиев. Және сол Мерекенің соңына еріп, құс баулып, республикалық жарыстарға қатысып, кейбірі жүлделі орын алып та үлгерген Советов Өтежан, Есжанов Ертіс, Тайманов Айшуақ атты азаматтар.

Күні бойы көліктен түспейтін жастар мен күнұзын кеңседе компьютердің алдынан алыстамайтын ағайындар табиғат аясында тыныстап, бой жазып, сергіп қайтты. Дархан дала мен қыстың қатал табиғатын тамашалап, оған қоса ата-бабаларының киелі кәсібі, өрелі өнері құсбегілік пен саятшылықты көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей естен кетпес әсер алып қайтты. Яғни, саяхаттан қирап емес, қанаттанып, ширап қайтты. Аңшылар да олжалы оралды. Алпыс екі айлалы түлкі бикеш айласын асырып, уысқа түспегенмен саятшылардың қанжығалары қанданып, бірнеше «қалқанқұлақты» байлап қайтты. «Болашақта осы дәстүрді жалғастырса, балаларымызды үйірмеге бергендей үнемі қатыстырар едік» деп ризалықпен тілек білдіреді шараға атсалысқан ақтаулық блогер Берік Дауенов.

Шараны өткізудегі мақсат – жұртшылыққа ата кәсіп әрі бекзат өнер саятшылықты насихаттау, сонымен қатар қазіргі қазақтар заманауи түрлі қарулармен жабдықтанып, аңды қырып салмай, ата-бабамыздың салтымен кәсіп пен өнерді ұштастырып, Мәтжан би айтпақшы «көңіл қарын мен көже қарынның» қамын астастырып, бүгінді ғана емес ертеңді де ойлап әрекет жасаса деген ниет те бар. Шараға құмартып, аудандардан азаматтардың хабарласып жатқанына, тіпті «Лада» газеті мен сайтынан хабарландыруды оқып (көмегі үшін «Лада» газетіне, қызметкері Садырова Гүлмираға ерекше алғыс айтамыз) облыс орталығынан басқа ұлт өкілдерінің де келуіне қарағанда бағыт дұрыс сияқты.

Шараға тазылары мен төбетін ертіп, өз көліктерімен, отбасыларымен келген азаматтарға: Ерлан, Нұрлан және Ерсұлтан есімді ұлдарын ертіп келген қарақиялық Жарылғасов Ықылас, 2015-2016 жылдардағы батыс аймақтық жеңімпазы Сұңқар атты маңғыстаулық төбеттің иесі, ит сайысы бойынша халықаралық дәрежедегі төреші Байжанақов Әбунасыр сияқты этношараға келіп, белсене қатысқан ұлт өнеріне жанкүйер, саятқұмар  азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мұндай жанашыр азаматтар барда ұлт өнері ешқашан өшпейді!

Жомарт Айдарбек, «Отпан» МКҚК

 

Жәрияланған күні: 25 қаңтар 2018Жәрияланған уақыты: 09:37  Оқылған саны: 16442




16 маусым 2019

Ай астында алтыбақан.
icon

14 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен биылғы Жастар жылына орай «Отпан» МКҚК мен «Өрлеу» МҚК бірге ұйымдастыруымен Жыңғылды және Шайыр мәдениет үйлері қызметкерлерінің қатысуымен «Ай астында – алтыбақан» атты этнографиялық-көпшілік шара өткізілді. Шараға Маңғыстау ауданы Тұщыбек, Жыңғылды, Шетпе ауылының жастары, облыстық ғылыми-әдістемелік орталық қызметкерлері және т.б. қатысты.
Сан ғасырлар бойы қазақ

Жәрияланған уақыты: 16:37  

22 мамыр 2019

Дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күні
icon

21 мамыр күні дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай "Ақбосаға" мейрамханасында ұйымдастырылған мерекеде кешен қызметкерлері Шораева Жеміс пен Қаржаубаева Райса облыс әкімі Е.Тоғжановтың Алғыс хатына, Ыбашев Асхат, Мәстекбаев Тоқтар, Құртыш Сәрсенбай және Ғабитқызы Ғазиза облыстық мәдениет басқармасының басшысы П.Сармурзинаның Алғыс хатына ие болды. 

Жәрияланған уақыты: 10:47  

13 мамыр 2019

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде майдангер батырды еске алды.
icon

Ұлы Жеңіс күніне байланысты «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Ұлы Отан соғысының майдангері, жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері жерлесіміз Кемер Оңғалбаевтың ерлігіне арналған дәстүрлі «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты патриоттық-танымдық шара болып өтті. Шараға батырдың туысы Нұрсұлтанов Асылбек пен облысымызда алдыңғы қатардағы мектептердің бірі Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы №10 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Жәрияланған уақыты: 09:21  

3 мамыр 2019

«Жыр жебе» – Адай атада!
icon

24 сәуірде «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға Ақтау қаласындағы «Жыр жебе» айтыскер ақындар мектебінің түлектері мен Ақтау қаласы № 8 орта мектеп оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: жас ақындарды тәжірибелі ақындардың алдарына шығарып, шабыстарын байқап, ақыл-кеңестерін беріп, болашақ өмірге қолдау боларға бата беру,

Жәрияланған уақыты: 11:23  

29 сәуір 2019

Халық емшілері Отпан тауда бас қосты.
icon

18-cәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысындағы халық емшілерімен облыс жұртшылығы және мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты этнографиялық-танымдық шара ұйымдастырылды. Кездесуге өлкемізге ғана емес республикаға белгілі халық емшілері де қатысты. Атап айтар болсақ: халқына қолынан келген қызметін

Жәрияланған уақыты: 17:23  

20 наурыз 2019

Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!
icon

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал республикалық деңгейде өтсе, биылғы Амал мейрамына алыс-жақын туысқан елдерден, көрші мемлекеттерден арнайы қонақтар келіп қатысып, тамашалады. Оған қоса республикамыздың көптеген облыстарында «Көрісу

Жәрияланған уақыты: 11:51  

19 ақпан 2019

"Адай ата - Отпан тау" тарихи этно - мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді.
icon

19 қаңтар күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи этно -мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді. Шараны өткізудегі мақсат – өлкемізде кенже қалып қойған бекзат өнер құсбегілік пен саятшылықты насихаттау, дамуына дәнекер болу.
Шараға облысқа белгілі құсбегілер Мереке Өтеғалиев, Ертіс Есжанов, АйшуақТайманов, Өтежан Советов т.б. және Бөлтеков Әлекен сияқты тазы баптап

Жәрияланған уақыты: 11:57  

17 ақпан 2019

Шетел білімі – Отан игілігіне
icon

Ақпан айының 16 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай университетінің түлектері: «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның қызметкері Ерсұлтан Исламов мен «Си Бу» компаниясының инженері Саламат Айдарбек, Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық университеттің түлегі және «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің

Жәрияланған уақыты: 16:58  

14 желтоқсан 2018

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

Кешен қызметкерлері Маңғыстау аудандық жастар ресурсы орталығымен бірлесіп Шетпе кентіндегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шара өткізді.

Шараға Маңғыстау аудандық жастар орталығының директоры А.Қонарбаев пен Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп директоры С.Сафиев қатысып, тәуелсіздіктің тарихы мен оның қазақ халқына қалай, қандай құрбандықтар арқылы жеткендігі туралы әңгімелеп берді.Кешеннің бұқарамен жұмыс

Жәрияланған уақыты: 11:36  

26 қазан 2018

«Отпан тау суретшілер көзімен»
icon

26 қазан күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан тау суретшілер көзімен» атты сурет өнеріне арналған танымдық шара өтті. Шараға Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің, Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және Маңғыстау өнер колледжінің "Бейнелеу өнері" бөлімінің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Шарада жалпы сурет, бейнелеу өнері  және өлкемізге танымал жергілікті суретшілердің туындылары туралы айтылып, әңгіме болды. Кешенде өнер колледжі

Жәрияланған уақыты: 10:31  

10 қазан 2018

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде «Ел іші – өнер кеніші» атты жергілікті шеберлермен кездесу ұйымдастырылды.
icon

Кездесуге Жыңғылды ауылының қолөнер шеберлері Наушабаева Риза мен Досыбаева Сәния апайлар және Е.Айшуақұлы атындағы мектептің ұстазы, суретші Мейіржан Есенов пен Тұщыбек негізгі орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуге қатысқан шеберлер өздерінің қолөнерге қалай келгенін, кімнен, қалай үйренгенін, шеберліктің қыр-сырлары туралы оқушыларға қызықты етіп айтып берді. Сонымен қатар өз қолдарынан шыққан

Жәрияланған уақыты: 14:33  

19 қыркүйек 2018

«Адай ата – Отпан тау» кешенінің қызметкерлері «Туған жер» бағдарламасына сәйкес Тобықты жеріндегі Пір Бекет атамыздың қалпына келтірілген мешітіне саяхаттап барып қайтты.
icon

Мешіт Маңғыстау ауданының Қызан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырымдай жерде, Мәстек – Мыңкісі әулие жолы бойында. Мешіт ағартушы, діни ғұлама, Бекет Мырзағұлұлының өмірі мен діни-ағарту қызметтеріне қатысты бұл тарихи ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынған. Ол тегіс жерде орналасқан ақ бор төбешікті ойып салынған. Мешіт 2 бөлмеден тұрады. 2005 жылы Сайын Назарбеков басқаратын «Парыз» ЖШС мешітке жөндеу жұмыстарын  жүргізіп, қалпына келтірген

Жәрияланған уақыты: 09:19  

7 қыркүйек 2018

Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығы
icon

1 қыркүйек күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығына арналған шаралар болып өтті. Шараға «ӨзенМұнайГаз» АҚ жс мамандары ғана емес, "МаңғыстауМұнайГаз", "Қаражамбасмұнай", "Қазгермұнай", "Мұнайтелеком", «Павлодар мұнай химия зауыты», Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Казахойл Ақтөбе» компанияларының жас мамандары қатысты.

Шара барысында

Жәрияланған уақыты: 16:04  

25 маусым 2018

Бата беру
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шаралардың бірі «Батамен ер көгерер» деп аталады. Кешен басшылығы мен қызметкерлері киелі Отпан тауда кешенге арнайы зияраттап келген жаңа отау құрған жас отбасыларға, жоғары оқу орнына түсуге бара жатқан, әскерге аттанып бара жатқан жастарға, т.б. бата беру дәстүрін жандандырып отыр. 

Бұл жолы кешенге Шетпе кентінен кешен қызметкері Нарешова Маржанның

Жәрияланған уақыты: 16:05  

18 маусым 2018

Отпан тауда демеушілерге құрмет көрсетілді
icon

17 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде  кешен демеушілеріне арналған «Жомарт жүрек жандар» атты шара болып өтті. Шараға облысқа танымал бір топ мекеме басшылары мен кәсіпкерлер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл  Жанназарова, Тұщыбек ауылының тұрғындары,  кешен қызметкерлері

Жәрияланған уақыты: 12:14  

10 мамыр 2018

Есіл ердің есімі ұлықталды
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты дәстүрлі патриоттық-танымдық шара өткізілді. Шараны «Отпан» МКҚК қызметкерлері ұйымдастырды. Шараға Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары, Совет Одағының батыры, жерлесіміз Жұмағали Қалдықараевтың туыстары қатысты. Шараның

Жәрияланған уақыты: 04:38  

13 сәуір 2018

Отпан тауда дәстүрлі ақындар кездесуі өтті.
icon

13 сәуір күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде дәстүрлі аға буын ақындар мен жас талап ақындардың кездесуі болып өтті. Бұл жолғы кездесуге осы кешен идеясының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың, Құрмет орденінің иегері  ақиық ақын Сабыр Адай мен Ақшымырау ауылының Т.Әлниязұлы атындағы, Қызан ауылының Ә.Жангелдин атындағы орта мектептердің, Жыңғылды ауылының С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен ұстаздары

Жәрияланған уақыты: 04:29  

6 наурыз 2018

«Көктем шуағы» атты шара
icon

6 наурыз күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлері мен Жыңғылды ауылының С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымының бірігіп аналарға арнаған дайындаған дәстүрлі «Көктем шуағы» атты шара болып өтті. Шараға Маңғыстау ауданы Онды ауылының ардақты аналары: зейнеткерлер Байдеева Секер мен Нұрғали Қиясбибі, Онды ауылы әкімдігінің қызметкері Олжабаева Роза және «Отпан» МКҚК қызметкері Шораева Жеміс, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың

Жәрияланған уақыты: 14:29  

17 ақпан 2018

«Ерліктің асқары, бірліктің бастауы – Отпан» және «Маңғыстау – машайықтар мекені» атты жылжымалы көрмелер
icon

Үстіміздегі жылдың 15-16 ақпан күндері «Отпан» кәсіпорын қызметкерлері: көпшілік-экскурсия  бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек, «Ақсарай» мұражайының экскурсоводы Г.Қанашқызы «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы – Отпан» және «Маңғыстау – машайықтар мекені» атты жылжымалы көрмелерді көрмелеу мақсатында Маңғыстау ауданының Ақшымырау, Қызан ауылдарында іссапармен болып қайтты. Іссапар барысында Ақшымырау ауылындағы Т.Әлниязұлы атындағы орта мектептің, Қызан

Жәрияланған уақыты: 16:42  

25 қаңтар 2018

Ата кәсіп – аңшылық
icon

Қаңтар айының сенбісінде Иірдің ойындағы Айрақты тауының етегінде «Отпан» МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Ата кәсіп –

Жәрияланған уақыты: 09:37  

20 қаңтар 2018

«Ерліктің асқары, бірліктің бастауы» атты жылжымалы көрме
icon

2018 жылдың 18 қаңтары күні «Отпан» тарихи-мәдени кешені қызметкерлері Қ.Ізімбергенова, Р. Қаржаубаева, Г. Қанашқызы, М. Нәрешова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған ауданы Таушық ауылының Шахта орта мектебі оқушыларына «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрмемен қатар кешеннің аспан астындағы ескерткіштері мен Ақсарай музейінің тұрақты экспозицияларынан, кешенде ұйымдастырылған мерекелік шаралардан, жыл

Жәрияланған уақыты: 09:04  

22 желтоқсан 2017

«Отпанда» Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Жалау Мыңбаевтың 125 жылдығы аталып өтті.
icon

Отпан тауда тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Рухани даму: болашаққа бағдар» бағдарламасына орай «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл және Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Алаш қоғалысы және Маңғыстау» деп аталатын шара болып өтті. Шараға «Алаш» қозғалысы мен қайраткерлері, әсіресе Алаш арысы Ж.Мыңбаев туралы  зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ҚДП «Ақ жол» Маңғыстау облыстық филиалы жастар қанатының жетекшісі Исаева

Жәрияланған уақыты: 15:40  

22 желтоқсан 2017

Темірмен тіл табысқан
icon

Темірге тіл бітірген Құлменовтер.

Жақында «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Темірмен тіл табысқан» деп аталатын түркі әлеміне танымал ағайынды ұсталар, ҚР мәдениет қайраткерлері, "Түрік дүниесі алдындағы сіңірген еңбегі үшін" халықаралық сыйлығының иелері Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлменовтердің қолдарынан шыққан сирек қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Көрмеге Құлменовтердің ортаншысы Махмут пен қасиетті ата кәсіпті

Жәрияланған уақыты: 10:53