Отан үшін от кешкен майдангерлер.

3 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешенінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангер жерлестеріміз Шалабаев Әбдірахман және ағайынды Ізтұрған мен Байтұрған Меңдіқұловтарға арналған "Отан үшін от кешкендер" атты дәстүрлі шара болып өтті. Шараға марқұм болған майдангерлердің ұрпақтары: ұл-қыздары, немерелері мен жиендері қатысты.

Шараны кешен қызметкерлері Гүлбану Шораева мен Талант Тайман жүргізді. Кездесу-шара барысында Таушық мәдениет үйі мен кешен қызметкерлерінің сахналауымен кешен қызметкері Н.Түркпенбаеваның "Қаралы жылдар қасіреті" атты драмалық қойылымынан үзінді көрсетілді. Майдангерлердің ұрпақтары әкелері туралы естеліктерін айтса, немерелері мен жиендерінің бірі аталары шығарған өлеңдерді оқыса, бірі аталарына арнап жазған жүрекжарды шығармаларын көпшілік алдында паш етті. Енді бірі сахнада мың бұрала билесе, бірі тақпақ оқыды. Майдангерлердің ұрпақтары шараны ұйымдастырушы кешен қызметкері Маржан Нарешеваға мен кәсіпорын директоры Ж.Кетееваға ризалықтарын білдіріп сый жасаса, оларға ел үшін, жер үшін қан төккен аталарды еске алып, дәріптеуде белсенділік танытқандары үшін кәсіпорын басшылығы атынан алғыс хат табысталды.

Шара соңынан майдангерлерге арнап ұрпақтарының ұйымдастыруымен және кешен қызметкерлерінің атсалысуымен ас берілді. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:08  Оқылған саны: 95




8 қазан 2020

ШАЛМАҒАМБЕТ немесе СЫРЛЫ АСАНЫҢ СЫРЫ

«Бейнебаянды оқыған "Адай ата - Отпан тау" кешенінің экскурсоводы Гүлсамал Қанашқызы» 

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1258560851182232&id=381700648868261 

Жәрияланған уақыты: 22:56  

16 қыркүйек 2020

Ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы

Кешен қызметкері Райса Қаржаубаева дайындаған ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы орыс тіліндегі бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

Жәрияланған уақыты: 16:28  

10 қыркүйек 2020

«Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы
icon

Кешенге «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы аясында Маңғыстауға келген экспедиция мүшелері: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы

Жәрияланған уақыты: 22:45  

1 шілде 2020

Бата-халық қазынасы.

"Батаменен ер көгерер"

Бата-халық қазынасы.

"Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ер көгерер" деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе,береке арылмайды.

Салт-дəстүріміздің

Жәрияланған уақыты: 16:22  

22 маусым 2020

Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста.

Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста. 

Жәрияланған уақыты: 15:56  

10 наурыз 2020

«Анашым – жанашырым»
icon

Бүгін «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Аналар күніне арналған «Анашым – жанашырым» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға Шетпе кентінің ардақты аналары Алданбергенова Орынша, Қилыбаева Меруерт Егдірбайқызы, Сая Камешқызы

Жәрияланған уақыты: 09:32  

14 ақпан 2020

Дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті
icon

Үстіміздегі жылдың ақпан айының жайма-шуақ бір күні "Адай ата – Отпан тау" кешенінде жергілікті саятшы, құсбегілердің қатысуымен дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті. Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты

Жәрияланған уақыты: 15:02  

10 желтоқсан 2019

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, этнограф-зерттеуші, публицист, ақын  Қабиболла Сыдиықовтың 85 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты танымдық шара болып өтті. 

Шараның

Жәрияланған уақыты: 11:35  

1 қараша 2019

«Өмірі өнерімен өрнектелген»
icon

Үстіміздегі жылдың қазан айының 31 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, мекеме ардагері Данияр Аралбаевтың шығармашылығына арналған

Жәрияланған уақыты: 15:57  

10 қазан 2019

"Алуан түрлі кәсіп бар"
icon

25 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-танымдық этно-мәдени кешенінде "Алуан түрлі кәсіп бар" деп аталатын шара болып өтті. Шараның мақсаты: оқушылар мен жастарға мамандық таңдауда көмектесу, бағыт беру. Шараға Шетпе кентінің жеке

Жәрияланған уақыты: 11:55  

3 қазан 2019

"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты
icon

"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты. Сонымен қатар қорым түнеуханасының айналасындағы орындықтарды сырлап, ауланы тазалап, аумақтағы

Жәрияланған уақыты: 09:32  

4 қыркүйек 2019

"Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Tүркістан облыстарында іссапармен болып қайтты
icon

28 тамыз - 3 қыркүйек аралығында "Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Құралай Ізімбергенова мен Жомарт Айдарбек Жамбыл, Түркістан облыстарында іссапармен болып қайтты. Іссапар барысында өлкетанушы Ідірейіс Серікбаев

Жәрияланған уақыты: 09:27  

1 шілде 2019

Бақытты балалық шақ
icon

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде балаларды қорғау күніне орай кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған мереке ұйымдастырылды. Шараға балалар мен олардың ата-аналары белсене қатысты. Түрлі спорттық, интеллектуалдық ойындар ойналып, балалар

Жәрияланған уақыты: 11:19  

16 маусым 2019

Ай астында алтыбақан.
icon

14 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен биылғы Жастар жылына орай «Отпан» МКҚК мен «Өрлеу» МҚК бірге ұйымдастыруымен Жыңғылды және Шайыр мәдениет үйлері қызметкерлерінің қатысуымен «Ай астында –

Жәрияланған уақыты: 16:37  

22 мамыр 2019

Дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күні
icon

21 мамыр күні дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай "Ақбосаға" мейрамханасында ұйымдастырылған мерекеде кешен қызметкерлері Шораева Жеміс пен Қаржаубаева Райса облыс әкімі Е.Тоғжановтың Алғыс хатына, Ыбашев Асхат, Мәстекбаев Тоқтар,

Жәрияланған уақыты: 10:47  

13 мамыр 2019

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде майдангер батырды еске алды.
icon

Ұлы Жеңіс күніне байланысты «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Ұлы Отан соғысының майдангері, жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері жерлесіміз Кемер Оңғалбаевтың ерлігіне арналған дәстүрлі «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты патриоттық-танымдық

Жәрияланған уақыты: 09:21  

3 мамыр 2019

«Жыр жебе» – Адай атада!
icon

24 сәуірде «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға Ақтау қаласындағы «Жыр жебе» айтыскер ақындар мектебінің түлектері мен Ақтау қаласы

Жәрияланған уақыты: 11:23  

29 сәуір 2019

Халық емшілері Отпан тауда бас қосты.
icon

18-cәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысындағы халық емшілерімен облыс жұртшылығы және мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты

Жәрияланған уақыты: 17:23  

20 наурыз 2019

Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!
icon

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал

Жәрияланған уақыты: 11:51  

19 ақпан 2019

"Адай ата - Отпан тау" тарихи этно - мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді.
icon

19 қаңтар күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи этно -мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді. Шараны өткізудегі мақсат – өлкемізде кенже қалып қойған бекзат өнер құсбегілік пен саятшылықты

Жәрияланған уақыты: 11:57  

17 ақпан 2019

Шетел білімі – Отан игілігіне
icon

Ақпан айының 16 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай

Жәрияланған уақыты: 16:58  

14 желтоқсан 2018

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

Кешен қызметкерлері Маңғыстау аудандық жастар ресурсы орталығымен бірлесіп Шетпе кентіндегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шара өткізді.

Шараға Маңғыстау аудандық жастар орталығының директоры А.Қонарбаев

Жәрияланған уақыты: 11:36  

26 қазан 2018

«Отпан тау суретшілер көзімен»
icon

26 қазан күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан тау суретшілер көзімен» атты сурет өнеріне арналған танымдық шара өтті. Шараға Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің, Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және Маңғыстау өнер колледжінің

Жәрияланған уақыты: 10:31