АЙ АСТЫНДА — АЛТЫБАҚАН.

20 маусым күні өткен жылғы жасалған екі жақты меморандум негізінде кешенге тәжірибе алмасу мақсатында келген Қызылорда облыстық "Қорқыт ата" мемориалды музейі мен Шымкент қаласы "Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып" орталығы қызметкерлерінің және Маңғыстау облыстық Әбіш Кекілбайұлы атындағы музей басшылығы мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тәжірибе алмасу бағытында кеңес өтті. Бас қосуда "Отпан" кәсіпорнының қызметі, өңір мен республика халқының ынтымақ-бірлігіне және Қазақ елі тәуелсіздігінің нығаюына кешенде істеліп жатқан рухани-мәдени істер туралы толымды түсінік берілді. Сонымен бірге еліміздің әр жерінен арнайы келген тарихи-мәдени ошақтар мен "Адай ата - Отпан тау" кешені арасында бекітілген және алда қол қойылатын меморандумдар бойынша әріптестік пікір мен тәжірибе алмасулар болды. Қонақтар Ақсарай мұражайын аралап, Адай ата кесенесіне зиярат етіп, тарихи-мәдени нысандарды көріп, танысты.

Содан соң Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы жерінде орналасқан "Қорқыт ата" мемориалды музейінің тарихи экспонаттардан құралған"Қорқыт - оғыз мәдениетінің темірқазығы" атты жылжымалы көрмесі өтті. Көрмені мемориалдық мұражай директоры Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы ашып музейдің тарихына тоқталып өтті. Ары қарай көрмені "Қорқыт ата" музейінің экскурсоводы Қартамысов Нұрбек Данабайұлы таныстырып өтті.

Көрме таныстыруынан кейін кешен қызметерлері мен Сайын Шапағатов ауылдық округі мәдениет үйі ұжымының бірлескен "Ай астында - алтыбақан" ойын-сауық кеші өтті. Шараға сонымен бірге 1980-жылдары Бейнеуде құрылған "Алтыбақан" ұжымының ардагерлері Сабыр Адай, Балбатша Еламанова мен Гүл Азановалар қатысып, юбірге тамашалады. Шара "Отпан" кәсіпорны қызметкерлері (Ж.Айдарбек, Р.Қаржаубаева, Д.Сырым және Г.Шораева) дайындаған қойылыммен басталды. Жылда өтетін дәстүрлі шараның биылғы қатысушысы С.Шапағатов мәдениет үйінің (директоры облысқа, республикаға белгілі өнерпаз, ұйымдастырушы Нұргүл Ағылман) өнерпаздары өнерімен көпшілікті тәнті етті. Қыз бен жігіт жарысы күмбірлете күй тартып, желкілдете жыр жебе, арасында айтысы мен әзіл-оспақтарымен осқыласып, қыз бен жігіт арасында дәнекер боп үйірілген жеңгенің жеңіл әзілі мен жігіт намысын қамшылар сөздері көрерменнің таңдайын талай қақтырды. (Жақында ғана Тараз қаласында өткен фольклорлық ансамбльдер арасында өткен республикалық байқауда құрылғанына 1-2 ай болса да 1-орын алған "Науалы саз" фольклорлық ансамблі де осы ұжымның мүшелері). Барлық аталған шараларға қатынасқан Маңғыстау тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл күй мен ризашылық сезімде болды. Кеш соңында өнер ұжымдары естелік сыйлықтармен алмасып, естелікке суреттерге түсті.  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 06:25  Оқылған саны: 1729




10 қазан 2018

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде «Ел іші – өнер кеніші» атты жергілікті шеберлермен кездесу ұйымдастырылды.
icon

Кездесуге Жыңғылды ауылының қолөнер шеберлері Наушабаева Риза мен Досыбаева Сәния апайлар және Е.Айшуақұлы атындағы мектептің ұстазы, суретші Мейіржан Есенов пен Тұщыбек негізгі орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуге қатысқан

Жәрияланған уақыты: 14:33  

19 қыркүйек 2018

«Адай ата – Отпан тау» кешенінің қызметкерлері «Туған жер» бағдарламасына сәйкес Тобықты жеріндегі Пір Бекет атамыздың қалпына келтірілген мешітіне саяхаттап барып қайтты.
icon

Мешіт Маңғыстау ауданының Қызан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырымдай жерде, Мәстек – Мыңкісі әулие жолы бойында. Мешіт ағартушы, діни ғұлама, Бекет Мырзағұлұлының өмірі мен діни-ағарту қызметтеріне қатысты бұл тарихи ескерткіш мемлекеттік

Жәрияланған уақыты: 09:19  

7 қыркүйек 2018

Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығы
icon

1 қыркүйек күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Маңғыстау ауданының 90 жылдығы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ жанынан құрылған жас мамандар Кеңесінің 5 жылдығына арналған шаралар болып өтті. Шараға «ӨзенМұнайГаз» АҚ жс мамандары ғана емес,

Жәрияланған уақыты: 16:04  

25 маусым 2018

Бата беру
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шаралардың бірі «Батамен ер көгерер» деп аталады. Кешен басшылығы мен қызметкерлері киелі Отпан тауда кешенге арнайы зияраттап келген жаңа отау құрған

Жәрияланған уақыты: 16:05  

18 маусым 2018

Отпан тауда демеушілерге құрмет көрсетілді
icon

17 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде  кешен демеушілеріне арналған «Жомарт жүрек жандар» атты шара болып өтті. Шараға облысқа танымал бір топ мекеме басшылары мен кәсіпкерлер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

Жәрияланған уақыты: 12:14  

10 мамыр 2018

Есіл ердің есімі ұлықталды
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты дәстүрлі патриоттық-танымдық шара өткізілді. Шараны «Отпан» МКҚК қызметкерлері ұйымдастырды. Шараға Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі

Жәрияланған уақыты: 04:38  

13 сәуір 2018

Отпан тауда дәстүрлі ақындар кездесуі өтті.
icon

13 сәуір күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде дәстүрлі аға буын ақындар мен жас талап ақындардың кездесуі болып өтті. Бұл жолғы кездесуге осы кешен идеясының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың, Құрмет

Жәрияланған уақыты: 04:29  

6 наурыз 2018

«Көктем шуағы» атты шара
icon

6 наурыз күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлері мен Жыңғылды ауылының С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымының бірігіп аналарға арнаған дайындаған дәстүрлі «Көктем шуағы» атты шара болып өтті. Шараға Маңғыстау ауданы Онды

Жәрияланған уақыты: 14:29  

17 ақпан 2018

«Ерліктің асқары, бірліктің бастауы – Отпан» және «Маңғыстау – машайықтар мекені» атты жылжымалы көрмелер
icon

Үстіміздегі жылдың 15-16 ақпан күндері «Отпан» кәсіпорын қызметкерлері: көпшілік-экскурсия  бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек, «Ақсарай» мұражайының экскурсоводы Г.Қанашқызы «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы – Отпан» және «Маңғыстау – машайықтар

Жәрияланған уақыты: 16:42  

25 қаңтар 2018

Ата кәсіп – аңшылық
icon

Қаңтар айының сенбісінде Иірдің ойындағы Айрақты тауының етегінде «Отпан»

Жәрияланған уақыты: 09:37  

20 қаңтар 2018

«Ерліктің асқары, бірліктің бастауы» атты жылжымалы көрме
icon

2018 жылдың 18 қаңтары күні «Отпан» тарихи-мәдени кешені қызметкерлері Қ.Ізімбергенова, Р. Қаржаубаева, Г. Қанашқызы, М. Нәрешова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған ауданы Таушық ауылының Шахта орта мектебі оқушыларына «Ерліктің асқары, бірліктің

Жәрияланған уақыты: 09:04  

22 желтоқсан 2017

«Отпанда» Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Жалау Мыңбаевтың 125 жылдығы аталып өтті.
icon

Отпан тауда тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Рухани даму: болашаққа бағдар» бағдарламасына орай «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл және Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Алаш қоғалысы және Маңғыстау» деп аталатын

Жәрияланған уақыты: 15:40  

22 желтоқсан 2017

Темірмен тіл табысқан
icon

Темірге тіл бітірген Құлменовтер.

Жақында «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Темірмен тіл табысқан» деп аталатын түркі әлеміне танымал ағайынды ұсталар, ҚР мәдениет қайраткерлері, "Түрік дүниесі алдындағы сіңірген еңбегі үшін"

Жәрияланған уақыты: 10:53  

28 қараша 2017

Отпандағы ақындар кездесуі
icon

25 қараша күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде облыстағы белгілі ақындардың аға буын өкілдері мен жаңа буын жас талап ақындарының дәстүрлі кездесуі өтті. Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы және Мұнайлы ауданы №11 орта мектептерінің

Жәрияланған уақыты: 11:02  

22 қараша 2017

Отпанда отан қорғаушыларды шығарып салды
icon

22 қараша күні Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізіліп отырған «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде әскер қатарына аттанушы жастарды «Отан қорғау – азаматтық парызың» атты патриоттық шара болып өтті. Шараға

Жәрияланған уақыты: 15:19  

30 қазан 2017

"Отпан" тарихи-мәдени кешеніне - 10 жыл
icon

28 қазан күні Отпан тауда "Отпан" тарихи-мәдени кешенінің 10 жылдығы аталып өтті. Үш жүздің төбе билері - Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге ескерткіш орнатылып, облыс әкімі Ералы Тоғжанов, мемлекет, қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев пен кешен

Жәрияланған уақыты: 17:49  

26 қыркүйек 2017

Жастар форумына қатысушылар Отпанға арнайы келді
icon

Облысымызда Маңғыстау облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен республикалық жастар форумы өткені белгілі. Қыркүйек  айының 23 күні форумға қатысушылар «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне арнайылап келіп, кешенді, қонақтарға

Жәрияланған уақыты: 14:16  

17 қыркүйек 2017

Блогерлер - Отпанда
icon

16 қыркүйекте облыста жүріп жатқан «Жаңғырған Жібек жолы» жобасына
байланысты «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне республиканың түкпірлерінен
блогерлер келді. Кешен қонақтары «Ақсарай» мұражайының көрмелік
экспозицияларын аралап, кешендегі

Жәрияланған уақыты: 15:29  

24 маусым 2017

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті
icon

Жыңғылды ауылының Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат базасында, Маңғыстау туризм колледжі мен  «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті  болып өтті.

Екі күндік жарыс

Жәрияланған уақыты: 10:09  

4 маусым 2017

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышандары» атты лекция
icon

4 маусым "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күні" аталып өтілді. Шара басында келушілердің қатысуымен мерекеге орай ҚР мемлекеттік әнұраны орындалып, мекеме қызметкері Маржан Нарешова кешенге келушілерге «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышандары»

Жәрияланған уақыты: 10:08  

4 маусым 2017

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышандары» атты лекция
icon

4 маусым "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күні" аталып өтілді. Шара басында келушілердің қатысуымен мерекеге орай ҚР мемлекеттік әнұраны орындалып, мекеме қызметкері Маржан Нарешова кешенге келушілерге «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышандары»

Жәрияланған уақыты: 10:08  

2 маусым 2017

«Бала шақтан – болашаққа»
icon

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Отпан» МКҚК Жыңғылды селосындағы «Ақ шағала» балабақшасының ұжымымен бірлесіп «Балашақтан – болашаққа» атты дәстүрлі мерекелік шараны Жыңғылды селосының мәдениет үйінде өткізді. 

Шарада құттықтау  сөз

Жәрияланған уақыты: 10:07  

2 маусым 2017

«Бала шақтан – болашаққа»
icon

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Отпан» МКҚК Жыңғылды селосындағы «Ақ шағала» балабақшасының ұжымымен бірлесіп «Балашақтан – болашаққа» атты дәстүрлі мерекелік шараны Жыңғылды селосының мәдениет үйінде өткізді. 

Шарада құттықтау  сөз

Жәрияланған уақыты: 10:07  

23 мамыр 2017

«ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаевтың шығармашылығы мен өмір жолы
icon

Отпан тауда мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай дәстүрлі «Өлке мақтаныштары» шарасы өткізілді. Шара «Отпан» МКҚК құрылғаннан бері үзбей қызмет істеп келе жатқан мекеме ардагері, «ҚР мәдениет саласының үздігі»  Данияр Аралбаевтың шығармашылығы мен

Жәрияланған уақыты: 10:05