«Жыр жебе» – Адай атада!

24 сәуірде «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға Ақтау қаласындағы «Жыр жебе» айтыскер ақындар мектебінің түлектері мен Ақтау қаласы № 8 орта мектеп оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: жас ақындарды тәжірибелі ақындардың алдарына шығарып, шабыстарын байқап, ақыл-кеңестерін беріп, болашақ өмірге қолдау боларға бата беру, сонымен қатар айтыс өнерін насихаттау.
Соңғы жылдары ақын Фархад Мусаев Ақтау қаласынан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «ЖЫР ЖЕБЕ» атты айтыскер ақындар мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеп келеді. Олардың бірқатары облыстық, республикалық айтыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанып, облысымызға олжамен оралып жүр. (Тіпті жақында сәуір айында Алматыда болған республикалық "Ұлы дала дарындары" атты өнерпаздар байқауында мектеп түлегі Мейірбек Саламатов 1-орын иемденіп, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқу грантын жеңіп алды). Олар: Жұмабай Мағжан Аманкелдіұлы, Саламатов Мейірбек Жәумітұлы, Сүйемов Алшын Қанбергенұлы, Сардар Ердәулет Бердіxанұлы, Қуаныш Жолдас, Қайырбек Теңел. Ақындар «құлмамбет айтыс» түрімен кезектесіп айтысып, шараға қатысушыларды бір сілкінтіп тастады.
Ақындардың қатарында Адайдың жеті қайқысы Өскембай Қалмамбетұлының ұрпағы Қайырбек Теңел мен Қуаныш Жолдас – Маңғыстау өнер колледжінің жыр-терме бөлімінің студенттері. Соларды кезек-кезек жырлатып, күй тартқызып, жыршы-күйшілердің сұлу сөздері мен күмбірлеген күйлерін тыңдап, қатысушылар бір марқайып қалды.
Ақындар мен жыршылардың жырынан шабыты оянған И.Сүйеубаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы, «Сазген» өнер мектебінің түлегі Рақымжан Жаңабаев өзі сұранып, көрермендер алдына шығып жырдан шашу шашты.
Шара дәстүрі бойынша қарт ақын жас жүйріктерге бата беруі тиіс болатын. Алайда шараға арнайы шақырылған ақын денсаулығына байланысты кездесуге келе алмағандықтан, бұрынғылардың жолымен деп шараны жүргізуші, көпшілік-экскурсия бөлімінің меңгерушісі Жомарт Айдарбек жас жүйріктерге ағалық ақ батасын берді.
Кәсіпорын атынан айтыскер ақындарға естелікке өткен ғасырлардағы маңғыстаулық ақын-жыраулардың жыр жинақтары тарту етілді.

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:23  Оқылған саны: 15139




6 наурыз 2017

«Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шарасы
icon

6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шараға  Шайыр орта, Тұщыбек негізгі орта мектеп оқушылары,  Жармыш аулынан көп балалы, өнерлі де өнегелі аналары Күбікова Ақкенже, Балиғатова Бану, Кенғанова Түрше,

Жәрияланған уақыты: 22:53  

24 ақпан 2017

"ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ақтоты Райымқұлова Отпанда"
icon

24 ақпан күні «Отпан» кешеніне облысқа ресми іссапармен келген ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ақтоты Райымқұлова келіп, Адай ата кесенесіне зияраттап, Ақсарай мұражайын аралады. Вице-министр кешенге келген құрметті қонақтарға арналған

Жәрияланған уақыты: 12:50  

22 ақпан 2017

«Жарасар алтын ілгек ақ көйлекке»
icon

22 ақпан  Шетпе гимназиясының оқушыларына  өлкемізге белгілі халық композиторы, әнші, қолөнер шебері Қайып Қорабайұлының туғанына 160 жыл толуына орай, оның шығармашылығына арнап «Жарасар алтын ілгек ақ көйлекке» атты танымдық шара өткізіліп,

Жәрияланған уақыты: 22:47  

2 ақпан 2017

«Салбурын -2017»
icon

2 ақпан күні  қазақ халқының саятшылық, құсбегілік өнеріне арналған жергілікті Тұщыбек ауылы құсбегілерінің қатысуымен дәстүрлі «Салбурын»  атты дәстүрлі танымдық–этнографиялық  шара өткізілді.Шараға Шайыр орта мектебі, Тұщыбек

Жәрияланған уақыты: 22:41  

16 қараша 2016

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

16 қараша күні Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты  шара өткізілді. Шараға Тұщыбек ауылының еңбек ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. ҚР тәуелсіздігінің тарихы мен маңыз-дылығы туралы «Отпан» МКҚК

Жәрияланған уақыты: 14:27  

10 қараша 2016

«Есбол Өмірбаев – 100 жаста»
icon

Өмірі  мен қызметіне арнап Ұштаған, Онды және Жармыш орта мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, лекция оқу (Әдеби-танымдық шара). 9-10 қарашада Ұштаған, Онды, Жармыш мектептері оқушыларымен  белгілі өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың 100 жылдығына орай

Жәрияланған уақыты: 23:55  

10 қараша 2016

«Маңғыстаудың Марғұланы»
icon

9-10 қарашада белгілі өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың 100 жылдығына орай Ұштаған, Онды, Жармыш мектептері оқушыларымен  «Маңғыстаудың Марғұланы»  атты кездесу өткізілді. Шара барысында оқушыларға Е.Өмірбаев туралы 7,5 минуттік бейнефильм

Жәрияланған уақыты: 14:47  

7 қараша 2016

«Халықтар достығы – бірлікте»
icon

7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте»  атты мәдени-этнографиялық көпшілік шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6  этно-мәдени орталық өкілдері: «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның өкілі Дамилян

Жәрияланған уақыты: 16:22  

7 қараша 2016

«Халықтар достығы – бірлікте»
icon

7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте»  атты мәдени-этнографиялық көпшілік шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6  этно-мәдени орталық өкілдері: «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның өкілі Дамилян Асмик, қырғыз

Жәрияланған уақыты: 16:22  

4 қараша 2016

«Жыр сүлейі – Сәттіғұл»
icon

Жыңғылды  ауылы С. Нұрниязұлы  атындағы мектеп-интернатта «Жыр сүлейі – Сәттіғұл» атты әдеби-көпшілік шара өткізілді. Кешен қызмет-кері М.Нәрешова Сәттіғұл ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды. Оқушылар Ә.Жолаш

Жәрияланған уақыты: 10:34  

2 қараша 2016

«Ағадан – ақыл, атадан – бата»
icon

2 қараша күні «Ағадан – ақыл, атадан – бата» атты дәстүрлі ақындар кездесуі өтті. Шараға Маңғыстау ауданының белгілі ақындары И.Қосжан, Ә.Қонарбаев, Б.Байекеев, Г.Науырша, Е.Қорабаев,

Жәрияланған уақыты: 10:04  

29 қыркүйек 2016

«Мен Қалнияз деген күреңің!»
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға  Қалнияз атаның тікелей

Жәрияланған уақыты: 23:38  

4 маусым 2016

"Рәміздер күні"
icon

4 маусым мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті (жоспардан тыс шара). Атаулы мерекеге Адай ата кесенесіне зияраттап келген бір топ астаналық заң қызметкерлерімен бірге белгілі ақын, кешен идеясының авторы Сабыр Адай

Жәрияланған уақыты: 11:34  

2 маусым 2016

«Бала шақтан – болашаққа»
icon

Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған «Бала шақтан – болашаққа» атты шараға Шетпе селосының «Рахат» және «Ертөстік» балабақшалары ересектер тобының бүлдіршіндері қатысты.

Жәрияланған уақыты: 12:20  

21 мамыр 2016

«Өлке мақтаныштары»
icon

«Өлке мақтаныштары» атты дәстүрлі шара қуыршақ театры әртістерімен (Ержан Бегашев, Бану Түстікбекова, Айгүл Айтыманова т.б.) кездесу.Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай дәстүрлі «Өлке мақтаныштары»  шара өткізілді. 

Жыңғылды

Жәрияланған уақыты: 23:48  

6 мамыр 2016

«Елім деп өткен есіл ер»
icon

Совет Одағының батыры,  жерлесіміз Мәди Бегеновтың 100 жылдығына арналған «Елім деп өткен есіл ер» атты мәдени-патриоттық шара өткізілді. Шараға батырдың туыстары мен Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып

Жәрияланған уақыты: 17:39  

17 сәуір 2016

"Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы"
icon

Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығына байланысты ақынның өмірі мен поэзиясына арналған Шетпе кенті мектептері оқушыларымен кездесу шара ұйымдастырып, лекция оқу Бұл кездесу шараға А.Меңдалиев, Б.Жұмалиев және Н.Жұбаев атындағы орта мектеп оқушылары

Жәрияланған уақыты: 23:35  

11 наурыз 2016

"Amal tolks" форумына қатысушылар - Отпанда
icon

11.03. Жоспардан тыс Ақтау қаласында өткен «Amal tоlks» атты форумға қатысушы блогерлер мен БАҚ өкілдерімен кешенде өткен кездесуге Ақтау қаласының жастары келді.

Жәрияланған уақыты: 16:11  

7 наурыз 2016

"Сайлау-2016" үгітпоезы Отпанға келді
icon

7 наурыз күні  «Сайлау-2016» науқанына байланысты облысқа келген үгіт поезының 40 мүшесі кешенге келіп, Адай ата кесенесіне зиярат жасап, Ақсарай мұражайын тамашалап, ризалық сезіммен рухтанып аттанды.  

Жәрияланған уақыты: 16:38  

5 наурыз 2016

"Аналар-ошақ бақыты"
icon

5 наурыз күні кешенде халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға Шетпе селосының көп балалы, өнерлі аналары – Төлемісова Шархат, Сағындықова Атлас, Жұмабаева Нұрсұлу, Калымбетова Зияда

Жәрияланған уақыты: 17:53  

29 ақпан 2016

«Салбурын-2016»
icon

Тұщыбек ауылында өткізілген  бұл дәстүрлі «Салбурын» этношараға Е.Айшуақұлы атындағы мектеп пен Тұщыбек негізгі орта мектеп оқушылары және жергілікті құсбегілер М.Өтеғалиев, Ө.Советов, Е.Есжанов, Қ.Оразмұханбетов қатысты. Құсбегілер  қыран

Жәрияланған уақыты: 10:47  

24 ақпан 2016

«Әр қазақ менің жалғызым»
icon

«Әр қазақ менің жалғызым» атты «Ақжол» партиясы МОФ жастар қанатының 1 жылдығына байланысты жоспардан тыс патриоттық мәдени шара өткізілді.

Жәрияланған уақыты: 17:10  

24 желтоқсан 2015

"Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеевпен кездесу"
icon

24 желтоқсанда «Адай ата – Отпан тау»  кешенде Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, ақын Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеев және Шетпе кентінің Алшын Меңдалиев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Жәрияланған уақыты: 17:07  

15 желтоқсан 2015

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің төменгі сынып оқушыларына «Тәуелсіздік – тұғырым» атты патриоттық - танымдық шара өткізілді. «Отпан тау – киелі тау» жылжымалы

Жәрияланған уақыты: 14:44