Ата кәсіп – аңшылық

Қаңтар айының сенбісінде Иірдің ойындағы Айрақты тауының етегінде «Отпан» МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Ата кәсіп – аңшылық" атты құсбелік пен саятшылыққа арналған этнотанымдық шара өтті. Бұл шара 2013 жылдан бері оқушыларға арналып, танымдық этношара есебінде өткізіліп келген еді. Яғни бүркітті үй қоянына, ителгі мен қаршығаны кептерге түсіріп, шырға тартып дегендей. Биылғы шараның ерекшелігі – жалпы саятқұмар көпшілікке арналып, табиғат аясында шынайы жағдайда өткізілгендігі. Облыстың әр тарабынан жинаған саятқұмарлар Қаратау бауырындағы кішкентай ғана ауыл Тұщыбекте (енді аңшылар ауылы, бүркітшілер ауылы десе де болар) тоқайласты. Сол ауылдағы бүркітшілермен кеңесе келіп, Иірдің ойына, Айрақты тауына қарай бағыт алды. Заманында бұл өнерді кәсіп қылып қақпан құрған, ит жүгіртіп, құс салған аталарымыз Бәубек Айназар Тасқынбайұлы, Бабық Нұр Оңдағанұлы, Төлеп Жұмай Айтөлесұлы, Медет Нұрғали Көбегенұлы, Құдайберген Сәтиман Тінейұлы, Тастемір Сұлтангелді Жайлыұлы, Қыдырша Сүйін Мырзаұлы, Кедей Мұқан Тастықараұлы, Шоңай Алдаберген Ақшабаев, Құнанорыс Іздібай, Тоқсанбай секілді аңшылар осы саятшылық өнердің бізге дейін жетуіне зор еңбектері сіңген.

Кешегі кеңес заманында қағажу көріп, жойылып кетуге айналған киелі өнерді міне енді қазіргі жас ұрпақ қолға алып, дамытуда. Солардың бір шоғыры осы Тұщыбек ауылында тұрады. Шараны жүргізуші саятқұмарларды солармен таныстырып өтті. Олар: өлкемізге ғана емес республикамыздың көптеген жерінде қолтаңбасы қалған белгілі тамшы шебер, шеберлігімен қатар құсбегілік өнерді бала жасынан армандап өскен, енді сол арманын жүзеге асырып, саятшылық, құсбегілікті насихаттап, шәкірт ертіп, осы өнердің дамуына атсалысып келе жатқан азамат Мереке Өтеғалиев. Және сол Мерекенің соңына еріп, құс баулып, республикалық жарыстарға қатысып, кейбірі жүлделі орын алып та үлгерген Советов Өтежан, Есжанов Ертіс, Тайманов Айшуақ атты азаматтар.

Күні бойы көліктен түспейтін жастар мен күнұзын кеңседе компьютердің алдынан алыстамайтын ағайындар табиғат аясында тыныстап, бой жазып, сергіп қайтты. Дархан дала мен қыстың қатал табиғатын тамашалап, оған қоса ата-бабаларының киелі кәсібі, өрелі өнері құсбегілік пен саятшылықты көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей естен кетпес әсер алып қайтты. Яғни, саяхаттан қирап емес, қанаттанып, ширап қайтты. Аңшылар да олжалы оралды. Алпыс екі айлалы түлкі бикеш айласын асырып, уысқа түспегенмен саятшылардың қанжығалары қанданып, бірнеше «қалқанқұлақты» байлап қайтты. «Болашақта осы дәстүрді жалғастырса, балаларымызды үйірмеге бергендей үнемі қатыстырар едік» деп ризалықпен тілек білдіреді шараға атсалысқан ақтаулық блогер Берік Дауенов.

Шараны өткізудегі мақсат – жұртшылыққа ата кәсіп әрі бекзат өнер саятшылықты насихаттау, сонымен қатар қазіргі қазақтар заманауи түрлі қарулармен жабдықтанып, аңды қырып салмай, ата-бабамыздың салтымен кәсіп пен өнерді ұштастырып, Мәтжан би айтпақшы «көңіл қарын мен көже қарынның» қамын астастырып, бүгінді ғана емес ертеңді де ойлап әрекет жасаса деген ниет те бар. Шараға құмартып, аудандардан азаматтардың хабарласып жатқанына, тіпті «Лада» газеті мен сайтынан хабарландыруды оқып (көмегі үшін «Лада» газетіне, қызметкері Садырова Гүлмираға ерекше алғыс айтамыз) облыс орталығынан басқа ұлт өкілдерінің де келуіне қарағанда бағыт дұрыс сияқты.

Шараға тазылары мен төбетін ертіп, өз көліктерімен, отбасыларымен келген азаматтарға: Ерлан, Нұрлан және Ерсұлтан есімді ұлдарын ертіп келген қарақиялық Жарылғасов Ықылас, 2015-2016 жылдардағы батыс аймақтық жеңімпазы Сұңқар атты маңғыстаулық төбеттің иесі, ит сайысы бойынша халықаралық дәрежедегі төреші Байжанақов Әбунасыр сияқты этношараға келіп, белсене қатысқан ұлт өнеріне жанкүйер, саятқұмар  азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мұндай жанашыр азаматтар барда ұлт өнері ешқашан өшпейді!

Жомарт Айдарбек, «Отпан» МКҚК

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 09:37  Оқылған саны: 16446




10 қараша 2016

«Маңғыстаудың Марғұланы»
icon

9-10 қарашада белгілі өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың 100 жылдығына орай Ұштаған, Онды, Жармыш мектептері оқушыларымен  «Маңғыстаудың Марғұланы»  атты кездесу өткізілді. Шара барысында оқушыларға Е.Өмірбаев туралы 7,5 минуттік бейнефильм көрсетілді, сонымен қатар өлкета-нушының шығармашылығына байланысты кітаптардан көрме көрсетілді.

Жәрияланған уақыты: 14:47  

7 қараша 2016

«Халықтар достығы – бірлікте»
icon

7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте»  атты мәдени-этнографиялық көпшілік шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6  этно-мәдени орталық өкілдері: «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның өкілі Дамилян Асмик, қырғыз ЭМО-ның өкілі Шарабидинов Исак, дағыстан халықтары ЭМО-ның өкілі Мухтаров Мурат, корей ЭМО-ның өкілі Ким Александр, «Вайнах»  ЭМО-нан Коригов Хасан тағдырлары қыл үстінде тұрған кезеңде

Жәрияланған уақыты: 16:22  

7 қараша 2016

«Халықтар достығы – бірлікте»
icon

7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте»  атты мәдени-этнографиялық көпшілік шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6  этно-мәдени орталық өкілдері: «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның өкілі Дамилян Асмик, қырғыз ЭМО-ның өкілі Шарабидинов Исак, дағыстан халықтары ЭМО-ның өкілі Мухтаров Мурат, корей ЭМО-ның өкілі Ким Александр, «Вайнах»  ЭМО-нан Коригов Хасан тағдырлары қыл үстінде тұрған кезеңде жатсынбай, кең құшағын ашқан

Жәрияланған уақыты: 16:22  

4 қараша 2016

«Жыр сүлейі – Сәттіғұл»
icon

Жыңғылды  ауылы С. Нұрниязұлы  атындағы мектеп-интернатта «Жыр сүлейі – Сәттіғұл» атты әдеби-көпшілік шара өткізілді. Кешен қызмет-кері М.Нәрешова Сәттіғұл ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды. Оқушылар Ә.Жолаш ақынның «Тойбастар», Ж.Қыдырова «Каспий ерлері»,Ұ.Жолдасбаева мен Ж. Рахменбердиева ақынның патриоттық «Кел, жолдастар, жатпалық», «Жас ұландарға»  атты өлеңдерін оқыды. А.Саматқызы мен Ақсары «Муштарих сөз», 

Жәрияланған уақыты: 10:34  

2 қараша 2016

«Ағадан – ақыл, атадан – бата»
icon

2 қараша күні «Ағадан – ақыл, атадан – бата» атты дәстүрлі ақындар кездесуі өтті. Шараға Маңғыстау ауданының белгілі ақындары И.Қосжан, Ә.Қонарбаев, Б.Байекеев, Г.Науырша, Е.Қорабаев, А.Қонарбаев пен бірнеше жас ақындар қатысып, таңдаулы шығармаларын оқыды. 

Жәрияланған уақыты: 10:04  

29 қыркүйек 2016

«Мен Қалнияз деген күреңің!»
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға  Қалнияз атаның тікелей ұрпағы, белгілі шежіреші, Маңғыстау ақын-жырауларының мұраларын жинақтаушы Өмірзақ Қалбаевтың інісі Құлтан Тәуірбаев, Қалнияздың сүйегін Маңғыстауға әкелуге атсалысқан азамат

Жәрияланған уақыты: 23:38  

4 маусым 2016

"Рәміздер күні"
icon

4 маусым мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті (жоспардан тыс шара). Атаулы мерекеге Адай ата кесенесіне зияраттап келген бір топ астаналық заң қызметкерлерімен бірге белгілі ақын, кешен идеясының авторы Сабыр Адай қатысты. 

Жәрияланған уақыты: 11:34  

2 маусым 2016

«Бала шақтан – болашаққа»
icon

Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған «Бала шақтан – болашаққа» атты шараға Шетпе селосының «Рахат» және «Ертөстік» балабақшалары ересектер тобының бүлдіршіндері қатысты.

Жәрияланған уақыты: 12:20  

21 мамыр 2016

«Өлке мақтаныштары»
icon

«Өлке мақтаныштары» атты дәстүрлі шара қуыршақ театры әртістерімен (Ержан Бегашев, Бану Түстікбекова, Айгүл Айтыманова т.б.) кездесу.Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай дәстүрлі «Өлке мақтаныштары»  шара өткізілді. 

Жыңғылды селолық мәдениет үйінде өткен шараға Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының актерлары Б. Түстікбекова, А. Айтеманова, Е. Бигашев, Т. Шайых  пен Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен С.Нұрниязұлы

Жәрияланған уақыты: 23:48  

6 мамыр 2016

«Елім деп өткен есіл ер»
icon

Совет Одағының батыры,  жерлесіміз Мәди Бегеновтың 100 жылдығына арналған «Елім деп өткен есіл ер» атты мәдени-патриоттық шара өткізілді. Шараға батырдың туыстары мен Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты, батырдың өмірі мен ерлігі туралы мұрағаттан алынған құжаттардың көшірмелерінен 1 көрме көрсетілді. 

Жәрияланған уақыты: 17:39  

17 сәуір 2016

"Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы"
icon

Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығына байланысты ақынның өмірі мен поэзиясына арналған Шетпе кенті мектептері оқушыларымен кездесу шара ұйымдастырып, лекция оқу Бұл кездесу шараға А.Меңдалиев, Б.Жұмалиев және Н.Жұбаев атындағы орта мектеп оқушылары қатысып, Қашаған, Мұрын жырау өмірінен слайдтар көрсетіліп, «Қашаған жүйрік–жырдың тілі» «Мұрын жырау және қырымның 40 батыры» атты  лекциялар оқылды.

Жәрияланған уақыты: 23:35  

11 наурыз 2016

"Amal tolks" форумына қатысушылар - Отпанда
icon

11.03. Жоспардан тыс Ақтау қаласында өткен «Amal tоlks» атты форумға қатысушы блогерлер мен БАҚ өкілдерімен кешенде өткен кездесуге Ақтау қаласының жастары келді.

Жәрияланған уақыты: 16:11  

7 наурыз 2016

"Сайлау-2016" үгітпоезы Отпанға келді
icon

7 наурыз күні  «Сайлау-2016» науқанына байланысты облысқа келген үгіт поезының 40 мүшесі кешенге келіп, Адай ата кесенесіне зиярат жасап, Ақсарай мұражайын тамашалап, ризалық сезіммен рухтанып аттанды.  

Жәрияланған уақыты: 16:38  

5 наурыз 2016

"Аналар-ошақ бақыты"
icon

5 наурыз күні кешенде халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға Шетпе селосының көп балалы, өнерлі аналары – Төлемісова Шархат, Сағындықова Атлас, Жұмабаева Нұрсұлу, Калымбетова Зияда шақырылып, Маңғыстау туризм колледжінің студенттері қатысты. Шараға қатысқан ардагер аналар өздерінің өмірінен, ауыл тарихынан  қызғылықты, өнегелі әңгімелер айтып берді. 

Жәрияланған уақыты: 17:53  

29 ақпан 2016

«Салбурын-2016»
icon

Тұщыбек ауылында өткізілген  бұл дәстүрлі «Салбурын» этношараға Е.Айшуақұлы атындағы мектеп пен Тұщыбек негізгі орта мектеп оқушылары және жергілікті құсбегілер М.Өтеғалиев, Ө.Советов, Е.Есжанов, Қ.Оразмұханбетов қатысты. Құсбегілер  қыран құстар туралы қызықты әңгіме айтып, оларды қоянға, кептерге салып, шығырға түсіріп, оқушыларға мастер-класс көрсетті. 

Жәрияланған уақыты: 10:47  

24 ақпан 2016

«Әр қазақ менің жалғызым»
icon

«Әр қазақ менің жалғызым» атты «Ақжол» партиясы МОФ жастар қанатының 1 жылдығына байланысты жоспардан тыс патриоттық мәдени шара өткізілді.

Жәрияланған уақыты: 17:10  

24 желтоқсан 2015

"Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеевпен кездесу"
icon

24 желтоқсанда «Адай ата – Отпан тау»  кешенде Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, ақын Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеев және Шетпе кентінің Алшын Меңдалиев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Қ.Демеубергенұлы-ның түсірген фильмдерінен үзінділер, Б.Байекеевтің бұрынғы газет-журналдарға шыққан, соңғы кездерде салған суреттері көрсетілді.

Жәрияланған уақыты: 17:07  

15 желтоқсан 2015

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің төменгі сынып оқушыларына «Тәуелсіздік – тұғырым» атты патриоттық - танымдық шара өткізілді. «Отпан тау – киелі тау» жылжымалы көрмесі көрсетілді.

Жәрияланған уақыты: 14:44  

18 қараша 2015

«Өмірі өнерімен өрнектелген»
icon

18 қараша күні «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. Шараға өлкемізге белгілі қолөнер шеберлері – зергер Оразов Сағидулла, теріден  бұйымдар жасау шебері Елбаев Нұрхат,  тамшы, тас шебері Өтеғалиев Мереке және Қарақия ауданы Е.Айшуақұлы атындағы орта  мектеп, Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты.

Жәрияланған уақыты: 17:29  

29 қазан 2015

"С.Шапағатовтың 75 жылдығы"
icon

29 қазан – белгілі қоғам қайраткері С.Шапағатовтың 75 жылдығына арналған мәдени-патриоттық көпшілік шара өтті. Шара «Адай ата – Отпан тау» кешеніндегі «Қарашаңырақ» нысанында өткізілді. Шараға С.Н.Шапағатовтың әріптес-серіктері, «Парасат» қозғалысының ардагерлері, С.Шапағатов атындағы балабақша қызметкерлері, ақын-жазушылар, мектеп оқушылары, «Отпан» ауылдық округының әкімі Орақ Морханов қатынасты. Сайынның өлеңдері оқылып, оған шығарылған

Жәрияланған уақыты: 17:07  

21 қазан 2015

«Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау»
icon

21 қазан күні  «Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау» атты өлкетанушы, тарихшылармен кездесу өтті. Шара «Ақсарай» мұражайында өткізілді. Шараға өлкемізге белгілі өлкетанушылар Отыншы Көшбайұлы мен Нұрлан Құлбаев және Шетпе кентінің Б.Жұмалиев атындағы орта  мектеп оқушылары. 

 

Жәрияланған уақыты: 11:09  

8 қазан 2015

Pеспубликалық жастар форумы
icon

8 қазан күні облыс орталығы Ақтау қаласында өткен республикалық жастар форумына  Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар «Адай ата – Отпан тау» кешеніне арнайы келіп, Адай ата кесенесіне зиярат етіп, «Қарашаңырақта» бас қосып, кешен туралы, жастар және форум туралы әсерлері мен пікірлерін ортаға салды. 

Жәрияланған уақыты: 16:10  

19 қыркүйек 2015

«Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны»
icon

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойлық жылына байланысты «Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны» атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Бұл шара «Ақсарайда» жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің акт залында өткізілді.

Шараға мектептің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысып, қазақ хандығының

Жәрияланған уақыты: 16:54  

1 маусым 2015

«Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекесі
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекелік шара болып өтті. Шараға Жыңғылды ауылы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 4-5 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. 

Шараның басында оқушылар өздерін өсірген ата-аналарына, тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан мұғалімдеріне алғыстарын айтып,

Жәрияланған уақыты: 15:56