«Мен Қалнияз деген күреңің!»
«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға Қалнияз атаның тікелей ұрпағы, белгілі шежіреші, Маңғыстау ақын-жырауларының мұраларын жинақтаушы Өмірзақ Қалбаевтың інісі Құлтан Тәуірбаев, Қалнияздың сүйегін Маңғыстауға әкелуге атсалысқан азамат Әби Қарабаев, Атақозы батыр ұрпағы Жұмабай Әсемұлы, аталас ағайыны Еламан Дарханбайұлы, Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев және Жыңғылды селосының Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Қатысушылар әуелі «Бата төбе» басындағы Қалнияз ақынның бейітіне зиярат етіп, басына құран оқып, дұға бағыштады. Одан шыққан соң «Отпан» МКҚК ұйымдастырған бұл шара кешендегі «Қарашаңырақта» жалғасты. Шараны мекеме ардагері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаев Қалнияз ақынның өміріне арналған «Қалнияз Шопықұлы және оны Отпан тауға қоюдың идеялық маңызы» атты баяндамасымен ашты. Содан соң кезегімен келген қонақтардан Қалнияз атаның тікелей ұрпағы Құлтан Тәуірбаев, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев сөз алды. Көп жылдар Маңғыстау ауданының мәдениет саласында автоклуб меңгерушісі болып істеген, мәдениет майданының майталманы, Шайыр ауылының тұрғыны Тәжиев Қарамырза Қалнияздың «Биік қылып сөйлейін» толғауын асқақтата толғаса, Жыңғылды ауылы мәдениет үйінің қызметкері Бектұров Ниязтұрлы Қалнияздың «Тойбастарын» шалқыта шырқады.
Адайдың жорық жыршысы, қазақтың жауынгер ақыны Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Сам құмында дүниеге келген. Әкесі Шопық Доспамбетұлы жас кезінде Еділ, Жайық өзендері арасындағы Нарын құмын мекендеген. Кейін Маңғыстауға беттеп, Қарақұм, Үстірт жерінде байлардың малшысы болады. Өмірі жалшылықпен өткен Шопықтың Қалнияз, Көлнияз, Ернияз, Қапа, Рақа, Тілеубай атты 6 баласының үлкені Қалнияз қаршадайынан бай малын бағып, өмірдің тауқыметі мен қиындығын ерте татып, ерте ержетіп, қайралып өседі. Ер жетіп, атқа қонған соң қоржынының бір басына сұқпалы домбырасын, екінші басына жебелерді толтырып салып, асынып жүретін болған.
Оған жаратқан Алла небір жақсы қасиеттерді үйіп берген: ол ақпа-төкпе ақын болумен қатар, жыршы, әнші және күйші де болған. Қалнияз осылай заманында сегіз қырлы, бір сырлы тұлға аталған. Қалнияз Шопықұлы ерлік толғауларымен қатар «Балуанияз», «Ер Қармыс» атты дастандар шығарған. «Ер Қармыс» жырында :
- Қармыс сынды ер қайда?
Айдын-айдын көл қайда?
Жағалай қонар ел қайда?
Маңғыстаудай жер қайда?
Алпыс басты ақ орда,
Айбарақты көрсетіп,
Төске тігер күн қайда ?
Алтын сандық, алпыс тең
Төрге жинар күн қайда?..
Алтын шашбау тағынып,
Құлпырып шығар күн қайда?
Қатар да қатар қара нар
Қатар тіркер күн қайда?
Қалы кілем жаптырып
Ырғала көшер күн қайда?..- деп Қармыстың ерлігін суреттей отыра бұрынғы баба дәуренді аңсап, Доспамбетше толғайды.
Сонымен қатар шаршы топта қарсыласқа дес бермес, есе жібермес азулы айтыс ақыны да болған. Бізге жеткен Кете Тәжібаймен, Жаскілеңмен айтыстары, Хиуа ханының тұтқынына түсіп, алдына барғанда сөйлеген сөздері ақынның сөзден дауыл да тұрғызар, кесте де тоқи алар құдіретін көрсетеді. Ол «Байұлыға белгілі, ұстазым – Тіней Өгізбай» деп Өгізбайды ұстаз тұтып өткен.
Ресей империясы үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесіне» наразылық білдіріп, қарсылық көрсеткен Маңғыстау қазақтарының Иса, Досан батырлар бастаған көтерілісі Ресей тарапынан аяусыз басылғаннан кейін біраз ауыл Хорезм өңіріне ауа көшеді. Бұл мекенде де көп тұрақтамай, 1870 – 1885 жылдар аралығында бірқатар Адай, Табын ауылдарын бастап тәжік жеріне өтіп, одан көшіп Ауғанстанның Гөрібағлан деген жеріне тоқтайды. Бірақ жергілікті ауған әкімдерінің талауына көне алмай Есембет Балжігіт, Жанжігіт және Бәли Марқабай батырлардың ұрыса көшуімен сол ауылдардың бірқатары қайта тәжік жеріне көшеді. Бұқар әміріне қарасты бұл аймақты қоныс ету үшін Байбақты Нұрмағамбет пен Қырықмылтық Жарған қажылар-дың қызмет етуі арқасында, бұрын елсіз жатқан жерлерді мекен етеді.
Ақын қартайған шағында өлең-толғаулар шығарып, жорықтарға бірге аттанған батырларды сағына еске алып, ата қоныс, туған жерін аңсап, елден шалғай жүргеніне налиды. Қолайлы қоныста отырса да елді аңсап, ата мекенге оралу ниетімен бірқатар ауылмен бірге Душанбе, Гиссар бетке көшеді. Бірақ ол мақсатына жете алмай, Қалнияз 1902 жылы 86 жасында Гиссар қыстағында сол жерді мекендеген қазақтар арасында дүниеден өтіп, сонда жерленеді. 2015 жылы Алланың қалауымен, Маңғыстау халқының сұрауымен, артынан өнген ұрпақтары ата мекеніне әкеліп, ақынның киелі сүйегі өзі аңсап, жырлап өткен Маңғыстауына әкелініп, кәрі Отпан тау етегіне, «Адай ата – Отпан тау» кешені маңайынан мәңгілік мекен тапты.
«Отпан» МКҚК мен Жыңғылды селосы Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың өнерлі оқушылары қатысуымен дайындалған, Қалнияз ақынның жырларынан құрылған әдеби-көркем көрініс қатысушылар назарына ұсынылды. Өскелең ұрпақтың өлең мен жырға деген құмарлығы мен орындауға деген ұмтылысы тыңдаушыларды ризалық сезімге бөледі. Әсіресе Қалнияз ақын бейнесін сомдаған Хожабаев Жәмшидтің өлең оқу мәнері көпшілікке ерекше ұнады.
Шара соңында Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов сөз сұрап, мекеме құрылғаннан бері табан аудармай қызмет етіп келе жатқан еңбегі үшін Дәуітов Бөкенбайға «Қосай ата» меделін тапсырды. Қатысушыларға биыл ғана «Сардар» баспасынан шыққан «Қалнияз едім күнінде» атты Қалнияз ақынның жырлар жинағы тарту етілді. Шараға 41 адам қатысып, 2 экскурсия өткізілді.
18 қараша 2015
«Өмірі өнерімен өрнектелген»

18 қараша күні «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. Шараға өлкемізге белгілі қолөнер шеберлері – зергер Оразов Сағидулла, теріден бұйымдар жасау шебері Елбаев
Жәрияланған уақыты: 17:2929 қазан 2015
"С.Шапағатовтың 75 жылдығы"

29 қазан – белгілі қоғам қайраткері С.Шапағатовтың 75 жылдығына арналған мәдени-патриоттық көпшілік шара өтті. Шара «Адай ата – Отпан тау» кешеніндегі «Қарашаңырақ» нысанында өткізілді. Шараға С.Н.Шапағатовтың әріптес-серіктері, «Парасат»
Жәрияланған уақыты: 17:0721 қазан 2015
«Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау»

21 қазан күні «Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау» атты өлкетанушы, тарихшылармен кездесу өтті. Шара «Ақсарай» мұражайында өткізілді. Шараға өлкемізге белгілі өлкетанушылар Отыншы Көшбайұлы мен Нұрлан Құлбаев және Шетпе кентінің
Жәрияланған уақыты: 11:098 қазан 2015
Pеспубликалық жастар форумы

8 қазан күні облыс орталығы Ақтау қаласында өткен республикалық жастар форумына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар «Адай ата – Отпан тау» кешеніне арнайы келіп, Адай ата кесенесіне зиярат етіп, «Қарашаңырақта» бас қосып, кешен туралы, жастар және
Жәрияланған уақыты: 16:1019 қыркүйек 2015
«Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойлық жылына байланысты «Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны» атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Бұл шара «Ақсарайда» жөндеу жұмыстары жүргізіліп
Жәрияланған уақыты: 16:541 маусым 2015
«Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекесі

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекелік шара болып өтті. Шараға Жыңғылды ауылы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 4-5 сынып
Жәрияланған уақыты: 15:5629 мамыр 2015
«Отан қорғау – азаматтық парызың»

«Отан қорғау – азаматтық парызың» атты Отан алдындағы азаматтық борышын адал өтеуге үндеу, батыр бабаларының рухын қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға әскер қатарына шақырылған азамат пен әскери қызметкер және ата-аналар барлығы 46
Жәрияланған уақыты: 16:5425 мамыр 2015
Мектеп бітірушілер Отпанда

Отпанға биылғы мектеп бітірушілер келді. Олардың ішінде Әбіш Кекілбаев сияқты данышпанды ұшырып шығарған Шахта орта мектебінің түлектері де бар. Солардың ішінде екі жыр кітабының авторы, жас ақын Еділбек Дүйсенов көзге ерекше ілінеді. Олар мұражайды
Жәрияланған уақыты: 13:0618 сәуір 2015
«Халықтар достығы – бірлікте»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте» атты мәдени-этнографиялық шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6 этно-мәдени орталық өкілдері, «Қоғамдық келісім» МКМ қызметкерлері, Ақтау қаласы №13
Жәрияланған уақыты: 15:1818 сәуір 2015
«Ағадан – алғыс, атадан – бата»

«Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты өлкемізге танымал аға буын ақындар мен жас ақындардың қатысуымен дәстүрлі әдеби-танымдық шара ұйымдастырылды. Шараға қала-аудандардан жиналған жас ақындар мен өлкемізге, елімізге
Жәрияланған уақыты: 10:472 сәуір 2015
«Менің Отаным – Қазақстан»

2 сәуір күні ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным
Жәрияланған уақыты: 15:442 сәуір 2015
«Менің Отаным – Қазақстан»

2 сәуір күні ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным – Қазақстан»
Жәрияланған уақыты: 15:445 наурыз 2015
«Аналар – ошақ бақыты»

5 наурыз күні кешенде халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара ұйымдастырлды. Шараға Шайыр ауылынан «Алтын алқа» иегерлері: көп балалы аналар шақырылып, Маңғыстау туризм колледжінің студенттері, Тұщыбек
Жәрияланған уақыты: 12:2625 ақпан 2015
"Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенттерімен кездесу"

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенттеріне «Адай Ата – Отпан тау» т/т этно-мәдени орталығының салынуы және оның ұлттық идеологияны дамытудағы маңызы туралы «Отпан» кәсіпорны директорының орынбасары Д.Аралбаев, бөлім бастығы Ж.Айдарбек және
Жәрияланған уақыты: 16:2526 қараша 2014
«Атадан қалған асылды ардақтайық!»

Қараша айының 26-сы күні киелі Отпан таудың етегінде «Атадан қалған асылды ардақтайық!» атты ат спорты мен саятшылыққа арналған спорттық-танымдық көпшілік шара өткізілді. Шараға жақында Шымкент қаласында өткен А.Асқаров атындағы жарыстың
Жәрияланған уақыты: 15:2511 қараша 2014
«Отанды қорғау – азаматтық парыз»

Қарашаның 11 күні Маңғыстау ауданы, Ақтау қаласы әскери комиссариаты қызметкерлерінің қатысуымен Отан алдындағы борышын адал өтеу, батыр бабаларының рухын қастерлеу мақсатында шара ұйымдастырылды. Оларға ел ақсақалы бата беріп, «Ата жұрт
Жәрияланған уақыты: 10:008 қазан 2014
«Ағадан – ақыл, атадан – бата»

«Ағадан – ақыл, атадан – бата» атты шараға қатынасатын ақындардың көпшілігі бұл күні қатыса алмайтындығына байланысты жылдың 2-ші жартысында 8 қазаны күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи, этно-мәдени орталығында өлкемізге танымал ақындар мен жас
Жәрияланған уақыты: 12:2011 қыркүйек 2014
"Қазақстан мұнайының ашылғанына 115 жыл"

11 қыркүйек күні 2014 жыл «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени орталығында Қазақстан мұнайының ашылғанына 115 жыл толуына орай Маңғыстаудың ардагер мұнайшылары Әлібаев Көшербай, Сүйіндіков Ізтұрған және Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы
Жәрияланған уақыты: 16:2427 маусым 2014
"Алшын Меңдалиевтің туғанына 120 жыл"

Маусымның 27-де Ақсарай мәжіліс залында өткен шежіреші, тарихшы Алшын Меңдалиевтің туғанына 120 жыл толуына байланысты кездесу кеші және көрме жасақтау шараға өлкемізге белгілі ардагер-ақсақал азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:4131 мамыр 2014
«Балалар – еліміздің ертеңі»

31 мамырда 1 маусым халықаралық балалар күніне орай «Балалар – еліміздің ертеңі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кәсіпорын қызметкерлері Райса Қаржаубаева мен Құралай Ізімбергенованың басшылығымен Ақсарай алаңында команда аралық және
Жәрияланған уақыты: 14:5620 мамыр 2014
«Өлке мақтаныштары»

20 мамырда «Өлке мақтаныштары» атты мәдениет қызметкерлері күндеріне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, оған Маңғыстау облысы өнер колледжінің 2 курс студенттері мен ұстаздары қатысты.Шараға шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген
Жәрияланған уақыты: 12:1818 сәуір 2014
«Отпан тау – киелі тау» атты жылжымалы көрме

15-18 сәуір аралығында Маңғыстау ауданы: Жармыш, Онды, Ұштаған, Бекі елді мекендерінде орналасқан мектептерге үгіт-насихат жұмысымен «Отпан» кәсіпорны қызметкерлері:Қ.Ізімбергенова, Р.Қаржауба-ева іс сапармен барып қайтты. Сапар барысында
Жәрияланған уақыты: 16:188 сәуір 2014
«Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық туристтік экспедициялық жасақтардың слеті

8 сәуір күні ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымшы білім беру орталығы МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени
Жәрияланған уақыты: 12:486 наурыз 2014
«Аналар – ошақ бақыты»

6 наурыз күні «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында халықаралық әйелдер күніне арналған 6 наурыз күні «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар –
Жәрияланған уақыты: 14:32
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды