Отан үшін от кешкен майдангерлер.
3 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешенінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангер жерлестеріміз Шалабаев Әбдірахман және ағайынды Ізтұрған мен Байтұрған Меңдіқұловтарға арналған "Отан үшін от кешкендер" атты дәстүрлі шара болып өтті. Шараға марқұм болған майдангерлердің ұрпақтары: ұл-қыздары, немерелері мен жиендері қатысты.
Шараны кешен қызметкерлері Гүлбану Шораева мен Талант Тайман жүргізді. Кездесу-шара барысында Таушық мәдениет үйі мен кешен қызметкерлерінің сахналауымен кешен қызметкері Н.Түркпенбаеваның "Қаралы жылдар қасіреті" атты драмалық қойылымынан үзінді көрсетілді. Майдангерлердің ұрпақтары әкелері туралы естеліктерін айтса, немерелері мен жиендерінің бірі аталары шығарған өлеңдерді оқыса, бірі аталарына арнап жазған жүрекжарды шығармаларын көпшілік алдында паш етті. Енді бірі сахнада мың бұрала билесе, бірі тақпақ оқыды. Майдангерлердің ұрпақтары шараны ұйымдастырушы кешен қызметкері Маржан Нарешеваға мен кәсіпорын директоры Ж.Кетееваға ризалықтарын білдіріп сый жасаса, оларға ел үшін, жер үшін қан төккен аталарды еске алып, дәріптеуде белсенділік танытқандары үшін кәсіпорын басшылығы атынан алғыс хат табысталды.
Шара соңынан майдангерлерге арнап ұрпақтарының ұйымдастыруымен және кешен қызметкерлерінің атсалысуымен ас берілді.
11 наурыз 2016
"Amal tolks" форумына қатысушылар - Отпанда

11.03. Жоспардан тыс Ақтау қаласында өткен «Amal tоlks» атты форумға қатысушы блогерлер мен БАҚ өкілдерімен кешенде өткен кездесуге Ақтау қаласының жастары келді.
Жәрияланған уақыты: 16:117 наурыз 2016
"Сайлау-2016" үгітпоезы Отпанға келді

7 наурыз күні «Сайлау-2016» науқанына байланысты облысқа келген үгіт поезының 40 мүшесі кешенге келіп, Адай ата кесенесіне зиярат жасап, Ақсарай мұражайын тамашалап, ризалық сезіммен рухтанып аттанды.
Жәрияланған уақыты: 16:385 наурыз 2016
"Аналар-ошақ бақыты"

5 наурыз күні кешенде халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға Шетпе селосының көп балалы, өнерлі аналары – Төлемісова Шархат, Сағындықова Атлас, Жұмабаева Нұрсұлу, Калымбетова Зияда
Жәрияланған уақыты: 17:5329 ақпан 2016
«Салбурын-2016»

Тұщыбек ауылында өткізілген бұл дәстүрлі «Салбурын» этношараға Е.Айшуақұлы атындағы мектеп пен Тұщыбек негізгі орта мектеп оқушылары және жергілікті құсбегілер М.Өтеғалиев, Ө.Советов, Е.Есжанов, Қ.Оразмұханбетов қатысты. Құсбегілер қыран
Жәрияланған уақыты: 10:4724 ақпан 2016
«Әр қазақ менің жалғызым»

«Әр қазақ менің жалғызым» атты «Ақжол» партиясы МОФ жастар қанатының 1 жылдығына байланысты жоспардан тыс патриоттық мәдени шара өткізілді.
Жәрияланған уақыты: 17:1024 желтоқсан 2015
"Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеевпен кездесу"

24 желтоқсанда «Адай ата – Отпан тау» кешенде Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, ақын Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеев және Шетпе кентінің Алшын Меңдалиев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Жәрияланған уақыты: 17:0715 желтоқсан 2015
«Тәуелсіздік – тұғырым»

15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің төменгі сынып оқушыларына «Тәуелсіздік – тұғырым» атты патриоттық - танымдық шара өткізілді. «Отпан тау – киелі тау» жылжымалы
Жәрияланған уақыты: 14:4418 қараша 2015
«Өмірі өнерімен өрнектелген»

18 қараша күні «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. Шараға өлкемізге белгілі қолөнер шеберлері – зергер Оразов Сағидулла, теріден бұйымдар жасау шебері Елбаев
Жәрияланған уақыты: 17:2929 қазан 2015
"С.Шапағатовтың 75 жылдығы"

29 қазан – белгілі қоғам қайраткері С.Шапағатовтың 75 жылдығына арналған мәдени-патриоттық көпшілік шара өтті. Шара «Адай ата – Отпан тау» кешеніндегі «Қарашаңырақ» нысанында өткізілді. Шараға С.Н.Шапағатовтың әріптес-серіктері, «Парасат»
Жәрияланған уақыты: 17:0721 қазан 2015
«Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау»

21 қазан күні «Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау» атты өлкетанушы, тарихшылармен кездесу өтті. Шара «Ақсарай» мұражайында өткізілді. Шараға өлкемізге белгілі өлкетанушылар Отыншы Көшбайұлы мен Нұрлан Құлбаев және Шетпе кентінің
Жәрияланған уақыты: 11:098 қазан 2015
Pеспубликалық жастар форумы

8 қазан күні облыс орталығы Ақтау қаласында өткен республикалық жастар форумына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар «Адай ата – Отпан тау» кешеніне арнайы келіп, Адай ата кесенесіне зиярат етіп, «Қарашаңырақта» бас қосып, кешен туралы, жастар және
Жәрияланған уақыты: 16:1019 қыркүйек 2015
«Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойлық жылына байланысты «Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны» атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Бұл шара «Ақсарайда» жөндеу жұмыстары жүргізіліп
Жәрияланған уақыты: 16:541 маусым 2015
«Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекесі

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекелік шара болып өтті. Шараға Жыңғылды ауылы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 4-5 сынып
Жәрияланған уақыты: 15:5629 мамыр 2015
«Отан қорғау – азаматтық парызың»

«Отан қорғау – азаматтық парызың» атты Отан алдындағы азаматтық борышын адал өтеуге үндеу, батыр бабаларының рухын қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға әскер қатарына шақырылған азамат пен әскери қызметкер және ата-аналар барлығы 46
Жәрияланған уақыты: 16:5425 мамыр 2015
Мектеп бітірушілер Отпанда

Отпанға биылғы мектеп бітірушілер келді. Олардың ішінде Әбіш Кекілбаев сияқты данышпанды ұшырып шығарған Шахта орта мектебінің түлектері де бар. Солардың ішінде екі жыр кітабының авторы, жас ақын Еділбек Дүйсенов көзге ерекше ілінеді. Олар мұражайды
Жәрияланған уақыты: 13:0618 сәуір 2015
«Халықтар достығы – бірлікте»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте» атты мәдени-этнографиялық шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6 этно-мәдени орталық өкілдері, «Қоғамдық келісім» МКМ қызметкерлері, Ақтау қаласы №13
Жәрияланған уақыты: 15:1818 сәуір 2015
«Ағадан – алғыс, атадан – бата»

«Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты өлкемізге танымал аға буын ақындар мен жас ақындардың қатысуымен дәстүрлі әдеби-танымдық шара ұйымдастырылды. Шараға қала-аудандардан жиналған жас ақындар мен өлкемізге, елімізге
Жәрияланған уақыты: 10:472 сәуір 2015
«Менің Отаным – Қазақстан»

2 сәуір күні ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным
Жәрияланған уақыты: 15:442 сәуір 2015
«Менің Отаным – Қазақстан»

2 сәуір күні ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным – Қазақстан»
Жәрияланған уақыты: 15:445 наурыз 2015
«Аналар – ошақ бақыты»

5 наурыз күні кешенде халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара ұйымдастырлды. Шараға Шайыр ауылынан «Алтын алқа» иегерлері: көп балалы аналар шақырылып, Маңғыстау туризм колледжінің студенттері, Тұщыбек
Жәрияланған уақыты: 12:2625 ақпан 2015
"Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенттерімен кездесу"

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенттеріне «Адай Ата – Отпан тау» т/т этно-мәдени орталығының салынуы және оның ұлттық идеологияны дамытудағы маңызы туралы «Отпан» кәсіпорны директорының орынбасары Д.Аралбаев, бөлім бастығы Ж.Айдарбек және
Жәрияланған уақыты: 16:2526 қараша 2014
«Атадан қалған асылды ардақтайық!»

Қараша айының 26-сы күні киелі Отпан таудың етегінде «Атадан қалған асылды ардақтайық!» атты ат спорты мен саятшылыққа арналған спорттық-танымдық көпшілік шара өткізілді. Шараға жақында Шымкент қаласында өткен А.Асқаров атындағы жарыстың
Жәрияланған уақыты: 15:2511 қараша 2014
«Отанды қорғау – азаматтық парыз»

Қарашаның 11 күні Маңғыстау ауданы, Ақтау қаласы әскери комиссариаты қызметкерлерінің қатысуымен Отан алдындағы борышын адал өтеу, батыр бабаларының рухын қастерлеу мақсатында шара ұйымдастырылды. Оларға ел ақсақалы бата беріп, «Ата жұрт
Жәрияланған уақыты: 10:008 қазан 2014
«Ағадан – ақыл, атадан – бата»

«Ағадан – ақыл, атадан – бата» атты шараға қатынасатын ақындардың көпшілігі бұл күні қатыса алмайтындығына байланысты жылдың 2-ші жартысында 8 қазаны күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи, этно-мәдени орталығында өлкемізге танымал ақындар мен жас
Жәрияланған уақыты: 12:20
Соңғы хабарлар
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
06 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
03 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.