"Биіктік" - Ақтауда!
29 тамыз күні ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтау қаласы теңіз жағасында айлы кеште "Отпан" кәсіпорнының ұйымдастыруымен кешен ардагері, ҚР мәдениет саласының үздігі, сазгер-ақын Данияр Аралбаевтың 75 жасына орай гитарада ән орындаушылардың қатысуымен дәстүрлі "Биіктік" шарасы өтті. Шараның мақсаты: өлкемізде гитара аспабында орындаушылардың өнерін насихаттау және кең таралуына ықпал ету. Шара осыған дейін "Адай ата-Отпан тау" кешенінде өткізіліп келген болатын. Шараға Жоламан Көшкінов, Нұрияш Оспанова, Рафхат Ізден, Айгүл Құбаш, Бекслан Аязбаев, Сали Басбаев және "Керуен" тобы сияқты өлкемізге танымал өнер шеберлерімен қатар Райымбек Мизамбаев сынды жас таланттар қатысты. Қатысушылар Д.Аралбаевтың әндерімен қатар танымал әндерді және өз шығармаларын орындады. Кеш соңынан сазгер Данияр Аралбаев кәсіпорын қызметкерлері мен әншілерге ағалық алғысын айтып, көрермендерге өзінің "Туған жер" әнін орындап берді. "Сегіз арыс" ҚБ алқа мүшелері Дәкеңе шығармашылық шабыт тілеп, гитара аспабын тарту етті. Кәсіпорын директоры Жадыра Кетеева мекеме атынан Дәкеңе және қатысушыларға естелік сыйлықтар сыйлады. Теңіз айдыны жанында әдемі тымық кеште айтылған әндерден әсерленген көрермендер де өз жандарына жақын әндерді орындап, рахатқа бөленді. Тарауға асықпаған көпшілік дәстүр бойынша Табылды Досымовтың "Биіктік" әнін бірге орындауымен кешті аяқтады.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.