"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің  ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек қылып, өздігімен ізденіп, үйреніп, өлкемізде құсбегілікті, саятшылықты дамытуға атсалысып жүрген Шетпе кентінің тұрғыны Оспанғалиев Аронмен кездесу болды. Арон Оспанғалиев 1975 жылы Шетпе кентінде дүниеге келіп, 1992 жылы Алшын Меңдалиев атындағы №3 орта мектепті бітірген. Құсбегілікпен айналысқанына 3 жылдай уақыт болған.

Осы жылдың ақпан айында Тараз қаласында өткен «Қауырсын» құсбегілер клубының 30 жылдығына арналған республикалық құсбегілер сайысында жүлделі 3 орынға ие болған. Кездесуді «Отпан» кәсіпорны тарих бөлімінің меңгерушісі Жомарт Айдарбек  ашып, құсбегілік, саятшылық жөнінде қысқаша әңгімелеп, сөз кезегін қонаққа берді. 

Құсбегі саят құстарының қандай түрлері болатынын, оларды қалай ұстап, қалай қолға үйрету керектігін, жемдеу, түлекке отырғызу, аңға салу сияқты машықтарын қалай іске асыру керектігін айтып, таныстырып өтті. Кездесу соңынан құсбегі  үйреткен ителгісімен шырғаға түсіру, ұшырып қолға шақырып қондыру әдістерін көрсетті. Кездесу өте қызғылықты өтті. Қонаққа «Отпан» МКҚК қызметкері Құралай Ізімбергенова кәсіпорын атынан естелік сый тапсырды.
 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:06  Оқылған саны: 3742




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.

Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері  Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты. 

Аналарға арнап

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі

Жәрияланған уақыты: 14:40