«Атадан қалған асылды ардақтайық!»
Қараша айының 26-сы күні киелі Отпан таудың етегінде «Атадан қалған асылды ардақтайық!» атты ат спорты мен саятшылыққа арналған спорттық-танымдық көпшілік шара өткізілді. Шараға жақында Шымкент қаласында өткен А.Асқаров атындағы жарыстың қола жүлдегері «Адай Ата» командасы мен облыстық ат спорты мектебінің түлектері, Маңғыстау ауданы, Отпан ауылдық округы әкімшілігінің қызметкерлері, Таушық ауылы Шахта орта мектебінің, Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы орта т.б. мектептердің оқушылары, ат спорты мен саят өнерінің жанкүйерлері мен жанашырлары қатысты.
Шараны «Отпан» МКҚК-нің бөлім меңгерушісі, ат спортының, саят өнерінің жанашыры Жомарт Айдарбек жүргізіп, беташар сөзді Маңғыстау ауданының әкімінің орынбасары Ерболат Махмутов алып, ауданда өткізіліп жатқан түрлі көпшілік шараларға «Отпан» МКҚК да өз үлесін қосып жатқанын, бүгінгі өткізіліп жатқан шараның Елбасының биылғы «Нұрлы жол» жолдауын бүкілхалықтық қолдаумен үндес екенін, аудан орталығында осымен қатар бүгін үлкен мәдени шара өтіп жатқанын атап өтті.
«Отпан» МКҚК тарих бөлімінің меңгерушісі Данияр Аралбайұлы «Отпан» мекемесі құрылғаннан бері көптеген ұлтымыздың тарихи, рухани мәдениетін дамыту бағытында көптеген мәдени, танымдық, патриоттық көпшілік шаралар өткізіп келе жатқанын, соның бірі бүгінгі шара екенін атап өтті. Додаға көкпардан ҚР спорт шебері, облыстық ат спорты түрлері мектебінің жаттықтырушысы Кенжебеков Бақытжан төрелік етті. Көкпардан соң аударыспақ, теңге ілу түрлеріне кезек берілді.
Бұл ойындарға Түпқараған аудандық ат спорты түрлерінің бас жаттықтырушысы, республи-калық дәрежедегі жаттықтырушы Әлекен Бөлтеков төрелік етті. Көкпар тартысы жүріп жатқан кезде облыстық ат спорты мектебінің директоры, республикалық дәрежедегі жаттықтырушы Қанағат Сүйебаев оқушыларға көкпар ойынының тәртібі туралы айтып отырды. Саятшы, құсбегілер Өтеғалиеа Мереке және Есжанов Ертіс өздерінің бүркіті мен қаршығасын әкеліп, жиналған жұртшы-лыққа таныстырып, құсбегілік туралы айтып берді.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.